«АШЫҚ ЖҮРЕК КҮНІ» – МЕЙІРІМ МЕН ҚАМҚОРЛЫҚ МЕРЕКЕСІ
2026 жылғы 19 қазанда мектебімізде Ерекше жандар мен қамқоршылар күніне орай «Ашық жүрек күні» атты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мерекенің басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, олардың көңіл күйін көтеру, мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарын дәріптеу, әр балаға ерекше көңіл бөлу.
Мерекелік бағдарлама аясында балаларға арналған «Қуыршақ» қойылымы көрсетіліп, қызықты спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Балалар ойындарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін көрсетті.
Сонымен қатар балаларға мерекелік сыйлықтар мен тәттілер таратылып, оларға ерекше қуаныш пен жағымды әсер сыйланды.
Іс-шара барысында мейірімділік, жанашырлық, өзара қолдау және қамқорлық сияқты адамгершілік құндылықтарға ерекше мән берілді. Әр баланың жүзінен күлкі көріп, жүрегіне жылулық сыйлау – мерекенің басты жетістігі болды.
Ашық жүрек – мейірімнің бастауы! Жүректерге жылу сыйлап, балаларға қуаныш сыйлайық!
#АшықЖүрекКүні #Мейірімділік #Қамқорлық #БақыттыБалалықШақ #адалазамат
https://www.instagram.com/reel/Deriy1KJYd6/?utm_source=ig_web_copy_link&psln=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==