28.01.2026 ж. 6–10 сынып оқушылары арасында баскетболдан блиц-турнир өткізілді.
Аталған спорттық іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Турнирге 6–10 сыныптардан құралған командалар қатысып, жарыс жоғары деңгейде өтті. Оқушылар өзара достық қарым-қатынаста сайысқа түсіп, ептілік, жылдамдық және командалық бірліктерін көрсете білді. Жарыс барысында спорттық тәртіп сақталып, қауіпсіздік ережелері толықтай қамтамасыз етілді.
Блиц-турнир оқушылардың жағымды эмоция алып, белсенді демалуына мүмкіндік берді. Іс-шара соңында белсенді қатысқан командалар мен оқушылар марапатталып, алдағы уақытта да осындай спорттық жарыстарды тұрақты түрде өткізу қажеттілігі атап өтілді.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg
https://www.instagram.com/10internat_balkhash/p/DUDT0WaCsLS/