Архив новостей Внекласные мероприятие

«Қыздар әлемі» байқауы

«№10 арнайы мектеп-интернаты» КММ

 

 

 

Тақырыбы: «Қыздар әлемі» байқауы

 

 

 

Өткізген: Ибраева М.Р.

 

 

 

2026 ж

 

Фанфары

Выход ведущих

1-жүргізуші:

Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын нәзік жандар.
Тағы да келіп жетті сайысымыз,
Жырлайтын қазағымның дәстүр-салтын.

Ұлтымыздың асыл мұрасы – салт-дәстүрі мен тәрбиесін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Қыздар әлемі» байқауына қош келдіңіздер!

«Қыз – ұлт болашағы» деп тегін айтпаған. Еліміздің ертеңі – бүгінгі ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Сондықтан халқымыз қыз тәрбиесіне ерекше мән берген.

Ендеше, бүгінгі сайыста бағын сынайтын аруларымыздың бойындағы нағыз қазақ қызына тән инабаттылық, әдептілік, өнер мен білімді бірге ұштастырған қасиеттерін тамашалайтын боламыз.

2-жүргізуші:

Добрый день, дорогие гости и участники!

Мы рады приветствовать вас на конкурсе «Мир девушек», который проводится с целью сохранения и популяризации национальных традиций, воспитания скромности, культуры и духовных ценностей.

Недаром говорят: «Девушка — будущее нации». Сегодняшние девочки — это будущие матери, хранительницы очага, воспитательницы нового поколения.

Сегодня наши участницы продемонстрируют свои таланты, ум, воспитанность и уважение к национальным традициям.

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

(Арулар ортаға шығады)

  1. 4А сынып оқушысы Нәсіпжан Дана
  2. 4Б сынып оқушысы Дорошенко Виктория
  3. 5Б сынып оқушысы Сатвальдиева Амина

4.6А сынып оқушысы Шмяткова Алина

5.7Б сынып оқушысы Пасечник Полина

6.7А сынып оқушысы Сәкен Айдана

  1. 9А сынып оқушысы Амангелді Назым
  2. 10Б сынып оқушысы Шаймерден Асылай
  3. 10Б сынып оқушысы Боқай Дильназ

                                                                          

                                                                          

 

САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ / ЭТАПЫ КОНКУРСА

 1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын байқау кезеңдерімен таныстырып өтейін.

Бүгінгі байқау 5 кезеңнен тұрады:

  1. Таныстыру- қатысушылар өз есімі, арманы мен қызығушылығы туралы айтып береді.
  2. Ұлттық сән- бұл кезеңде арулар ұлттық киімде шығып, оның мәні мен ерекшелігін таныстырады,сахна мәдениетін көрсетеді.
  3. Өнерім – өмірім — Қатысушылар өз өнерлерін ортаға салады: ән, би, өлең, қолөнер
  4. Ақылды ару –

2-жүргізуші:

Сегодня конкурс состоит из 5 этапов:

  1. Первый этап – «Презентация». Участницы расскажут о себе, своих мечтах и интересах.
  2. Второй этап – «Национальный образ» — девушки продемонстрируют национальные костюмы и расскажут об их значении,
  3. Третий этап «Мой талант – моя жизнь» — Участницы покажут свои таланты: пение, танец, стихотворение или рукоделие.
  4. Заключительный этап –

ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫМЕН ТАНЫСТЫРУ

1-жүргізуші:

Құрметті көрермендер!
Кез келген сайыстың әділ бағасын беретін — қазылар алқасы.

Бүгінгі «Қыздар әлемі» байқауына төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Қазылар алқасына шығармашылық табыс, әділ шешім тілейміз!

1-кезең: Таныстыру

1-жүргізуші:

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып. — деп байқаудың І кезеңін бастаймыз.

(Музыка қосылады)

Қатысушылар кезекпен шығады.

  1. 4А сынып оқушысы Нәсіпжан Дана
  2. 4Б сынып оқушысы Дорошенко Виктория
  3. 5Б сынып оқушысы Сатвальдиева Амина

4.6А сынып оқушысы Шмяткова Алина

5.7А сынып оқушысы Әділбек Анель

6.8Б сынып оқушысы Ауезхан Аружан

  1. 10Б сынып оқушысы Шаймерден Асылай
  2. 10Б сынып оқушысы Боқай Дильназ

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз.

2-кезең: Ұлттық сән

2-жүргізуші:
Во втором этапе девушки продемонстрируют национальные костюмы и расскажут об их значении. Каждый элемент одежды — это не просто украшение, это история нашего народа, его эстетика и философия.

(Музыка қосылады)

Қатысушылар кезекпен шығады.

3-кезең: Өнерім – өмірім

1-жүргізуші:

Өнерпаз болсаң, өр бол – дейді халқымыз. Аруларымыздың бойында тек ибалық қана емес, сонымен қатар мың бұралған би, күміс көмей ән, жан тербетер жыр да бар. Ендеше, байқауымыздың ең жарқын кезеңі «Өнерім – өмірім» сайысына кезек берейік!

2-жүргізуші:
Творчество — это зеркало души. Сейчас наши участницы раскроют свои сердца и покажут всё, на что они способны. Встречайте их бурными аплодисментами!

(Қатысушылардың өнерлері: ән, би, қолөнер бұйымдарын көрсету)

Бірінші болып өнер көрсететін…

  1. 4А сынып оқушысы Нәсіпжан Дана
  2. 4Б сынып оқушысы Дорошенко Виктория
  3. 5Б сынып оқушысы Сатвальдиева Амина

4.6А сынып оқушысы Шмяткова Алина

5.7А сынып оқушысы Әділбек Анель

6.8Б сынып оқушысы Ауезхан Аружан

  1. 10Б сынып оқушысы Шаймерден Асылай
  2. 10Б сынып оқушысы Боқай Дильназ

 

4-кезең: Ақылды ару

Фонда қазақи музыка ойнап тұрады

1-жүргізуші:

«Шеше көрген тон пішер» деп халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу, ою ойып, өрнек, кесте тоқуды ,құрақ құрауды үйрете бастаған.Олай болса бүгін біз құрақ құрап жарысатын боламыз.

  • Тапсырма: Қатысушыларға алдын ала қиылған түрлі-түсті мата қиындыларын (немесе қатырғы қағаздан жасалған фигураларды) және желімді беруге болады.
  • Мақсаты: Белгіленген уақыт ішінде (мысалы, 3 минут) олар бір-біріне үйлесетін ою-өрнек немесе құрақ композициясын құрастыруы тиіс.
  • Бағалау: Әділ қазылар құрақтың түстерінің үйлесімділігін, жұмыстың ұқыптылығын және қыздың жұмыс кезіндегі ептілігін бағалайды.

2-жүргізуші:

Сегодня наши участницы продемонстрируют нам свои умения в старинном и символичном искусстве «Құрақ құрау» — лоскутном шитье. Давайте увидим, насколько ловки и искусны руки наших красавиц!

Участницам выдаются заранее заготовленные лоскутки разноцветной ткани (или фигуры, вырезанные из цветного картона) и клей.

За 5 минут девочки должны собрать гармоничную композицию — национальный узор или мозаику «курак» (лоскутное шитье).

Члены жюри оценивают:

  • Сочетание цветов в готовой композиции;
  • Аккуратность выполнения работы;
  • Ловкость и мастерство участницы во время творческого процесса.

Дорогие участницы, сейчас вам предстоит продемонстрировать не только свои знания, но и мастерство ваших рук. Перед вами лежат заготовки для создания «курак». Ваша задача — за 5 минут собрать из этих кусочков единый, красивый узор.

Жюри будет внимательно следить за тем, насколько аккуратно вы работаете и как гармонично сочетаете цвета. Желаем всем вдохновения! Приступайте!

Қорытынды бөлім / Награждение

1-жүргізуші: Құрметті халайық! Барлық кезең артта қалды. Аруларымыз өз өнерлерін ортаға салды. Ендігі кезек — әділ қазылар алқасында. Олар жеңімпаздарды анықтағанша, сахна төрінде мектебіміздің өнерпаздарын қарсы алыңыздар!

Джентельмен биі

2-жүргізуші: Слово предоставляется председателю жюри для объявления результатов и награждения наших замечательных участниц.

1-жүргізуші: Осымен «Қыздар әлемі» байқауы аяқталды. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! Көктемнің шуақты күндері жүректеріңізге жылулық сыйласын!