Архив новостей Внекласные мероприятие

1 «А» және 1 «Б» сыныптарында Отбасы күніне арналған тәрбие сағаты

14.09.2026 ж. 1 «А» және 1 «Б» сыныптарында Отбасы күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін қалыптастыру, өзара қамқорлық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар «Отбасы» тақырыбымен танысып, отбасы мүшелері туралы түсініктерін кеңейтті. Көрнекі суреттерді пайдалана отырып, отбасы мүшелерін танып, оларды сәйкестендіру, ажырату және атау бойынша түрлі тапсырмалар орындады. Сонымен қатар оқушылар өз отбасылары туралы әңгімелеп, отбасы мүшелерінің бір-біріне қамқорлық жасап, қолдау көрсететінін түсінді.
Оқушылар тәрбие сағатына белсенді әрі қызығушылықпен қатысты. Тапсырмаларды орындау барысында олардың танымдық белсенділігі, сөйлеу дағдылары және өз ойын жеткізу қабілеттері дамыды.
Тәрбие сағаты соңында оқушылар отбасы – мейірім, сүйіспеншілік, қамқорлық пен қолдауға толы ең жақын орта екенін түсініп, отбасы мүшелерін құрметтеу және бағалау қажеттігін ұғынды.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg

https://www.instagram.com/reel/DdQZGl6pLxn/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=NTc4MTIwNjQ2YQ==