Архив новостей Спортивные мероприятия

Мектебімізде 5–10-сынып оқушылары арасында шағын футболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды.

2026 жылғы 16 қазанда мектебімізде 5–10-сынып оқушылары арасында шағын футболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылығын дамыту және командалық бірлікке тәрбиелеу.
Жарыс барысында оқушылар өздерінің шапшаңдығын, ептілігін, төзімділігін және командалық ойын дағдыларын көрсетті. Қатысушылар ойын ережелерін сақтап, өзара қолдау білдіріп, жеңіске деген жігерлерін танытты.
Осындай спорттық іс-шаралар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/p/DejXAOXCrdb/?utm_source=ig_web_copy_link&dlrf=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==