«СЕНІМ ЖӘШІГІ» – СІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗ БЕН ҚОЛДАУЫҢЫЗ!
2026 жылдың 19 қазанында мектебімізде білім алушыларға арналған «Сенім жәшігін» ашу салтанаты өтті.
Шара барысында мектептің педагог-психологы мен әлеуметтік педагогі оқушыларға сенім жәшігінің басты мақсаты, оның маңыздылығы және ақпараттың толық анонимділігі (құпиялылығы) туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сенім жәшігіне қандай мәселелер бойынша хат жазуға болады?
• Психологиялық қиындықтар мен мазасыздықтар;
• Буллинг немесе құрдастар арасындағы түсініспеушіліктер;
• Отбасылық немесе жеке бастың мәселелері;
• Өздігінен шешуге қиындық тудырған кез келген сурақтар.
Есіңде болсын, сен жалғыз емессің! Жолданған әрбір хат құпия түрде қарастырылып, саған тиісті көмек пен қолдау көрсетіледі.
#СенімЖәшігі #МектепОқыту #ПсихологиялықҚолдау #ҚауіпсізМектеп #АдалАзамат
https://www.instagram.com/p/DerQQ7bioSv/?utm_source=ig_web_copy_link&psln=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==