13.05.2026 ж. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 7 «А» және 8 «А» сынып оқушыларымен «Үнемді тұтыну: су, тамақ және энергияны пайдалану» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды табиғи ресурстарды тиімді әрі үнемді пайдалануға баулу, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру және күнделікті өмірде жауапты тұтыну дағдыларын дамыту.
Шара барысында оқушыларға су, электр энергиясы және азық-түлік ресурстарының маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар артық тұтынудың қоршаған ортаға тигізетін зияны, энергияны үнемдеу жолдары, суды тиімді пайдалану және тағам қалдықтарының алдын алу туралы ақпараттар берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, үнемділікке байланысты жағдаяттарды талқылап, сұрақ-жауап және топтық тапсырмалар арқылы белсенділік танытты.
Іс-шара соңында білім алушылар табиғи байлықтарды сақтау – әр адамның азаматтық міндеті екенін түсініп, үнемді тұтынудың маңыздылығы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Тәрбие сағаты оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілік сезімін арттыруға оң әсерін тигізді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/reel/DYRIVDrp_L2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==