Дефектолог: Кемелбекова Ания
Түзете дамыту сабағы
2 сынып
Тақырыбы: Жеті ата
Мақсаты: Оқушыларды өз елін, жерін, қадірлеуге, улкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетіп, жеті атасын білуге баулу.
Ата-баба аруағына тәу етіп, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сөз қорын байытып, зейінін тұрақтандырып, ойлану, салыстыру қабілеттерін арттыру.
Көрнекіліктер: Компьютер, слайттар. Қазақтың ұлттық киімдері.
өлеңдер: Әкеме, Сен аман бол немерем, күйлер. Мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер.
Ойындар: «Орамал тастамақ», «Аударыспақ», «Ақ сүйек», «Хан талапай» т.б.
Күй ойнап тұрады.
Жүргізуші: Балалар, бүгін бізде ерекше мереке. Қазақ халқында «Жеті атасын білмеген, жетесіз » деген сөз бар. Сондықтан жеті атамызбен танысамыз.
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың
Белгісіндей салтымыздың
Жеті қабат көк жер үсті
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы-заң жеті
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз-жеті жұрт,
Ағайынды жеті құт. (Е.Өтетілеуов)
Слайдта Баба деп жазылады
I Баба
Ассалаумағалейкүм, балаларым, мен сендердің бабаларың боламын.
Бүркіт бол заманыңыз түлкі болса,
Бай болар кедей жігіт мүлкі болса
Жақсылардың белгісі сол емес-пе?
Қара қылды қақ жарған әділ болса.
Балалар кім мен туралы ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, өсиет өлеңдер, арнаулар біледі.
1 бала
Жақсы болар баланың
Жұмыссыз жүрген күні жоқ,
Жаман болар баланың
Еш жұмысқа қыры жоқ.
2 бала
Әдептілік ар-ұят,
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез жат қылық
Надандықтың белгісі.
(рахметін айтып орындыққа отырады)
II Ата
Амандасып ата кіреді.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі.
3 бала
Меірімді жүрегі,
Атамды ел біледі.
Жүз жасағын балам-деп
Бата беріп жүреді.
4 бала Қысқаша көрініс
— Ата мысық екеуміздің қайсымыз үлкенбіз?
— Әрине сен үлкенсің балам.
— Неге онда менде мұрт жоқ? (жылайды)
— Ой, тентегім-ай.
III Әке
әкеден артық орман жоқ,
әкеден артық қорған жоқ.
әкеден артық дана жоқ,
әкеден артық пана жоқ.
Өлең «Әке жыры»
Жүргізуші: Кім өз әкесі туралы әңгімелеп береді? Мақал-мәтелдер айтады?
IV Бала
Мен тәртіпті баламын,
Айтқан тілді аламын
Атам, әжем жұмсаса
Дүкенге де барамын.
Бала, бала балақан
Кәне қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай,былай ойнап. (түрлі қимыл жасайды)
Ойын «Орамал тастамақ»
V Немере
Бақыт деген немене,
Қаумаласа достарың
Ат қып мініп немере
Ұмыттырса бас қамын.
Ойын «Аударыспақ»
Өлең «Сен аман бол немерем»
VI Шөбере
Ойын «Ақсүйек»
Жеті түрлі киіз үйге, өз иесін белгілеріне қарап табуға көмектесу.
VII Шөпшік
Еңбектеп, аузында соска кіреді
Жүргізуші: Қандай қазақтың тағамдарын білесіңдер?
Ет пісіру. Балалар шығып тиісті тағамдарды алып, ет пісіру ретін әңгімелейді.
Табағымен ет әкелді.
Жүргізуші. Жеті атаны ретімен іліп, бекітеді.
Баба асқа бата береді:
Алтын ұя Отан қымбат.
Құт береке атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат.
Туып өскен ел қымбат,
Ұят пенен ар қымбат.
Бейбітшілік заман болсын,
Ел іргесі аман болсын.
Ұрпақтарым өсіп-өніп,
Осы батам қабыл болсын.
Амин!