29 қыркүйек 2026 жылы «Алкогольдің, темекінің және есірткінің жас ағзаға әсері» тақырыбында ақпараттық дәріс және түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Кездесуге 7–10 сынып оқушылары қатысып, мектеп дәрігері Клюнников С.В. жасөспірімдердің денсаулығына зиянды әдеттердің кері әсері туралы маңызды ақпарат берді.
Кездесу барысында:
🔹 темекі өнімдерінің адам ағзасына әсері;
🔹 алкогольдік ішімдіктердің денсаулыққа зияны;
🔹 есірткі заттарын қолданудың қауіпті салдары;
🔹 зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
🔹 өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері талқыланды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан пайдалы кеңестер алды.
Осындай кездесулердің басты мақсаты — жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау.
#СалауаттыӨмірСалты
#ЗияндыӘдеттердіңАлдынАлу
#ЖасөспірімДенсаулығы
#Денсаулық
#АдалАзамат
https://www.instagram.com/p/Dd3lya4is08/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==