Новости

«Мен мамандықтар әлемінде»

Тәрбие жұмысының жоспары бойынша 5 «Б» сыныбында «Мен мамандықтар әлемінде» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Өткізген педагог: Акторгаева Г.Ж Балалар мамандық түрлері туралы түсініктерін кеңейтіп, мамандық иелері және олардың құралдарымен танысты. Балалар ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттырды. Тәрбие сағаты барысында мамандықтар әлеміне саяхатқа бару мақсатында «Кім жылдам?», «Қай мамандық иесінің заты?», «Мен кіммін?», «Мамандық иелерінің қима суреттерін жылдам құрастыру», «Сөйлеп тұрған кім?» атты қызықты ойындар ойнады. «Мамандықтарға байланысты бейнероликті тыңдап жұмбақтарды шешіп, «Мамандығым мақтаным» әнін қосылып айтты. Өз ойларын толық жеткізе білуге,еңбекке құштарлықтарын оятып,үлкендердің еңбегін бағалай білуге үйренді.