«Ұстаз – ұлт шамшырағы»
Мектебімізде Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлт шамшырағы» атты мерекелік іс-шара жоғары көңіл-күймен аталып өтті. 💐
Мерекелік шараға мектеп педагогтерімен қатар, ардагер ұстаздарымыз да арнайы шақырылып, төрден орын алды. 🌸
Тәрбиешілер бірлестігі ұйымдастырған мерекелік бағдарлама барысында түрлі қызықты ойындар, әзіл-сықақ көріністер, музыкалық сәлемдемелер ұсынылып, ұстаздарға арналған ерекше номинациялар бойынша марапаттар табысталды. 🏆🎶
Кеш соңында барша ұстаздар бірге «Ұстазым» әнін орындап, мерекелік шараны көтеріңкі көңіл-күймен қорытындылады. ❤️
Ұстаз – шәкірт жүрегіне жол көрсетіп, білім мен тәрбие арқылы болашаққа бағыт беретін ұлы тұлға.
💐 Құрметті ұстаздар! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Мерекелеріңіз құтты болсын!
#ҰстаздарКүні #ҰстазҰлтШамшырағы #біртұтас_тәрбие #адалазамат #oqu_agartu_ministrligi
https://www.instagram.com/reel/DeJs1evqxp8/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=NTc4MTIwNjQ2YQ==