Білім сағаты өткізілді
Мектеп тәрбиешілері білім алушылармен «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында Білім сағатын өткізді.
Білім сағатының негізгі мақсаты – білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы түсінік беру, Ата Заңның ел өміріндегі маңызын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.
Іс-шара барысында білім алушыларға Конституцияның негізгі қағидалары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң мен тәртіпті сақтау, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сонымен қатар «Адал азамат» ұғымының мәні ашылып, адалдық, әділдік, жауапкершілік, отаншылдық және қоғамға пайдалы болу құндылықтарына ерекше назар аударылды.
Білім алушылар тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерін ортаға салды, күнделікті өмірдегі құқықтары мен міндеттеріне қатысты мысалдар келтірді.
Іс-шара соңында білім алушылар Конституцияны құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті, ал заңды сақтау мен жауапкершілік таныту – адал азаматтың басты қасиеттерінің бірі екендігі туралы қорытынды
https://www.instagram.com/reel/DcwA-j1TOKu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==