📱 «Қоғам және әлеуметтік желі. Кибербуллинг салдары»
07.10.2026 ж. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 8 «А» және 9 «А» сынып оқушыларымен «Қоғам және әлеуметтік желі. Кибербуллинг салдары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
🎯 Мақсаты: оқушыларға әлеуметтік желілерді қауіпсіз әрі әдепті қолдану мәдениетін қалыптастыру, кибербуллинг ұғымын қарапайым мысалдар арқылы түсіндіру, интернеттегі қауіпсіз және қауіпті әрекеттерді ажыратуға үйрету.
Сабақ барысында оқушылар:
🔹 суреттер бойынша дұрыс таңдау жасады;
🔹 дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажыратты;
🔹 жеке мәліметтерді қорғау жолдарын талқылады;
🔹 жағымсыз жағдайларға тап болған кезде ересек адамнан көмек сұраудың маңызын түсінді.
Тәрбие сағаты барысында оқушылардың зейінін, есте сақтау, салыстыру және дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалды.
🌐 Қауіпсіз интернет – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!
#АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Кибербуллинг #oqu_agartu_ministrligi #umckrg
https://www.instagram.com/reel/DeMpNB_zcHU/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=NTc4MTIwNjQ2YQ==