Архив новостей Внекласные мероприятие Новости

«Білімім – Отаныма!» атты бірыңғай сынып сағаты

25.05.2026 ж. сынып тәрбиешілері «Білімім – Отаныма!» атты бірыңғай сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында оқушылар білімнің адам өміріндегі маңызы, ел дамуына қосар үлесі туралы ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, танымдық сұрақ-жауаптар, тәрбиелік әңгімелер ұйымдастырылып, оқушылар Отан, білім және болашақ тақырыптарында өлеңдер оқып, шығармашылық жұмыстарын ұсынды,жазғы қауіпсіздік туралы ескертулер айтылды.
Сынып сағаты оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың білімге ұмтылысын арттырып, туған елге деген құрмет сезімін нығайтты.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg

https://www.instagram.com/p/DYwJVTkis85/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==