ТУҒАН КҮН – ҚУАНЫШ ПЕН ДОСТЫҚ МЕРЕКЕСІ! 🎂
2026 жылдың 30 қыркүйегінде «№10 арнайы мектеп-интернатында» қыркүйек айында туған балалардың туған күндеріне арналған көңілді кеш ұйымдастырылды. 🥳
🎯 Мақсаты: қыркүйек айында дүниеге келген балалардың туған күндерін атап өту, достарының жылы лебіздері мен сазды сәлемдерін жеткізу. Туған күн иелерінің қуанышын бірге бөлісуге, достыққа, бірлікке және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
✨ Кеш барысында балалар ән айтып, көңілді ойындар мен қызықты сайыстарға қатысып, бір-біріне жылы тілектерін білдірді. Көтеріңкі көңіл күй мен қуанышқа толы әсерлі сәттер көп болды! 💐
🎂 Туған күн иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге бақыт, әр күндеріңізге қуаныш тілейміз!
#ТуғанКүн #oqu_agartu_ministrligi #біртұтас_тәрбие #umckrg #адалазамат
https://www.instagram.com/reel/Dd6oH1JKYKu/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==