Уроки логопедии

Р-Р/ дыбыстарын ажырату

Логопед: Кемелбекова Ания

Логопедия сабағы

3 сынып

Тақырыбы: Р-Р/ дыбыстарын ажырату

Мақсаты: дұрыс айтуға, ажырата білуге жаттықтыру.

Есте сақтау, ойлану, қызығушылық қабілетін арттырып сөз қорын байыту.

Өз еліне, халық дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ертедегі халық

ойыдарын , әдет-ғұрыптарын үлгі етіп, үйрену.

Үлкенге ізетті, кішіге құрметті болып силай білуге тәрбиелеу.

Құралдар: тақпақтар, өлең, жұмбақтар. Ойындар: «Хан талапай», «Жамбы алу», «Әріп қысқарса», «Лабиринт». Қазақ киімдері.

«Р» дыбысының профилі, құрық, суреттер, буындар, зонт, мақта, спирт, айна.

I Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Күй ойнап тұрады.

Біқ оқушы боламыз

Оқып білім аламыз

Келген мына қонақтарды,

Қазақ аулында қарсы аламыз.

II Балалар, бізге бүгін қонақтар келіп отыр, ендеше қонақ кәдені бастайық

неден бастайық екен?

ойыннан

Ендеше «Хан талапай» ойын ойнайық.

Балалар алаша үстіне отырады да асықты бәрі талап алады. Ерекше асықты алған бала хан болады. Хан тапсырмасын орындау.

Бірінші асық тапсырмасы.

Тілге жаттығулар «Дем алу», «Жоғарғы тіске доп ұру», «Алтыбақан», «Кесе»,«Сылақшы», «Ат шауып келеді», «Саңырауқұлақ».

Бүгінгі сабақ тақырыбын мына жұмбақты шешіп білесіңдер.

Жылқының құрығындай,

Тіп-тік тұруын-ай (Құрық)

Құрықты көрсету.

-қай әріпке ұқсайды?

— Р — әрпіне, қайталату.

Профильмен жұмыс.

Тақтаға жазу

Жатыр еді бір күшік,

өте берді бір мысық.

Күшік оған р-р-р деді.

Мысық оған бр.. деді.

Екінші асық тапсырмасы.

Дауссыз дыбыс. Дауысты дыбыспен бірігіп буын құрайды. Буындарды тақтаға жазу.

а е

о ә

р ұ р ө

ы ү

ра, ро

ра – рахмет ер — ерке

ар – арба рә — рәміз

ор – орақ үр — үркіт

ұр — ұршық өр — өрік

Ойын «Жамбы алу». Оқушылар ілулі суреттерді алып, атап, буынға бөлу, жуан, жіңішке екенін айту.

Үшінші асық тапсырмасы.

Жұмбақ шешу.

Сопақша көк өңі бар,

Пайдалы мөлдір сөлі бар.

Піскен кезде жияр,

Оның аты… (Қияр )

Дөп-дөңгелек сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасың көріп

Оның аты… (Өрік)

Суретін ілу. Талдау жасау

Сөйлемдер құрау. Қияр жеміс т.б.

Төртірші асық тапсырмасы.

Ойын «Әріп қысқарса».

Балалар егер сендер бір дыбысты дұрыс айтпасаңдар сөз мағынасы өзгереді.

Қанар

анар

нар

ар

қанар, анар, нар, суретін, нақты заттарды көрсету.

Бесінші асық тапсырмасы.

Әр оқушыға «Лабиринт » тарату.

Жеке-жеке өздеріне тән тапсырмалар

Қ Ұ Ы Р Ш

Сөздерді оқу, дәптерге жазу.

Алтыншы асық тапсырмасы

Оқушылар мойнында аңдар, құстар суреті іліулі тұрады.

Логопед:

Қасқыр, қайда барасың?

Қой қыруға барамын.

Қоян қайда барасың?

Қанғыруға барамын.

Түлкі қайда барасың?

Тауық іздеп барамын.

Торғай қайда барасың?

Тары іздеп барамын.

Ара қайда барасың?

Шырын іздеп барамын.

Айнұр қайда барасың?

Той-шашуға барамын.

Той әнсіз болмайды-ғой. Ендеше әннен шашу шашайық.

Өлең айту.

Бағалау, мақтау.