Новости Спортивные мероприятия

Бүгін – Ұлттық спорт күні!

20.03.2026 ж. Бүгін – Ұлттық спорт күні!
Осы атаулы күнге орай білім ордамызда ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ халқының дәстүрлі ойындарына деген қызығушылықты арттыру болды.
Жарыс барысында оқушылар Ат жарысы,Бес асық,Қыз қуу,Арқан тартыс,Теңге алу сияқты ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынасты. Қатысушылар белсенділік танытып, күш-жігері мен ептілігін көрсетті.
Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұлттық спорт – ұлт мақтанышы!
#oqu_agartu_ministrligi #адалазамат #адалазамат #наурызнама#ҰлыДалаНаурызы

https://www.instagram.com/reel/DWJcfhlivjh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==