Архив новостей Итоговое заседание РЦ Новости

Ресурстық орталықтың қызметі мәселелері бойынша онлайн форматта қорытынды кеңес

2026 жылғы 22 мамырда инклюзивті білім беруді қолдау және дамыту жөніндегі Ресурстық орталықтың қызметі мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен онлайн форматта қорытынды кеңес өткізілді.

Кездесу барысында 2025–2026 оқу жылындағы жұмыс қорытындылары шығарылып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім беру үшін жағдай жасау бағытындағы мектептер мен №10 арнайы мектеп-интернатының өзара ынтымақтастығының нәтижелері қарастырылды, сондай-ақ инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және білім беру ұйымдары арасында тиімді тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша жаңа оқу жылына арналған Ресурстық орталық жұмысының негізгі бағыттары айқындалды.