Архив новостей Новости

Балаларды қорғау күніне орай мектеп педагогтары оқушыларға арналған жүрекжарды құттықтаулары

Балаларды қорғау күніне орай мектеп педагогтары оқушыларға арналған жүрекжарды құттықтауларын жолдап, өздерінің жылы лебіздері мен ақ тілектерін білдірді.

Педагогтар балаларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ, білім мен өнерде табыс, жарқын болашақ тіледі. Олар әрбір баланың арманы орындалып, еліміздің білімді, тәрбиелі және саналы азаматы болып өсуіне сенім білдірді.

Бұл игі шараның мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңыздылығын насихаттау, сондай-ақ әр баланың қоғам үшін ерекше құндылық екенін көрсету болды.

Балалар – біздің ең қымбат қазынамыз, еліміздің жарқын болашағы. Сондықтан олардың бақытты, қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
#балаларқорғаукүні

https://www.instagram.com/reel/DZCIRfRJz-i/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==