Центр педагогической поддержки родителей. (ЦППР)

Бекітемін:
Мектеп директоры
_________________
м.а.О.К.Садвокасова
« »_____ 2025 жыл

«Отбасы – бақыт бесігі»
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

Бекітемін:
Мектеп директоры
_________________
м.а.О.К.Садвокасова
« »_____ 2025 жыл

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

Әлеуметтік экономикалық жағдайлардың күрделілігіне қарамастан, отбасы балаларды әлеуметтендірудің негізгі институты болып қала береді. Ата-аналардың қазіргі әлеуметтік- экономикалық шындыққа қаншалық бейімделе алатынынан және позитивті ата-ана болу құзыретін қаншалық дамыта алатынынан біздің мемлекетіміздің балалары мен жастарының толыққанды дамуы мен жалпы әл-ауқаты қамтамасыз етілетін болады.
Позитивті ата-ана мәдениетін дамыту республиканың білім беру ұйымдарының педагогтарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылуы мүмкін. Позитивті ата-ана мәдениетінің мәні – баланың терең түсінігінде, оның қажеттіліктерін, тілектерін, белгілі бір мінез-құлықтың себептерін, жеке тұлғаның толыққанды дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауда.
Позитивті ата-ана – достық қарым-қатынасқа негізделген ата-ана стилі, бала мен ересек адамның қолдауы, өзара ынтымақтастығы. Мұндай тәсілдің нәтижесі – орталықтың мақсаттары мен міндеттерінде көрініс табатын біздің қоғамның басты байлығы ретінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету.
Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының міндеттері:
1)балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
2)білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс- қимылды нығайту;
3)отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыру.
Бұл ретте баланың әл-ауқаты оның физикалық және психикалық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы білім берумен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздігімен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсері кезінде қалыптасқан жағдай ретінде қарастырылады.

Орталық қызметінің принциптері:
●Ұлттық мәдениет, құндылықтар мен дәстүрлердің сабақтастығы;
●Үдерістің гуманистік бағыттылығы;
●Ата-аналарға дифференциалды және жекелей қолдау көрсету;
●Заманауи ғылым мен тәжірибенің озық үлгілерін пайдалану;
●Әлеуметтік серіктестікке басымдық беру, ресурстық ұйымдар мен білікті сарапшыларды
тарту.
Орталықтың қызметі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және балалардың басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Бүгінгі таңда әр отбасына өз әлеуетін ашуға көмектесу, ата-аналардың алдында тұрған мәселелерді шешуге жәрдем беру маңызды. Бұл жағдайда келесі факторларды ескеру қажет:
1.Әр отбасының мықты жақтары мен маңызды практикалық дағдылары бар.
2.Ауызбіршілігі күшті отбасы кез келген қиындыққа төзімді болады.
3.Тіпті қиын кезде де ата-аналардың көпшілігі балаларын жақсы көреді және оларға қамқорлық жасайды.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау Орталығының бағдарламалары балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналық міндеттерді орындауды жеңілдетуге, ата-аналар мен балалардың нақты өмірде кездесетін мәселелерін шешуге ықпал етуге арналған. Тыңдаушыларына отбасының әлеуетін ашуға арналған идеялар мен құралдар, сондай-ақ балалармен табысты қарым-қатынас жасау, жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы орта құру тәсілдері ұсынылады.
Қатысушы ата-аналар балалардың мінез-құлқының қалай өзгертетінін біледі, баланың мінез- құлқындағы қажетті өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін әдістерді үйренеді. Ата-аналар балаларымен қарым-қатынастың экологиялық таза тәсілдерін меңгереді, бір-бірін тыңдау және есту қабілетін дамытады, балалардың өздерін қауіпсіз сезінуіне көмектесетін шектеулерді қалай қою керектігін түсінеді, отбасындағы қарым-қатынасқа жаңа көзқараспен қарайды.
Орталықтың тақырыптарымен танысу бойынша болатын кездесулер және ата-аналардан алынатын сауалнама ата-аналары үшін жүргізіледі.
Әр бағдарлама жылына сегіз сабақты қамтиды, олардың екеуі үшеуі мектептің өзіне қатысты мәселелер мен тақырыптар бойынша өткізілуі мүмкін.
Орталықтың сабақтары кестеге сәйкес, әр түрлі формаларды қолдана отырып, жеке өткізіледі.

№ Тақырыбы Мерзімі Жауапты
1 Отбасы – бақыт бесігі
Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты адам тәрбиелеу. Қыркүйек Искакова З.Б.
Абжанова Н.А
2 «Балаға қолдау көрсету ата-ананың басты міндеті». Қазан Искакова З.Б.
Абжанова Н.А
Қали М.Т.
Динасилова М.Е.
Төлеген П.К
2 «Бала тәрбиесіндегі ата -ананың рөлі»
Қараша Искакова З.Б.
Абжанова Н.А Кенжебаева А.М
Рафикова
Төлеген П.К
3 «Жылы қарым- қатынас бала дамуының негізі» Желтоқсан Искакова З.Б.
Абжанова Н.А
Танишева. Д. А.
Қабыл.Л.
Төлеген П.К
4 «Баланың эмоцияасын түсіну және басқаруға көмектесу» Қаңтар Искакова З.Б.
Абжанова Н.А
Сыздыкова Э .Т
Абильдина А.И.
Төлеген П.К
5 «Отбасылық үйлесімділік кілті — сенімді қарым – қатынас» Ақпан Искакова З.Б.
Абжанова Н.А.
Кайпышова Г.А.
Турысбек Г
Төлеген П.К
6 «Отбасындағы дәстүр — бала тәрбиесінің негізі» Наурыз Искакова З.Б.
Абжанова Н.А
Адамбек.Б.С.
Нурабекова Ә.С.
Төлеген П.К
7 Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің міндеті Сәуір Искакова З.Б.
Абжанова Н.А
Акторгаева Г.Ж.
Ауельбекова Р.К.
Төлеген П.К
8 Бақытты отбасы болудың құпиялары Мамыр Искакова З.Б.
Абжанова Н.А
Садыкова К.С
Рахымжанова К.С.
Төлеген П.К

Қарағанды обылысы, Балқаш қаласы «№ 10 арнайы мектеп-интернатты КММ»

«Отбасы – бақыт бесігі»

Оқыған: Искакова З. Б.
Абжанова Н.А

Зере: Қайырлы күн !
Бүгінгі жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!
Біздің бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы – «Отбасы – бақыт бесігі».
Отбасы – әр баланың алғашқы тәрбие ортасы, ең жақын адамдары мен сүйікті мекені. Бала ең алдымен мейірімділікті, сыйластықты, жауапкершілікті және қамқорлықты отбасынан үйренеді. Сондықтан баланың тәрбиесі мен дамуы үшін мектеп пен отбасының бірлігі өте маңызды.
Нургул: Уважаемые родители, добрый день!
Рады приветствовать вас на нашем общем школьном родительском собрании!
Тема нашей сегодняшней встречи — « Семья-колыбель счастья».
Семья — это первая среда воспитания каждого ребёнка, его самые близкие люди и место, где он чувствует любовь и поддержку. Именно в семье ребёнок впервые учится доброте, уважению, ответственности и заботе. Поэтому для полноценного воспитания и развития ребёнка очень важно единство семьи и школы.
1.Видеоны көрсету алдында (просмотр видео)
Зере: Құрметті ата-аналар, назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын. Қазір барлығымыз бірге отбасы туралы шағын бейнероликті тамашалайық.
Нургул: Уважаемые родители, обратите, пожалуйста, внимание на экран. Сейчас мы предлагаем вам вместе посмотреть небольшое видео о семье.
*Видео көрсетіледі.*
2.Видеодан кейінгі талқылау (итог видео)
Зере: Құрметті ата-аналар, видео сіздерге қандай әсер қалдырды?
Нургул Спасибо за просмотр. Каждый из нас увидел в этом ролике что-то своё. Предлагаю поделиться впечатлениями
Видеода қандай отбасылық құндылықтар көрсетілді деп ойлайсыздар?
3.Ата-аналарға сұрақтар (вопросы для родителей)
1.Отбасында сіздер үшін ең маңызды құндылық қандай?жауап:татулық пен бірлік
2.Какие чуство вызвало у вас это видео?
3.Балаға ата-ананың махаббаты мен қолдауы қаншалықты маңызды? Ответ Жылы сөз көңіл бөлу
4.Какой момент запомнился больше всего? Почему?
5.Балаңызбен бірге уақыт өткізуге қаншалықты көңіл бөлесіз?
6.Какие семейные традиции есть в вашей семье?
7.Балаңыз сізге өз қуанышы мен қиындықтарын еркін айта ала ма?
8.Как вы проводите время вместе с ребёнком?
9.Отбасында қандай жақсы дәстүрлеріңіз бар?
10. Что помогает сохранять тёплую атмосферу в семье?
Зере: Құрметті ата- аналар! Мына жерде байқап тұрсаңыздар отбасы күніне орай Оқушылардың салған сурет көрмесі, жылда Отбасы күніне орай балаларымыз өз жүрегіндегі ең қымбат адамдарын — отбасын сурет арқылы бейнеледі. Әр суретте баланың өз отбасы туралы түсінігі, ата-анасына деген сүйіспеншілігі мен жылуы көрінеді. Бір бала отбасын үлкен жүрекпен бейнелесе, енді бірі ата-анасын қасына салып, өзінің бақытты екенін көрсетеді. Бұл суреттер — жай ғана салынған сурет емес, балалардың кішкентай жүрегінен шыққан үлкен сезім деп біліңіздер.
НУРГУЛ: Уважаемые родители!
Как вы видите, здесь представлена выставка рисунков наших учеников, посвящённая Дню семьи.
Каждый год ко Дню семьи наши дети изображают на рисунках самых дорогих и близких людей — свою семью. В каждой работе отражены детское понимание семьи, любовь, тепло и искренние чувства к своим родным.Кто-то из детей изобразил свою семью в виде большого сердца, а кто-то нарисовал рядом с собой маму и папу, показывая, насколько он счастлив рядом со своими родителями.
Дорогие родители, обратите внимание на эти рисунки. Возможно, в них ваши дети сказали то, что не всегда могут выразить словами. Для ребёнка семья — это любовь, забота, тепло и чувство безопасности.
Эти рисунки — не просто детские работы. Это маленькие послания от ваших детей, наполненные большой любовью к вам.
Зере: «Бір сөзбен» жаттығуы
Әр ата-анаға мына сөйлемді аяқтауды ұсыныңыз:
4.«Мен үшін отбасы – бұл сыйластық»
Нургул: «Одним словом»
Попросите каждого родителя закончить фразу:
«Для меня семья — это уважение» итд
5.Зере: «Бір қолмен тілек айту» ойыны
Ата-аналар жұппен шығады. Әр жұп бір-бірін бір қолымен құшақтайды, ал бос қолдарымен бірге оралған қағазды ашуы керек. Қағаздың ішінде жазылған тапсырманы оқып, ондағы тілекті бір-біріне шын жүректен айтады.
Жүргізушінің сөзі
«Қазір біз қарапайым тапсырманы ерекше тәсілмен орындап көреміз. Жұпқа бөлініп, бір-біріңізді бір қолмен құшақтаңыздар. Бос қолдарыңызбен бірге қағазды ашып, ішіндегі тапсырманы дауыстап оқып, бір-біріңізге жылы тілек арнаңыздар. Себебі шынайы айтылған жылы сөз – сенімнің, қолдаудың және берекелі отбасының бастауы.»
Нургул: Игра «Пожелание одной рукой»
Родители выходят парами. Каждая пара обнимает друг друга одной рукой (одна рука свободна у каждого). Вместе они должны открыть свернутый листочек, в котором написано задание. После того как они справятся, выполняют пожелание, указанное на листочке.
6. Қортынды (Заключение)
Зере: Құрметті ата-аналар! Бүгін уақыт бөліп келгендеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз – бір командамыз. Бізді біріктіретін ең басты құндылық – балаларымызға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық.
Кездесуіміздің соңында сіздерге шағын ғана символикалық «дәрумен қобдишасын» сыйлағым келеді. Оның ішінде дәрі жоқ, бірақ тәттілер бар. Олар сіздерге ең қарбалас күндердің өзінде күлімсіреуге, жылы сөз айтуға және өзіңізге аз да болса демалыс сыйлауды еске салып тұрсын.
Бұл кішкентай «қобдиша» әрдайым мынадай ойды еске салсын:
шаршағанда – жақындардың қолдауы күш береді;
мұңайғанда – балаңыздың күлкісі жүрекке қуаныш сыйлайды;
алаңдағанда – өзіңізге және балаңызға деген сенім демеу болады;
ал көтеріңкі көңіл күй әрдайым сіздерге серік болсын.
Отбасыларыңызға зор денсаулық, өзара түсіністік, сабыр, шаңырақтарыңызға жылулық пен береке, балаларыңызбен бірге бақытты сәттердің көп болуын тілеймін.
Нургул: Уважаемые родители!
Спасибо вам за то, что нашли время прийти сегодня. Мы с вами — одна команда, и нас объединяет самое главное — любовь и забота о наших детях.
В завершение нашей встречи хочу подарить вам небольшую символическую «аптечку». В ней нет лекарств, зато есть сладости, которые пусть напоминают: даже в самые насыщенные дни важно находить минутку для улыбки, доброго слова и отдыха.
Пусть эта маленькая «аптечка» станет напоминанием, что:
от усталости помогает поддержка близких;
от грусти — улыбка ребенка;
от тревоги — вера в себя и своего малыша;
а хорошее настроение пусть всегда будет с вами.
Желаю вашим семьям здоровья, взаимопонимания, терпения, тепла и счастливых моментов рядом с детьми.
Спасибо за сотрудничество и доверие!
Келесі мектепшілік жиналысымызда кездескенше Ынтымақтастығыңыз бен сенімдеріңіз үшін үлкен рақмет!

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы «№10 арнайы мектеп-интернаты» КММ
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының
«Отбасы – алтын бесік» тақырыбындағы ата-аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ

Балқаш қаласы
26 қыркүйек 2025 жыл
Қатысқандар: ата-аналар, педагогтер
Орталық жетекшілері: Искакова З.Б., Абжанова Н.А.
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Отбасы – бала тәрбиесінің алтын бесігі.
2. Балаға отбасындағы сүйіспеншілік пен қолдаудың маңызы.
3. Отбасындағы жағымды қарым-қатынас және бала тәрбиесі.
4. Ата-ана мен мектептің бала тәрбиесіндегі бірлескен жұмысы.
5. Ата-аналарға ұсыныстар мен кеңестер.
ТЫҢДАЛДЫ:
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жетекшілері Искакова З.Б. және Абжанова Н.А. сөз сөйлеп, «Отбасы – алтын бесік» тақырыбында ата-аналармен пікір алмасты. Отбасының бала өміріндегі орны, ата-ананың балаға деген мейірімі, қолдауы мен сенімді қарым-қатынасының маңызы туралы түсіндірілді.
Кездесу барысында ата-аналарға баланың өзін қауіпсіз әрі бақытты сезінуі үшін отбасында жылы қарым-қатынас, өзара түсіністік және тұрақты қолдау қажет екені айтылды. Балаға уақыт бөлу, оны тыңдау, жетістігін мадақтау және қиындық кезінде қолдау көрсету бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
ПІКІР АЛМАСТЫ:
Ата-аналар отбасыдағы бала тәрбиесіне қатысты өз ойларымен және тәжірибелерімен бөлісті. Баламен дұрыс қарым-қатынас орнату, оның жеке ерекшеліктерін ескеру және мектеппен бірлесіп жұмыс жүргізу мәселелері талқыланды.
ШЕШІМІ:
1. Баланың толыққанды дамуы үшін отбасында қолайлы психологиялық орта қалыптастыру.
2. Баламен күнделікті жылы қарым-қатынас орнатып, оның пікірін тыңдау және қолдау көрсету.
3. Баланың өзіне-өзі қызмет ету, дербестік және жауапкершілік дағдыларын жүйелі түрде дамыту.
4. Ата-ана мен педагог арасындағы тұрақты байланысты нығайту.
5. Бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірлескен жұмысын жалғастыру.
ШЕШІМІ:
«Отбасы – алтын бесік» тақырыбындағы ата-аналар жиналысында қаралған мәселелер назарға алынсын. Ата-аналар мен педагогтер бала тәрбиесінде өзара ынтымақтастықты жалғастырсын.
Орталық жетекшілері:
Искакова З.Б.
Абжанова Н.А.