Архив новостей Внекласные мероприятие Новости

«Конституция және мен» тақырыбында тәрбие сағаты

«Конституция және мен» тақырыбында тәрбие сағаты.
02.09.2026ж. оқушылармен «Конституция және мен» тақырыбында тағылымды тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы, оның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар Ата Заңымыздың маңызы мен қоғамдағы рөлі туралы түсініктерін кеңейтіп, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері жөніндегі білімдерін толықтырды. Оқушыларға Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар тәрбие сағаты барысында Отанды сүю, туған жерді құрметтеу, заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттеріне жауапкершілікпен қарау жөнінде мазмұнды әңгіме жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, Конституцияның күнделікті өмірдегі маңызы туралы пікірлерімен бөлісті.
Тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, елжандылыққа және заңды құрметтеуге бағытталды.
Іс-шара соңында оқушылар өз құқықтарын білу және өз міндеттерін жауапкершілікпен орындау – әр азаматтың парызы екенін түсінді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg

https://www.instagram.com/reel/DcyC_WFJeAU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=NTc4MTIwNjQ2YQ==