21.05.2026 ж. жоғары сынып оқушылары арасында армрестлинг бойынша жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың негізгі мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, күш-жігерін шыңдау және достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептіліктері мен күштерін көрсетіп, белсенділік танытты. Әр сыныптан қатысқан оқушылар жарыс ережесін сақтай отырып, әділ бақ сынасты. Ойын тартысты әрі қызықты өтті.
Іс-шара соңында үздік өнер көрсеткен оқушылар анықталып, марапатталды. Жарыс оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, спортқа деген қызығушылықтарын арттыра түсті.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/p/DYl-OwliiJl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==