Ата-аналармен бірлескен жалпы жиналыс
19.05.2026 ж. Ата-аналармен және қамқоршылар кеңесінің бірлескен ЗУМ желісі арқылы жалпы жиналыс ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыстың мақсаты – оқу жылының қорытындысын шығару, ата-аналарды маңызды мәселелермен таныстыру және алдағы кезеңге ұсыныстар беру.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 2025–2026 оқу жылы жұмыстарының қорытындысы. Есептілік және қорытынды.
Баяндамашы: директордың м.а. О.К. Садвокасова.
Баяндама барысында оқу жылы ішінде атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалып, білім сапасы, тәрбие жұмыстары, жетістіктер мен алдағы міндеттер туралы ақпарат берілді.
2. «Жазғы демалыс қауіпсіздігі».
Баяндамашы:ДТІЖО Г.Д.Тастанбекова
Ата-аналарға жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік ережелерін сақтау, су айдындарындағы қауіпсіздік, интернет қауіпсіздігі және құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары түсіндірілді.
3. «Сүйіспеншілік – сыйластық кілті» (АПҚО).
Баяндамашы: А.М.Кенжебаева
Бұл тақырып аясында отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік, сыйластық пен мейірімді қарым-қатынастың маңызы кеңінен сөз етілді.
Жиналыс барысында ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтып, қойылған сұрақтарға жауап алды. Жалпы жиналыс мазмұнды әрі нәтижелі өтті.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/p/DYgsFZ0Ckgq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==



