Архив новостей Новости

25.05.2026 ж.«Соңғы қоңырау» мерекелік желісі аясында «Білімім – Отаныма!» атты салтанатты мерекелік шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – 2025–2026 оқу жылын қорытындылау, түлектерге ақ жол тілеу, оқушылардың білімге деген құрметін арттыру және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру болды.
Мерекелік шара барысында мектеп директоры, ұстаздар мен ата-аналар құттықтау сөз сөйлеп, оқу жылы бойынша жетістікке жеткен оқушылар марапатталды. Түлектер өздерінің жүрекжарды алғыстарын білдіріп, мектеппен қоштасу сәттерін әсерлі түрде жеткізді. Сонымен қатар, ән-шашу, көркем сөздер мен би биленіп, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
«Соңғы қоңырау» салтанаты оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мектеп өміріндегі ұмытылмас естелікке айналды.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg

https://www.instagram.com/reel/DYwGs5sp1cD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==