02.09.2026 ж. 7 «А» сыныбында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және жазғы демалыс кезіндегі оқу белсенділігін насихаттау мақсатында «Менің жазда оқыған қызықты кітаптарым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар жазғы демалыс кезінде оқыған кітаптары туралы өз ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, оқушы Қайрат Дамир жаз мезгілінде оқыған кітаптары жайлы мағлұмат беріп, олардың мазмұны мен өзіне ұнаған тұстары туралы айтып өтті. Оқушы кітап оқу арқылы алған әсерлерімен бөлісіп, кейіпкерлердің іс-әрекеттері жөнінде өз пікірін білдірді.
Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет арқылы сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру, өз ойын жүйелі әрі еркін жеткізе білуге және оқыған шығармасы бойынша пікір білдіруге баулу.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/reel/DcyKwCvJH0J/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=NTc4MTIwNjQ2YQ==