Новости Спортивные мероприятия

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық фестивалі

04.05.2026 ж. «Шабыт» жобасы аясында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, әскери тәртіпке баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту.
Фестиваль барысында саптық жиын ұйымдастырылып, оқушылар сапқа тұру, саптық жүріс, бұйрықтарды нақты әрі үйлесімді орындау дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар, қатысушылардың тәртіптілігі, ұйымшылдығы, бір-бірімен үйлесімді әрекет етуі ерекше байқалды.
Іс-шара барысында әскери-патриоттық бағыттағы түрлі тапсырмалар мен көрсетілімдер ұсынылып, оқушылар белсенділік танытты. Фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың әскери-патриоттық қызығушылығын арттырды.
Ұйымдастырушы дефектолог мұғалімдері:Бакиров Е.А,Усумбеков К.А.
#Адалазамат
#oqu_agartu_ministrligi
#біртұтас_тәрбие
#ganibeisembayev
#umckrg

https://www.instagram.com/reel/DX8WT1IJ-xT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==