Іс-шараға 100 адам қатысты.
Мақсаты: Тәрбиешілерге көмектесу, өз қол жеткізу педагогикалық ғылым мен озық педагогикалық тәжірибені шығармашылықпен, идеяларын оқу-тәрбие процесін еңгізу. Жас маманның қажеттілігін үздіксіз қалыптастыруды жалғастыру, жаңа түрлерімен меңгеру, әдіс-тәсілдерімен оқыту және тәрбиелеу, үйрету.Шығармашылық жұмысының жеке стилін; кәсіптік бастауыш педагог нақты білімді және іскерлікті қолдану теориясын практикада қалыптастыру.
№ 10 арнайы мектеп-интернатында 16- қыркүйек күні «Жаңа форматтағы тәрбие сағаттарын ұйымдастыру» тақырыбында мектебімізге жаңа келген тәрбиешілер мен жас мамандар арасында тәжірибеге негізделген коучинг отырысы жүргізілді. Сабақтың барысын тәрбиешілер бірлестігінің жетекшісі:Тастанбекова Г.Д. шебер ұйымдастырып,жүргізді.Жалпы сабақ түрі «Коучинг»формасында өткізілді. Коучинг барысында «Тәрбие дегеніміз не?, тәрбие сағаттарының түрлері,формалары,жүргізілетін бағыттары» жайлы сұрақтарға жауап беріліп,ойлар ортаға салынып,талқыланды және қорытындыланды. Жаңа форматта тәрбие сағаттарын дұрыс ұйымдастыру жайлы қатысушы тәрбиешілер: Есенгелді Ж,Қабыл Л.Қ,Нурабекова А.С, Кудышева Г.Б, Адамбек Б,Абильдина А.И. 3- топқа бөліну арқылы: «Кіріспе бөлім(ұйымдастыру кезеңі)», «Негізгі бөлім» және «Қорытынды бөлім» менталды карта арқылы өздері тәрбие сағаттарында қолданатын тәжірибелерімен,заманауи әдіс-тәсілдерімен бөлісті.Тәрбиешілер мен жас мамандар белсене қатысып, өз араларында пікір алмасты. Бір- біріне сұрақ қойып, көптеген тәрбие берудегі мәселелерді ортаға салды және нақты білім беруді,жүзеге асыру тәжірибесін ұштастыра білді.

