Архив новостей Новости

1 қыркүйек мектебімізде Білім күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты салтанатты жиын өтті

  • 📚🇰🇿 БІЛІМ КҮНІ – ЖАҢА ҮМІТ ПЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРДІҢ БАСТАУЫ!

    Бүгін 1 қыркүйек мектебімізде Білім күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты салтанатты жиын өтті.

    Салтанатты жиында білім алушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, еліміздің Ата Заңының маңызы, азаматтық жауапкершілік, адалдық пен білімді ұрпақ тәрбиелеудің құндылықтары кеңінен насихатталды.

    Жаңа оқу жылы барша ұстаздар мен білім алушыларға толағай табыс, шығармашылық жетістіктер және жарқын жеңістер әкелсін! ✨📖

    Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!

    #umckrg #ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы #адалазамат #oqu_agartu_ministrligi #біртұтас_тәрбие

    https://www.instagram.com/reel/Dcv5mopK8eS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==