18.09.2026ж.Кітапхана активімен бірлесе отырып, «Кітап оқитын мектеп» марафонына атсалысу қажеттігі түсіндірілді. Мектеп оқушылары кітапханашымен және ұстаздармен бірге кітап оқуды жалғастырып, оқыған шығармаларын сыныптастарымен талдап, ой бөлісу арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге дағдылануы керектігі айтылды.
Кітапхана активінің белсенді мүшесі, орыс тілі пәнінің мұғалімі Ирина Валерьевна оқушылардың көпшілік ортада тапқыр да ұтымды жауап беріп, өзінің мәдениеттілігін көрсете білуіне кітап оқудың тигізер әсері зор екенін түсіндірді.
Кітапханашы «Кітап оқитын мектеп» / «Читающая школа» кітап көрмесімен таныстырып, мектеп оқулықтарынан да үзінділер оқуға болатынына назар аудартты. Сонымен қатар үлкен үзілісте информатика кабинетіндегі компьютерлерден немесе телефондардан қажетті кітаптарды таңдап оқуға мүмкіндік бар екені ескертілді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
https://www.instagram.com/p/DdbLWqzivgk/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==