Новости

5–6 «А» сынып оқушыларымен мұражайға саяхат

04.05.2026 жылы 5–6 «А» сынып оқушыларымен мұражайға саяхат ұйымдастырылды. Саяхаттың мақсаты – 9 мамыр – Жеңіс күніне орай оқушыларды Ұлы Отан соғысы кезеңімен, батырлардың ерлік істерімен таныстыру, олардың тарихи танымын кеңейту және ой-өрісін дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар мұражай экспозицияларымен танысып, соғыс жылдарындағы тарихи деректер мен батырлардың ерлігі туралы құнды мәліметтер алды. Сонымен қатар, ел қорғаған қаһармандардың өмір жолы мен ерліктері жайлы әңгімелер тыңдап, өз ойларын ортаға салды.
Бұл танымдық саяхат оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етті.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg

https://www.instagram.com/p/DX8TlFOiryP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==