Уроки логопедии

Ертеңгілік «Саңырауқұлақ саясында»

Логопед: Кемелбекова Ания

Ертеңгілік «Саңырауқұлақ саясында»

Қатысушылар:

Бастаушы

Құмырсқа

Көбелек

Қоян

Торғай

Түлкі

Бақа

Сахна ( Көктем мезгіліндей безендірілген. Үлкен саңырауқұлақ бар)

Бастаушы: Көктем келді.

Жер көгерді.

Табиғат әсем күйге енді!

Дала гүлге бөленді.

Шалғынына енді,

Құмырсқа келді.

Құмырсқа:

1.Шалғынға жатайыншы

Рахатқа батайыншы.

Қыс бойы тоңазыдым.

Көктемді аңсап мен сағындым.

2. Жаңбыр жауып тұр, саңырауқұлаққа паналайын

Көбелек келеді.

Көбелек: Күтіп кеттім әлсіреп

Қанатым су боп жабысып,

Ұша алмадым құмырсқа

Алшы мені қасыңа.

Пана берші басыма.

Құмырсқа: Кел, кел.

Бірақ мына тапсырманы орындасаң кіресің.

1 тапсырма. Жұмбақтар шешу.

Таудан керуен құлап келеді,

Ағыл тегіл жылап келеді. (Жаңбыр .)

Қанатсыз құс ағып барады.

Көзінен жас тамып барады.

Көбелек: Бұл жұмбағың жаңбыр ғой.

Құмырсқа: Кел тез панала.

Көбелек: Рахмет, құмырсқа.

Торғай: Жаңбыр қандай күшті еді.

Ұша алмадым мені көр.

Бас сауғалап келіп ем

Жандарыңнан орын бер.

Құмырсқа, Көбелек:

Кел, кел. Бірақ мына тапсырманы орындасаң, орын дайын.

II Тапсырма.

Жол үстінде қу қазық,

Мергеншіге жол азық.

Е- ол қоян-ғой

Сол кезде асып- сасып қоян келіп

Қоян:

Түлкі қуып есім кетті

Айналайын аңдар-ау!

Маған пана болыңдар

Жасырыңдар қорыңдар.

Үшеуі бірігіп:

Тұра ғой қосыл да,

Жасырамыз осында.

Бірақ мына тапсырманы орында.

Тапсырма: Осы залда қанша қоян бар?

Ойын. «Дұрысын тап»

Түлкі: Ор қоянды орғыған көрдіңдер ме, балақайлар?

Бәрі: Жоқ, жоқ, көрген жоқпыз.

Түлкі: Әлі – ақ қолға түсерсің қорқағым. ( кетеді)

Бастаушы:

Міне жаңбыр да басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Аңдар саңырауқұлақтан шықты

Бір-біріне қарасты

Таңдана былай тарасты.

Құмырсқа: Мен жалғыз өзім сиған саңырауқұлақ сиқыр ма?

Көбелек: Біз бәріміз сонша кішіміз бе?

Торғай: Көңіл сиса бәрі сияды.

Қоян: Екі адам ығысса, үшішншіге орын бар.

Сол кезде бақа.

Бақа: Ехей – саңырауқұлақ өсіп кетті; соны да білмейсіңдер ме?

Аңдар ән салады:

Бақа, бақа балпақ,

Басың неге жалпақ

Темір қалпақ көп киіп

Басым содан жалпақ

Көзің неге тостақ?

Көріңгенге көп қарап

Көзім содан тостақ.

Бұтың неге талтақ?

Су бетінде көп жүзіп

Бұтым содан талтақ.

(қимылмен көрсетеді)

Әр қатысушы өлең айтады.

Құмырсқа: Менің атым құмырсқа

Шаршамаймын жұмыста

Дән тасимын жаз бойы

Дем аламын мен қыста.

Көбелек:

Әсем көйлек киемін,

Әдемі гүлдер сүйемін

Өте нәзік жәндікпін

Жаз бағасын енді ұқтым.

Торғай: Торғаймын, торғаймын.

Суықтада тоңбаймын.

Құрт құмырсқа шікейден

Бау бақшаны қорғаймын.

Қоян:

Орғып, орғып жүгірген

Ор қоянмын.

Жазда жүні өзгерген

Сұр қоянмын.

«Сұр» болсам да баяғы

Сол қоянмын!

Бәрі қосылып табиғат туралы ән айтады.

Тапсырма.

Шатстырып ке…істі.

Екі қария ке … істі.

Бір-біріне ке … істі.

Ақырында ке … істі.