Архив новостей

2026 жылғы 22 қазанда мектебіміздегі Ата-аналарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Балаға қолдау көрсету – ата-ананың басты міндеті» тақырыбында кезекті кездесу өткізілді.

2026 жылғы 22 қазанда мектебіміздегі Ата-аналарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Балаға қолдау көрсету – ата-ананың басты міндеті» тақырыбында кезекті кездесу өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасындағы жағымды қарым-қатынасты нығайту және баланың эмоционалдық қажеттіліктерін түсінуге көмектесу.
Кездесу барысында балаға ата-ананың қолдауы мен түсіністігінің маңыздылығы, баланың жеке ерекшеліктерін ескеру, оның бойында сенімділік қалыптастыру және отбасында қолайлы психологиялық ахуал орнату мәселелері талқыланды.
Ата-аналар өзара пікір алмасып, бала тәрбиесінде кездесетін мәселелер бойынша ой бөлісті. Кездесу соңында балаға мейірім мен қамқорлық таныту, оны тыңдай білу және әрдайым қолдау көрсету – ата-ананың басты міндеттерінің бірі екені атап өтілді.
Балаға берілген ең үлкен қолдау – оны түсіну, тыңдау және оған сенім арту!
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/reel/De0zkl-psJC/?utm_source=ig_web_copy_link&mdxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==