Архив новостей Государственные символы

Республика күніне орай «Республикам – мақтанышым!» атты салтанатты саптық жиын

«РЕСПУБЛИКАМ – МАҚТАНЫШЫМ!»

✨ Мектебімізде Республика күніне орай «Республикам – мақтанышым!» атты салтанатты саптық жиын өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

🎤 Саптық жиын барысында оқушылар Отанға арналған әндерін шырқап, әсем билерін биледі. Сонымен қатар, туған елге, кең байтақ Қазақстанға және сүйікті Республикамызға арналған өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды.

🌟 Ән мен жырға толы мерекелік жиын оқушылардың бойында патриоттық рухты көтеріп, туған еліне деген мақтаныш сезімін нығайтты.
Республикам – мақтанышым, Қазақстаным – мақтаным! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

#РеспубликамМақтанышым #РеспубликаКүні #біртұтас_тәрбие #адалазамат #oqu_agartu_ministrligi
https://www.instagram.com/reel/DeufsDtq9t4/?utm_source=ig_web_copy_link&cplk=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==