Архив новостей Внекласные мероприятие

3 «А» сыныбында «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сынып сағаты

Жоспарға сәйкес 3 «А» сыныбында «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты: білім алушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар әрбір еңбектің артында түрлі мамандық иелерінің маңдай тері мен еңбегі жатқанын түсіндіру, мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту.
Сынып сағаты барысында білім алушылар еңбек, еңбекқорлық және жауапкершілік туралы өз ойларын ортаға салды. Әртүрлі мамандық иелерімен танысып, олардың қоғамдағы атқаратын қызметінің маңызын түсінді.
Білім алушылар мамандықтарға байланысты түрлі қызықты тапсырмалар орындап, өз білімдері мен түсініктерін көрсетті. Суреттермен жұмыс жасап, мамандықтарды ажыратты, олардың атқаратын қызметтері туралы әңгімеледі.
Сынып сағаты барысында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылығына ерекше мән беріліп, білім алушыларды еңбекті құрметтеуге, бастаған ісін жауапкершілікпен орындауға және әр мамандықтың қоғам үшін маңызды екенін түсінуге тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді.
Сынып сағаты қызықты әрі мазмұнды өтіп, білім алушылар белсенділік танытты.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg