Архив новостей Внекласные мероприятие Новости

«Досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтайын» тақырыбында тәрбие сағаты

16.05.2026 ж. демалыс тобымен «Досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтайын» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Өткізілген тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға достықтың маңызын түсіндіру, шынайы достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне сыйластықпен қарап, қолдау көрсете білуге тәрбиелеу болды.
Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Түрлі сұрақ-жауап, пікір алмасу және жағдаяттық тапсырмалар арқылы достықтың адам өміріндегі орны талқыланды. Оқушылар адал досқа тән қасиеттерді атап, өзара татулық, сенім және құрмет туралы пікірлерімен бөлісті.
Тәрбие сағаты оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып, ұйымшылдыққа, достықты бағалай білуге тәрбиелеуге өз үлесін қосты.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg