Жоғарғы сынып оқушыларына “Мамандық таңдау” тренингі өткізілді.
Іс-шара барысында білім алушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағытталған психологиялық жаттығулар мен тапсырмалар орындалды. Сонымен қатар, мамандық таңдауда жеке қабілеттерді, қызығушылықтарды, тұлғалық ерекшеліктерді және еңбек нарығының сұранысын ескеру қажеттілігі айтылды.
Білім алушылар өздерінің болашақ мамандықтары туралы ойларымен бөлісіп, кәсіби мақсаттарын айқындауға мүмкіндік алды.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/p/Deq41RsChyR/?utm_source=ig_web_copy_link&mdxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==