Қарағанды облысы Білім Басқармасының «№ 10 арнайы мектеп- интернаты»КММ
Қорытынды анықтама
Г.Д. Тастанбекова
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
2024-2025 оқу жылы
2024 -2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»негізінде атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі.
2024-2025 оқу жылында Тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрінің 2024 жылғы 30 маусымдағы №194 бұйрығын басшылыққа алып, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»негізінде жүзеге асырылды. «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі кешенді жоспарына сүйене отырып, тәрбие жұмысының жылдық жоспары жасалынып, мектеп директорымен бекітілген. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалған.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» ұстанымына негізделеді
Бағдарламаның мақсаты:
қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;
әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.
Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.
- Құндылықтар туралы
1.2024-2025 оқу жылында тәрбие жұмысы бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес алты негізгі құндылықтарға сәйкес ұйымдастырылды.Әрбір құндылық оқу процесінде жүйелі түрде көрінді.Әр ай тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс- шараларды қамтыды.Әр сынып сағатының соңында 10 минут көлемінде жеке қауіпсіздік уақыты бөлінді.Күнделікті іс-шаралар қатары: «Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру.«Өнегелі 15 минут», «Үнемді тұтыну».Апта сайын: «Менің Қазақстаным» әнұран орындау, «Апта дәйексөздері»жүргізілді.
Алты құндылықты ұтымды дәріптеуде сынып жетекшілері мен мұғалімдерге арналған семинарлар, әдістемелік бірлестік отырыстары ,педагогикалық кеңестер өткізілді.Сонымен қатар әр түрлі акциялар,қайырымдылық және волонтерлік іс-шаралар,мәдени іс-шаралар,мұражайларға бару,шақырылған қонақтармен кездесулер,спорттық шаралар ұйымдастырылды.
№10 арнайы мектеп – интернатында да, «Отбасым – алтын бесігім» атты ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығы өз жұмысын жүргізуде. 2024 – 2025 оқу жылына арналған ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспары жасалды. Және ай сайын сол жоспарға сай іс – шаралар өткізіліп отырды. Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған бейнеролик осы өткен іс – шаралардың үзінділері болып келеді. Әр іс – шараны ұйымдастыратын кезде біз жәй сабақ немесе жиналыс ретінде емес, ата – аналарға қызықты әрі танымды болуына аса мән беруге тырыстық. Осы өткізілген шаралар бойынша ата – аналардың қатысу мониторингін жасадық. Жыл бойы АПҚО өткізілген сабақтар саны: төменгі буында 8, ортаңғы буында 8, және жоғарғы буында 8. Барлығы 24 іс – шара өткізілді
Жыл басында сабақтарға қатысқан ата – аналар саны төменгі буында 35 болса, бұл көрсеткіш жыл соңына қарай 46-ға артты. Ортаңғы буында 24 болса, жыл соңында 31-ге, ал жоғырғы буында 21 болса, 29-ға дейін өсті.
Осыдан шығатын қорытынды:
Ата-аналардың бала тәрбиесі туралы білімі артты,байланысты нығайды,отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас жақсарды.
Ағымдағы оқу жылында тәрбие жұмысы жылдық жоспарға сай жүргізілді. Бұл кезеңде мектептің тәрбие жұмысына қатысты іс-шаралар мен сыныптан тыс жұмыстарға баса назар аударылды. Әлеуметтік және медиа жобалар іске асырылды.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Дәстүр» атты этнозалдың ашылу салтанаты өткізілді. «Дәстүр» этнозалының ашудағы мақсатымыз-ұлттық құндылықтар мен қазіргі заманның өзекті мәселелерін салыстырып, олардың рухани маңызын ашу,оқушыларға ұлттық мәдениет, салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту қажеттілігін ұғындырып,бойларына сіңіру.
Этнозалда халкымыздын, өнері, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін жәдігерлермен танысуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар ай сайын белгіленген атаулы күндерге,«ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы аясында тоқсан сайын іс-шаралар ұйымдастырылады. Оқушылардың белсенділігі мен қатысу деңгейін арттыру мақсатында түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектептің Facebook,сайтқа , Инстаграм парақшасына атқарылған жұмыстар дер кезінде жарияланып отырады.
2.Жобалар,челлендждер
Жобалар- бұл білім беру мен қоғамның әр түрлі аспектілерін жақсартуға,білім алушыларды ,ата-аналарды,педагогтарды профилактикалық іс-шараларға тарту арқылы жеке құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамалары.
Қамқор жобасы-Мақсаты: әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу
- «Қоғамға қызмет ету» волонтерлік қызмет
- «Жер сағаты» экологиялық акция
- «Түлектердің ағаш егуі» экочеллендж
- «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акция.
“Еңбегі адал –жас өрен” жобасы-Мақсаты: білім алушылардың әр түрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу
- «Күзгі асар»жәрмеңкесі
- «Мамандықтар әлемі» акция
- «Мамандық марафоны» байқауы
- Мектептің әлеуметтік желісіндегі жарияланым
“SMART BALA” жобасы-Мақсаты: инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу
- «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» волонтерлік қызмет
- «Давайте превратим отходы в успех» челлендж
- «Сделай паузу и посмотри вокруг»урок тренинг
- «Чудесный мир театра»
“Шабыт” жобасы-Мақсаты: білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу
- «Даналық ұстаздан» челлендж
- «Ұлттық мәдениет» көрме
- «Мектеп театры»
- «Ананың аялы алақаны»челлендж
“Балалар кітапханасы” жобасы-Мақсаты: кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру.
- «Әдеби кеш» кітап көрмесі
- «Кітаптар айналымы» акциясы
- «Шын жүректен кітап сыйла!»челлендж
- «Ең үздік оқырман»сайысы
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы- мақсаты:тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» челлендж
«Қыран елім- Қазақстан» суреттер сайысы
«Ұшқыр ой мен шешен тіл» дебаты
«Ұлттық ойындар» сайысы
«Не?,Қайда? Қашан? Зияткерлік ойыны
3.Алдын-алу шаралары.
Алдын- алу шаралары бойынша: «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»жобасы, «Буллингтен қорған!», «Ойынға салауатты көзқарас», «Қауіпсіз қоғам!» іс-шаралары өткізілді, ақпараттық қауіпсіздік,медиа тұтыну жөніндегі мамандармен сынып сағаттары мен,кездесулер өткізілді.Қарым-қатынас дағдылары,эмоцияларды басқару және қақтығыстарды шешу бойынша тренингтер өткізілді.Лудомания туралы бейне фильмдерді көру,жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу бойынша түсіндіру іс-шаралары,есірткіге қарсы плакаттар жасалынып, Казакстанда Халыкаралык, темекі шегуден бас тарту күніне орай мектебімізде «Темекі-адамзат қасіреті» такырыбында 5-10 сыныптар арасында плакаттар байкауы өтті, сынып тәрбиешісі: Г.А.Кайпышова»Терроризм — адамзатқа тенетін басты қауіп» атты сынып сағатын өткізді, наурыз айынын төртінші жұлдызында 8 сынып оқушыларымен «Менің компьютерім»,»Вертуалды тәуелділік» атты деңгелек үстел түрінде әңгіме, ойын жүргізілді.
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Зиянды әдеттен аулақ болайық», «Буллинг жағдайы;агрессор,куәгер және жәбірленуші», «Өз құқығынды білесің бе?» т,б. алдын-алу шаралары өткізілді.
Мүдделі мемлекеттік органдармен кездесулер өткізілді.Қалалық полиция бөлімі мен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер істер жөніндегі инспекторының бірлескен жұмысы – жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтарды алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Мектептің тәрбие жұмысына бойынша «SWOT» талдау
ҚР Оқу- ағарту Министрлігінің 30.07. 2024 ж. № 194 бұйрығы негізінде 2024-2025 оқу жылына жылдық жоспар бекітілді.
| Күшті жақтары
1. Мектептің тәрбие қызметі үш салада жүзеге асады: оқыту барысында, сабақтан тыс, мектептен тыс қызметте. 2.1 тоқсан бойынша сынып сағаттарының жүйелі болуы. 3.Қауіпсіздік сабақтарының 10 минутқа кіріктілуі. 4. Апта дәйек сөздерінің іске асырылуы. 5.Мерекелік іс-шаралардың ұйымдастырылу жұмыстары тиянақты жұмыс атқаруы. 6.Тәрбие жоспарына сәйкес іс-шаралардың өткізілуі. 7. «Балалар кітапханасы жобасы» 8. «Медиа» жобалар жұмысы 9. Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы 10. «Досболайық» жобасы
|
Әлсіз жақтары
1.Жоба жұмыстарының әлсіздігі. 2. Әлеуметтік көмек көрсетуші демеушілердің тапшылығы 3. Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы атап айтсақ — апталыққа — шебер сыныптарға — тәрбие сағаттарына — мерекелік іс-шараға
|
| Мүмкіндіктер
1.Мектебімізде өзін-өзі басқару, мектеп парламент ұйымдарының құрылып, тиянақты жұмыс атқаруы. 2.Мектебіміздегі білім алушылардың отбасы тұрақтылығы, әлеуметтік жағдайының жақсаруы. 4. Оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу, өзін-өзі таныту, дамыту үшін қолайлы жағдай. 5.Сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігінің артуы.
|
Қауіпті
1.Ғаламтор желісінен келетін қауіптер. 2.Көпшілік оқушылардың бойындағы енжарлық, ұялы телефонға тәуелділік 3.Сынып жетекші мен ата-ана тарапынан қадағалаудың жоқтығы. 4.Кибербуллинг пен буллингтің алдын алу
|
Ағымдағы оқу жылының бірінші тоқсанында тәрбие жұмысы жылдық жоспарға сай жүргізілді. Бұл кезеңде мектептің тәрбие жұмысына қатысты іс-шаралар мен сыныптан тыс жұмыстарға баса назар аударылды. Әлеуметтік және медиа жобалар іске асырылды. Оқушылардың белсенділігі мен қатысу деңгейін арттыру мақсатында түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мүдделі мемлекеттік органдармен кездесулер өткізілді. Алты құндылықты ұтымды дәріптеуде сынып жетекшілермен семинарлар, ӘБ отырысы, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Мектепке жол» акциясы бойынша демеушілеріміз «Коунрад» корпоративтік қоры 4 баланы 245,960 сомаға, «Балқаш тау-кен басқармасы» ЖШС 2 баланы 105,100 сомаға мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киімдер және кеңсе тауарлары ретінде көмек көрсетті.
https://www.instagram.com/p/C-WrjqvIXHu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
1 қыркүйек — оқу жылының басталуы. Бұл кітаптардың гүлдердің, достардың мерекесі! Жаңа оқу жылын бастау үшін мектебіміздің есігі тағы да айқара ашылды. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін “Мектебім — мейірім мекені” атты салтанатты жиын мен сынып сағаты өтті. Оқушылардың қадамдары құтты болсын! Оқуда сәттілік!
1- сыныпта.Тақырыбы: «Мектепке алғашқы қадам» . Жауаптылар: Каукербекова Ж.Ж.,Сүлейменова А.О.
https://www.instagram.com/reel/C_XubqoIiK1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
3- сыныптарда.Тақырыбы: «Жазғы каникулдан жарқын естілік». Жауаптылар:Кенжебаева А.М.,Баймагамбетова Т.К.,Сыздыкова Э.Т.
https://www.instagram.com/reel/C_XtGKvoJXb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
5-8 сыныптарда. «Менің саяхатым».Жауаптылар: Акторгаева Г.Ж.,Ауельбекова Р.К.
https://www.instagram.com/reel/C_XtJM_IAji/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2 қыркүйекте “Менің Отаным Қазақстан” тақырыбында 5-10 сынып оқушыларына бірыңғай сынып сағаттары өтті.
https://www.instagram.com/reel/C_bGIASIgaf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
5 қыркүйек — Қайырымдылық күніне орай, Балқаш қаласының медицина колледж ұжымының еріктілері келіп оқушыларға “көмек қоржынын” табыстады. Сонымен қатар қызықты ойындар ойнатып, түрлі сыйлықтар ұсынды.
https://www.instagram.com/reel/C_jwUksoS-Z/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
09.09.24 ж. «Біртұтас тәрбие» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес тәрбие жұмысының жоспары бойынша тәрбиеші А.С. Нұрабекова «Оқушылардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
https://www.instagram.com/p/C_tCvQ-IrDf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
12.09.2024 ж 0”А”,1”А” және 1”Б” сыныптары арасында “Жол қозғалысын есімізге түсірейік” тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға жол қозғалысы ережелерін еске түсіру,оларды сақтау қажеттілігіне назар аудару. Балалардың жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс стереотипін қалыптастыруға, қауіпті алдын ала білуге, байқампаздыққа, сақтыққа тәрбиелеу. Көшелер мен жолдарды қалай дұрыс кесіп өту керектігі туралы білімдерін бекіту.
https://www.instagram.com/reel/C_zvTw3oMRt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
14.09.24 ж. біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес тәрбие жұмысының жоспары бойынша педагог Кудышева Г.Б. жексенбілік « Көңілді старт»іс-шарасын өткізді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау.Дене шынықтыруды игеру негізінде баланың жеке басын дамыту.Ұжымшылдық,жолдастық,өзара көмек,шығармашылық ойлау сезімдеріне тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/C_5Mp0Zo7aZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Отбасы күніне арналған «Менің отбасым» тақырыбында ұйымдастырылған апталықтың қорытындысы
Отбасы күніне арналған «Менің отбасым» тақырыбында ұйымдастырылған апталықтың қорытындысы бойынша белсенділік танытқан төмендегі оқушыларға алғыс білдіреміз және мадақтамалармен марапатталады:
5 «А» оқушысы Асет Нұрхат
7 «А» оқушылары Зинина Милана,Устинкова Дарья,Ауезхан Аружан
8 «А» оқушысы Андреев Андрей
9 «Б» оқушысы Амиржанов Амангельды,Туғанбай Әли, Муханмедия Жанерке
9 «А» оқушысы Шаймерден Асылай — І орын
6 «А» оқушысы Пасечник Палина — ІІ орын
5 «Б» оқушысы Алдоңғар Аяжан — ІІІ орын
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
https://www.instagram.com/reel/C_-bJPyoxsr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
16.09.2024 тәрбие жұмысының жоспары бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес тәрбиеші Ауельбекова Р.К. «Менің отбасым»атты сынып сағатын өткізді. Мақсаты: өз отбасына деген сүйіспеншілік сезімін, ата-анасына деген құрметті,өз отбасына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/C_-enJlorHX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Апта дәйексөздері
https://www.instagram.com/reel/C_-cwQ5ov47/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Өнегелі 15 минут. https://www.instagram.com/reel/DAAxO8iopvX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар, Қазақстан Республикасының Гимнін орындайды.
https://www.instagram.com/reel/DAAylPioSjA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша сыныптан тыс жұмыстар шеңберінде білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту мақсатында педагог — дефектологтар Тузова И.В. мен Жумашкина А.К. «Ахмет Байтұрсыновтың өмір мен шығармашылық сәттері»атты танымал квест өткізді. Іс-шараның мақсаты: үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру. Оқушылар жазушының шығармашылығымен танысып, қазақ композиторларының музыкасын тыңдап, А. Байтұрсыновтың дәуірі туралы өз ойларын білдірді. «Smart Bala» бағытының элементтері сұрақтары көмегімен құрастырылған викторина ұсынылды. Квесттің соңғы кезеңі ретінде викторина оқушылардың санасында бекітілген ақынның есімімен байланысты оқиғаларды көрсетті. Рефлексия ретінде жоғары сынып оқушылары «Нысана» қабылдау арқылы қатысу деңгейін атап өтті.
https://www.instagram.com/reel/DABnlUQIlZN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
19.09. күні 5 — 10 сынып оқушылары арасында “Әке,ана және мен — жарасымды отбасы!”атты спорттық эстафета ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/p/DAGfz2RI_d1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Тіл апталығына» арналған челлендж
https://www.instagram.com/reel/DAH469JIEhS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Үнемді тұтыну бойынша суды, энергия көздерін күнделікті қолданатын табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында жадынамалар ілінді.
https://www.instagram.com/reel/DAIkdLAI-6H/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Таза ауадағы қозғалмалы ойындар. Ойындар — ең алдымен денсаулықты нығайтуға әсерін тигізеді.
https://www.instagram.com/reel/DAMJ-6UIh2h/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектеп жоспары бойынша бүгін 22.09.2024 ж. демалыс күні жексенбілік топ балаларымен қалалық саябаққа серуенге шықтық.
https://www.instagram.com/p/DANxCeIoU3K/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA
23.09 күні Абилкасимова Ж.К біртұтас тәрбие жоспары бойынша ”Еңбек түбі береке” тақырыбында сынып сағатын өткізді.
https://www.instagram.com/reel/DAQiZt2ooOd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
26.09.24 күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру мақсатында “Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасы мен мектептің өзара өзара ынтымақтастығы” тақырыбында зум платформасында ата-аналар жиналысы өткізілді.Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі- оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі.Бұл мәселе бізді де алаңдатып отыр,отбасы мен мектептің ғана емес бүкіл қоғамның ортақ мәселесі.
https://www.instagram.com/p/DAX2Y_bIZBL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
27 қыркүйек күні мектебімізде дәстүрлі «Туған күн» және «Алтын күз» мерекелік іс-шарасы өтті. Алтын күз мерекесі 3 сайыстан тұрды. Оқушылар барлық кезеңдерден өтіп, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік іс-шара өте қызықты көңілді жалғасты.
https://www.instagram.com/reel/DAbGh8_o6UJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
30.09. күні «Біртұтас тәрбие» жоспары бойынша 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне 6,7 «Б» сыныпта «Қарттарым алтын қазынам» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Өз ата — бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға үйрену. Балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/DAjP0-GTHMO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Еңбегі адал жас өрен” жобасын іске асыру мақсатында “Тазалықты сақтаймын, өзіме жақсылық жасаймын” атты 0”Б”,1”Б” 3”Г” сыныптар арасында тәрбиеші Сапарбекова Г.Д өнеге сағатын өткізді.
https://www.instagram.com/reel/DAjPC0DJ_2m/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
02.10.2024 тәрбие жұмысының жоспары бойынша «Еңбегі адал жас өрен» жобасына сәйкес тәрбиеші Р.К. Ауельбекова «Біліммен болашақ мамандыққа»атты сынып сағатын өткізді.Мақсаты: өзіңіз туралы және еңбек пен кәсіп әлемі туралы білімдерін қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/DAn2yi1IcuD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2024 жылғы 2-5 қазан аралығында Астана қаласында “Жұлдызай-2024 Ұлттық Инклюзивті ойындары өтті. Жарысқа әрбір облыстан және әр қаламыздан оқушылары қатысты .Спорттың 7 түрінен Қарағанды облысынан 37 оқушы қатысты.Қатысушыларымыз келесідей жүлделі орындарға ие болды . Ал біздің мектептен Чуклина С.В . 6 а сынып оқушысы облыстық жарыстын реттеуінен өтіп жеңіл атлетикадан 4- орынға ие болды. Жаттықтырушы: Усумбеков К.А.
https://www.instagram.com/p/DA3HA6YIkOy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Республика көлемінде өткізілген “Даналық ұстаздан” челленджіне біздің мектептің ұстаздары қатысып “Ұстазым” әнін орындады.
https://www.instagram.com/reel/DApxHLFI5TM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2024 жылдың 3 қазанында оқушылардың бойына үлкенді сыйлап, құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу, қайырымдылық қасиеттерді сіңіру мақсатында құттықтау видеосы түсірілді.
https://www.instagram.com/reel/DArI9LeIFMQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тақырыбы: «Қоныс аударатын және қыстайтын құстар »
Мақсаты: қыстап қалатын және жыл құстары туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру.
Құстардың жылы жаққа ұшып кету себептері туралы түсінік беру. Құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Құстарды қорғауға және қамқор болуға үйрету. Өткізген:Абилкасимова Ж.К. Демалыс кезіндегі топ.
https://www.instagram.com/reel/DAyKE61IY46/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Кайпбергенова С.А. “ЖКЕ негізгі түсініктері мен терминдері” “Даналық ұстаздан” атты 07.10.2024 күні 2”А”сыныбымен тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін,ұстаздарды құрметтеу,сыйлау және құрметтеу қасиеттерді оқушылар бойына дарыту. Ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/DA1V_iEIzC4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
08.10.2024 жылы Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайынан серіктестігіміз «Қуыршақтар» үйірмесінің жетекшісі: Асылбекова М.Н. мен оқушылары біздің мектеп — интернатына келіп «Тышқан мен кірпі» атты қойылым қойып, “Ертегілер” атты кітаптар көрмесімен жалғасын тапты, қойылым балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.
https://www.instagram.com/p/DA3A3ABIEOZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
08.10.24 ж кітапхана белсенділерінің алғашқы отырысы өткізілді.
10 «А» Гатауллин Р,Тимуров И, 8 «Б» Мухамеджаров С. «Кітап-білім көзі» стендіндегі хабарламалармен танысты.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ұсынылған кітаптар тізіміне назар аударылды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында “Өзің оқы,өзгеге ұсын” іс-шарасын әр дүйсенбі сайын кітапханада дауыстап оқу, сыныпта үзіліс кезінде қазақ тілі мұғалімі, кітапханашы кітап оқып түсіндіреді. Ирина Владимировна мен Маржан Рымкуловна ұстаздардың кітап алып, мерзімді басылымдардан көптеген материалдармен танысып білім беру барысында мотивация алып тұрулары,өткіген сабақтарының тиімділігін «Білімді ел», «Ізденіс» газеттеріне жолдап тәжрибиелерімен бөлісіп отыруға кеңестерін беретінін айтты. Кітапхана белсенділері әр тоқсанда кітап,оқулықтардың тазалығын қатаң қадағалап мұғалімдер мен ата аналарға ескерту қажеттігін айтты.
https://www.instagram.com/p/DA3Ia_motuU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
09.10.2024 ж.Нұртас Дәндібайұлының туғанына 120жыл толуына орай 5”б” сынып оқушылары “Қазақ халқының ұлы” тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Нұртас Дәндібайұлының өмір жолы мен қызметін,қазақ халқы үшін жасаған ерен еңбегімен таныстыру,отансүйгіштік қасиеттерін дамыту,өз елінің тарихына деген қызығушылығын арттыру.5”б” сынып жетекшісі Қали М.Т.
https://www.instagram.com/p/DA5ulnno6Um/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
11 қазанда 5-6 сынып оқушыларымен «Мамандықтар туралы не білеміз»тақырыбында психолог сағаты өтті. Сабақтың басында психолог Каримова Г.У. балаларға «Еңбекке деген көзқарас» астарлы әңгімесін оқып, «Мамандық»сөзінің түсінігін ашты. Оқушылармен » болашақта «Мен кіммін?»содан кейін «Көкөністерді тап»,анаграммалар, текшелерден қарапайым үй», «Кәсіптер әлемі», «Мамандықты анықта» жаттығуларына көшті. Сабақ соңында балалар «Мамандықтар»бейнеролигін тамашалады.
https://www.instagram.com/p/DA-kliIIM2X/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
11.10.24ж жоғарғы сынып оқушыларына арналған мектеп медбикесі Рустем Д. “Ұлдар мен қыздар- екі түрлі әлем” атты әңгіме жүргізді.https://www.instagram.com/p/DA-_Gbioq9y/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
12.10.2024ж. «Біздің есімдеріміз нені білдіреді?» танымдық іс-шара өтті.
Мақсаты: Оқушыларға өз есімдерінің шығу тегі мен мағынасын түсіндіру.
Тарихи,мәдени және этнографиялық деректерді қолдана отырып, есімдердің мәнін ашу.
Оқушылардың өзіндік ерекшеліктері мен даралығын құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Есім әр адамның жеке басын танытатын ерекше белгісі ғана емес, оның тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Әрбір ата — ананың баласына есім таңдауда өзіндік себептері болады.
Іс -шарада,балалардың өздерінің есімдері туралы қысқаша қысқаша мағлұмат берілді. Балалар өздерінің портреттерін салды,астына есімдерін жазып.Сергіту сәтінде балалар би билеп,шармен ойын ойнады. Соңында балалар тәттілермен қуанды.Тәрбиеші:Қали М.Т.
https://www.instagram.com/reel/DBDd_Ifovch/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жоспар бойынша 3Б, 3Г сыныптарда « Отан неден басталады?»оның барысында оқушылар тақырыпты басқатырғыштардың, түрлі әдістемелік ойындардың көмегімен телефон арқылы QR кодының көмегімен өз Отаны туралы жаңа білім алды. Рефлексия «Сиқырлы доп» әдісі бойынша жүргізілді.
https://www.instagram.com/reel/DBG2MMioHxj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп-интернатта «Ойынға салауатты көзқарас» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: балалардың ұлттық ойындар туралы білімдерін кеңейту. Салауатты өмір салтын ұстану үшін ойынға деген қызығушылықты арттыру.
https://www.instagram.com/p/DBG2XdeoPlt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
15 қазан күні әлеуметтік педагог Төкішева А.Т. «Әр баланың құқығы – мемлекет құндылығы» тақырыбында 5-10 сынып оқушыларына әңгімелесу сағатын өткізді. Мақсаты: оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Әр түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
https://www.instagram.com/p/DBJd6Y0ociv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша «SMART- Бала»жобалық жұмысында география пәнінің мұғалімі: Кайшманова А.К «Табиғатты сақта»челендж сабағын өткізді Мақсаты: оқушыларда адамның табиғатпен байланысы туралы түсінік қалыптастыру және табиғаттағы мінез-құлық ережелері туралы білімді бекіту.
https://www.instagram.com/reel/DBLQyI0oNk6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
16.10.2024 жылы «Біртұтас тәрбие» жұмысының жоба жұмысы «Еңбегі адал- жас өрен» 7а, 8а сыныптарда «Адал азамат,адал еңбек,адал табыс»тақырыбы бойынша сынып сағаты өтті. Мақсаты: балаларда «Адал азамат,адал еңбек, адал табыс» ұғымдары туралы адамгершілік этикалық идеяларды қалыптастыру және бекіту. Тәрбиеші: Ауельбекова Р. К.
https://www.instagram.com/p/DBN-fhnq8ov/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
16.10.2024 жылы тәрбиеші Сапарбекова Г.Д 0 «Б» және 1″Б» сыныптары арасында «Жолда жүру ережесі» туралы тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты: оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DBN9-TpJxzH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Ұшқыр ой алаңы” жобасын жүзеге асыру бойынша жүргізілген “Қыран елім-Қазақстан” суреттер сайысы өткізілді. Мақсаты: мектеп оқушыларын Қазақстан Республикасының әр бір азаматын қадірлеуге, ел мен жеріне құрметпен қарауға және оқушылардың шығармашылығын дамыту.
https://www.instagram.com/reel/DBN_A3bpwRh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
17 қараша күні ерекше қажеттілігі бар балалар күніне орай интернат тәрбиеленушілері қаламыздағы ең үлкен ойын алаңы мен бірлескен дәмханасында @giraffe_kids_park_x_izzi_food қонақта болды. Осындай керемет көңіл күй сыйлаған @giraffe_kids_park_x_izzi_food ұжымына алғысымыз шексіз! Ойын-сауыққа шақырылған әрбір бала үлкен қуанышқа бөленді, ерекше көңілді күн естерінде ұзақ қалатыны сөзсіз.
https://www.instagram.com/reel/DBPGFTNogJQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Көркемдік жетекші Регина Кулановна «Төрт тоқсанға — төрт өнер» жобасы аясында оқушыларға «Айтыс қазақ халқының ұлттық мұрасы» 5-10 сынып оқушылар арасында музыкалық іс-шара өткізді. «Айтыс — халық қазынасы» тақырыбында слайд көрсетіліп, оқушыларға айтыс өнері туралы түсінік берілді. Айтыстың түрлеріне жеке -жеке тоқталып түсіндіріліп, жас ақындар өз ойларын еркін толық жеткізе білді. Шәкірттеріміз өз өнерлерін көрсетті, балалар әнімен «Айтыс» аяқтады.
Мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау. Балалар мен жастардың қазақ халқының музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, поэтикалық, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
https://www.instagram.com/reel/DBQzf4Cpcpz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2024 жылдың 18 қазанында 8 “Б”сыныбында “География” пәнінің мұғалімі Кайшманова А.К. мен сынып жетекшісі Кайпышова Г.А. “Үнемді тұтыну” атты сынып сағатын өткізді.Оқушылар суды үнемді тұтынуға үйренді.
https://www.instagram.com/reel/DBUC5lOIe0Z/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
№10 Арнайы мектеп интернатында ұстаздар, тәрбиешілер мен оқушылар арасында «Кітап ашу-әлемді ашу» деген тақырыпта тренинг өтті. Мақсаты: Балалардың кітап оқуға қызығушылыған арттыру, кітап оқуды әдетке айналдыру. Ұстаздарға «Миға шабуыл» сұрақтары, «Бір сөзбен» әдісі қоланылды. Ұстаздар мен тәрбиешілер Қали М., Абильдина А.,Абилкасимова Ж., Кусбекова Г.,Кайпышева Г.ойларын ортаға салып, кітапты оқытуда әр ұстаз оқыған кітабы жайлы балаларға шабыттана, қызықтыра жеткізу деп түйіндесе , енді бірі, әр адам өз ризығына қанағаттанып қана қоймай , оны өзгеге де тиімді болуы керектігін пайымдады. Оқушылар да оқығанын, үйренгенін көрініс арқылы жеткізе білді. Барша ұстаз тренингтен өздеріне керек мағлұмат алды. Соңында « Мен оқыған,мен оқитын кітап» көрмесінен кітаптарды қарап қызықтады.
https://www.instagram.com/reel/DBUDGPcIzZx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Өнегелі -15 минут.
https://www.instagram.com/reel/DBUEQ6xIUJQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2024 жылының 18 қазан күні «Арнайы мектеп-интернат жағдайында
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру мен тәрбиелеуді іске асыру» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
https://www.instagram.com/p/DBXz9a-KDt-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
21.10.2024ж. Республика күніне орай» 5″Б»сыныбында «Қазақ елі менің -Отаным»атты сынып сағаты өтті. Сынып тәрбиешісі: Қали М.Т
https://www.instagram.com/reel/DBaou-npvLj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы жоспары бойынша 1 «A»сыныбында «Хорошо,что я такой» атты сынып сағаты өтті.Сынып тәрбиешісі: Жунусова А.Е.
https://www.instagram.com/p/DBbL7a1qJjw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
22 қазан күні тәрбие жұмысының жоспары бойынша тәрбиеші: Адамбек Бота Серікқызы 3-сыныпта » Менің Республикам-менің мақтанышым!»оның барысында оқушылар тақырыпты демонстрациялық материал, коды мен дидактикалық құралдардың көмегімен ашты. Қауіпсіздік сағаты Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекемен ұштастырылды.
https://www.instagram.com/reel/DBdRJAJpxqc/?utm_source=ig_web_copy_link
23.10.2024 ж. қазан айында дүниеге келген туған күн иелерін құттықтау мақсатында «Туған күн» кеші өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/DBdoueYpOxO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
24.10.2024 ж. 25 –қазан Республика күніне арналған«Республикам мақтанышым» атты салтанатты саптық жиын өтті. Бұл іс-шараның мақсаты — патриотизмді, азаматтық борышты сезіну және әр адамның тарих алдындағы жауапкершілігін тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DBgHkNUp2p5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
24 қазан- Кітапханашылар күніне орай мектебімізде « Мәдениет мекені- кітапхана» атты челлендж өткізілді. Мектебіміздің 39 жыл еңбек өтілі бар,ардагер кітапханашымыз Искакова Роза Гылымжановнаны мектеп тәлімгері мен өзін өзі басқару ұйымы ерекше құттықтап, кітапханашы еңбегіне құрмет көрсетілді.
https://www.instagram.com/reel/DBf_DLuJcGt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
30.10.2024 жылы мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» атты педагогикалық кенес өткізілді.Мақсаты: Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру. Ұйымдастырушылар: ДТІЖО: Тастанбекова Г.Д. және тәрбиешілер бірлестігі. «Апта дәйексөздерін пайдалана отырып сынып сағаттарында ұлттық құндылықты сіңіру» Ауельбекова Р.К,«Ұлттық құндылықтарды дәріптеуде « Жасанды интеллект» технологиясын қолдану ерекшеліктері»Искакова З.Б, «Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып тәрбие сағаттарында ұлттық құндылықтарды дәріптеу» Садыкова К.С. , «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» Ибраева М.Р. тақырыптарында баяндамалар оқылды , білім беру мазмұны мен сынып сағаттары арқылы құндылықтарды қалай енгізуге болатыны талқыланып,әдіс- тәсілдері түсіндірілді. Педагогикалық кенестің соңы ұлттық ойынымыз «Ақсүйек» ойынымен қорытындылады.
https://www.instagram.com/reel/DBxmqYYJtAq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қазан айында №10 арнайы мектеп-интернатында 5-6 «а» сынып оқушылары арасында «Қоғамға қызмет ету» атты іс-шара өткізілді. Іс-шарада балалар волонтерлік қозғалыстың не екенін білді, өзара іс-қимыл дағдыларын дамытты, өзара көмек пен волонтерліктің әртүрлі жағдайларын қол жетімді түрде талқылады.
https://www.instagram.com/reel/DB0TSChJC9t/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша «Қамқор» жобалық жұмысында мұғалім Т.К. Баймағамбетова 3 «Г» сыныбында «Қоғамға қызмет ету»практикалық жұмысымен сабақ өткізді.
https://www.instagram.com/reel/DB0U096pUHL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Балқаш қаласының сервис колледжімен әлеуметтік әріптестік шарты бойынша күзгі демалыста бітіруші сынып оқушылары өз педагогтарымен, психолог Г.У. Кәрімовамен және сынып жетекшісі А. С. Нұрабековамен кәсіби сынамаларға шақырылды. Балалар колледжде ұсынылатын мамандықтар тізімімен танысты, оқу шарттары туралы білді (тегін жатақхана, тегін түскі ас, стипендияның болуы және т.б.), винегрет салаты мен торт жасау бойынша практикалық тапсырмаларды орындады. Оқушыларға кездесу ұнады, олардың кейбіреулері осы оқу орнында оқуды шешті
https://www.instagram.com/reel/DB1QUbFIxg6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Ұлттық құндылықтар-ұлықталған құрылтай» тақырыбында Қарағанды қаласында 1 қараша күні Қарағанды облысы сынып жетекшілерінің І-ші құрылтайы өтті.
Мақсаты: рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты дамыту, сынып жетекшілердің ұлттық мәдени құндылықтарды оқушының бойына үйлесімді сіңіру бойынша озық тәжірибе алмасуы.
Құрылтай үш блоктан тұрды.
- Көрме
- Сынып сағаты мен сыныптан тыс жұмыс бойынша шеберлік сағаттары
- Пленарлық отырыс
- Пленарлық отырыс барысында Республикамызда биыл біріші рет ұйымдастырылған «Үздік сынып жетекші-24» байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.
№10 арнайы мектеп интернатының тәрбиешісі Садыкова К.С. байқауға қатысқаны үшін, Алғыс хатқа ие болды.
https://www.instagram.com/reel/DB8nUhept8q/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
05.11. күні «Біртұтас тәрбие» жоспары бойынша 6,7 «Б» сыныпта «Қазақстандағы әлемдік діндер» атты сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Діни наным — сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру.
https://www.instagram.com/reel/DB_1A8KIp3o/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша жобалық жұмыста педагог Рафикова О.Ю. «Ресурстарды ұтымды пайдалану» 3 «Б» сыныбында практикалық сабақ өткізді, онда балалар ресурстарды ұтымды пайдалануды көрсетті: су мен жарықты үнемдеу, пайдаланылған қағаздан ұшақ жасау.
https://www.instagram.com/reel/DCBWFYHpAh-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
07.11.2024 жылы «Біртұтас тәрбие» тәрбие жұмысының жоспары бойынша 7а, 8а сыныптарда «Құқық бұзушылықтар мен құқық бұзушылықтардың түрлері»тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: адамгершілік құқықтық тәрбиені дамыту,жауапкершілікке тәрбиелеу. Тәрбиеші:Ауельбекова Р. К.
https://www.instagram.com/reel/DCDwhrXJMWy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
07.11.24 күні Оқушылардың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін тексеру мақсатында “Өз еліңнің рәміздерін білесің бе?” тақырыбында 5-10 сыныптар арасында сауалнама жүргізілді.
https://www.instagram.com/reel/DCD1jI2IV2X/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде тиімді ұйымдастырылады.
https://www.instagram.com/reel/DCD2cO5IVMe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Smart bala жобасы сыныптағы ең озық технологияларды пайдалану немесе білім берудегі соңғы трендтерді үнемі қадағалап отыру ғана емес, бұл оқыту-оқыту әдістері! Олардың барлығы оқушыларға көбірек бағытталған жаңа оқыту стратегияларын қолдануға бағытталған. Бұл инновациялық бағдарламалар оқушыларды сабақ барысында сыныптастарымен және мұғалімдермен белсенді түрде қосылуға және өзара әрекеттесуге шақырады. Сонымен, біздің мұғалімдер инновациялық технологияларды қолданады.
https://www.instagram.com/reel/DCOOJ81pUVN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Біртұтас тәрбие жұмысы жоспарына байланысты 3”В”сыныбында Искакова З. Б. ұлттық валюта-теңге күніне орай «Ұлттық теңге- Тәуелсіздігіміздің нышаны» атты тәрбиесі сағатын жүргізді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға теңгенің шығу тарихы туралы айтылып, тақырыпқа байланысты ойындар ойнады.
https://www.instagram.com/reel/DCOsxAHJzwq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Шабыт» әлеуметтік жоба жоспары бойынша 9 “Б” сынып оқушылары арасында дефектолог мұғалім: Есенгелди Жибек, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерей тойына орай “Театр ойыны қуыршағы Бибабо” тақырыбында, бибабо қуыршағын оқушыға жасатып, театр ойыны түрінде сабақ жүргізді. Мақсаты: Әлемдік деңгейде ЮНЕСКО бойынша атап өтетін Бердібек Соқпақбаев ты таныстырып, бибабо қуыршағын жасату, маңызын түсіндіру.
https://www.instagram.com/reel/DCQt5BxJmYj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Биыл мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын-жазушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына байланысты №10 мектеп интернатында тәрбиелік-іс шара өтті.
Мақсаты: Мұғалім үш бәйтеректің бірі Сәкен Сейфуллин жайлы мәлімет бере отырып, өмірі мен еңбектерімен таныстырды. Туған жеріне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеп, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулыды.
Оқушылар Сәкен Сейфуллиннің өмір баянымен танысып, «Көкшетау», «Ақсақ киік», «Туған ел» туралы өлең шумақтарын оқыды.
https://www.instagram.com/reel/DCQ1DZyJ4Zw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
12 қарашада жаратылыстану сабағында « Балқаш көлі» тақырыбында сабақ өткізілді Мақсаты: оқушылардың суға ұқыпты қарау туралы белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.
https://www.instagram.com/reel/DCQ2QxJJtHH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
12 қараша күні әлеуметтік педагог Төкішева А.Т. «Буллинг жағдайы: агрессор, куәгер және жәбірленуші» тақырыбында 7 Б сынып оқушыларымен әңгімелесу сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларды өмірде кездесетін буллинг түрлерімен таныстыру. Оқушыларда буллингке қарсы көзқарас қалыптастыру және адамгершілік қасиеттерін дамыту.
https://www.instagram.com/p/DCQ3fn_KShI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
14.11.2024 ж. 9 «А» сынып оқушыларының экология бригадасы «Салауатты тамақтану» тақырыбында сыныптар арасында үгіт-насихат жүргізді. Педагог-дефектолог: Кайшманованың жетекшілігімен балалар сыныптарда жүріп, көрнекілікке сүйене отырып, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
https://www.instagram.com/reel/DCV85XRIuHO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
14.11.24 күні Мектебіміздің кітапханашысы Искакова Р.Ғ. 0-5 сыныптар арасында “МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ” тақырыбында тренинг өткізді.
https://www.instagram.com/reel/DCXL0hpo5jM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қазақстанда Халықаралық темекі шегуден бас тарту күніне орай мектебімізде “Темекі-адамзат қасіреті” тақырыбында 5-10 сыныптар арасында плакаттар байқауы өтті.
https://www.instagram.com/reel/DCY-z0SI4cg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
15 қараша “Ұлттық Валюта — Теңге”күніне орай кітапханашы Искакова Р.Ғ. 5-10 сынып оқушыларына мектебіміздің бас есепшісі Дәметкұл Сағындыққызымен кездесу өткізді.
https://www.instagram.com/reel/DCZDDP1Ixw6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Біртұтас тәрбие бағдарламасының әлеуметтік жоба жоспарына сәйкес “Ұлттық теңге-ұлт мақтанышы” тақырыбында 2Б сынып оқушыларымен Абильдина А.И. тәрбие сағатын өткізді. Оқушылардың қаржы сауаттылығын арттыру мақсатында топтық жұмыс,ақшамен танысу,ақша тарихы жайлы мәліметтер айтылды.
https://www.instagram.com/reel/DCbROe8Iat2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Біртұтас тәрбие жұмысы жоспарын іске асыру жолында 3 “а”’ , 4 “а” сынып оқушыларымен “Өз денсаулығым өз қолымда” атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттыққа дағдыландыру.
https://www.instagram.com/reel/DChDOH4IXBU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
19.11.24 ж. педагог-дефектолог А. К. Кайшманованың жетекшілігімен «Дәрумендер» тақырыбында 9 «А» сынып оқушыларының үгіт бригадасы жұмыс жасады.
https://www.instagram.com/reel/DCjP0JEJTqb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
19.11. күні мектебіміздің «Айналайын» өзін-өзі басқару штабы мен аға тәлімгер: Ибраева М.Р. ұйымдастыруымен “Біз ЖИТС-ке қарсымыз!” тақырыбында митинг өтті.
https://www.instagram.com/reel/DCjv4COomhp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
22 қарашада дефектолог-мұғалімдер: Кайшманова А.К. мен Есенкулова А. А. -ның жетекшілігімен 7-8 сыныптардың жас экологтары «Энергияны үнемде «тақырыбында насихат жүргізді. Оқушылар өз құрдастарына энергияны үнемдеудің маңыздылығын жеткізу үшін көрнекі материалдарды қолдана отырып, сабақтарға қатысты.
https://www.instagram.com/reel/DCqkuxLpTZ5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Демалыс күні, мектеп тәрбиеленушілерімен «Менің сүйікті мультфилимдерім» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: балалардың көркем әдебиетке, кинематографияға деген қызығушылығын арттыру. Бір-біріне деген достық, дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/DCx7r5Oq3dr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құрылған “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының ұйымдастыруымен “Сапалы ұйқы, дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі” атты танымдық-ақпараттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 10 арнайы мектеп-интернатының дәрігері Айгул Сламкуловна қатысып ата-аналарға тақырып бойынша ақпараттар мен кеңестер беріп өтті. Сонымен қатар ата-аналар өздерінің пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті. Қызықты ойындар ойналып жиналыс өз дәрежесінде өте жақсы өтті.
https://www.instagram.com/reel/DCx8G7TJS2d/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«№10 арнайы мектеп- интернаты» КММ-де антитеррорлық төтенше жағдайларға байланысты кесте бойынша оқу- жаттығу өтті. «Дауыстама» арқылы жалпы хабар берілді. Мектеп оқушылары, мұғалімдер,кіші қызметкерлер антитеррорлық жағдайға дайындығын көрсетті.
https://www.instagram.com/p/DCySop0qyq6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
25.11 психолог Каримова Г.У. «Кідірт, айналама қарасам»атты сабақ-тренинг өткізді.Балалар интерактивті тақтаның көмегімен эмоцияларды болжап, байланыстырды.
https://www.instagram.com/reel/DCydQU8Jrs8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес 2<а>және 2<б> сыныбында тәрбиеші: Жунусова А.Е. <Өмірге салауатты қадам>атты сынып сағатын өткізді.
Мақсаты:Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке бас гигиенасын сақтауға,дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға тәрбиелеу.
Салауатты өмір салтын ұстану керек.Яғни,адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі- салауаттылық.Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер.
https://www.instagram.com/p/DCyvQkyKHrs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
26.11.2024 жылы бастауыш сынып оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады. Мектебіміздің кітапханашысы: Искакова Р.Г. абонемент, оқу залы міндеттерімен таныстырды. Мәдениет,тәртіп,ұқыптылық,жауапкершілікпен кітап алып оқу керектігі түсіндірілді.
https://www.instagram.com/p/DC1axN4qWqF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
26.11.24 ж. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Үнемді тұтыну» үгіт-насихат бригадасының апталығы аяқталды. Қорытынды сөз дефектолог-педагогтардың жетекшілігімен «Суды сақта» тақырыбында 6 «А» сынып оқушыларының үгіт бригадасы аяқтады.
https://www.instagram.com/reel/DC03bRiJHRy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектеп-интернатымызда дәстүрге айналған кезекті “Туған күн кеші”өткізілді.
Өткізген: 9 б сыныбы,сынып тәрбиешісі:Абилкасимова Ж.К.
https://www.instagram.com/reel/DDD5z5Bpa8g/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасының “Өнегелі 15 минут” жобасын жүзеге асыру аясында 8 “Б” сыныбының оқушысы Аманкелді Назым анасына деген көмегін көрсетуде аспаздық өнерін паш етті.
https://www.instagram.com/reel/DDD6QurJYtE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Еңбегі жас өрен” жобасы аясында “Еңбек күніне” орай сынып сағаты өтті. Мақсаты:
— мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
— оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу;
— таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз — өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.
https://www.instagram.com/reel/DDD62bTJum9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Оқушылардың демалыс күндерін қызықты өткізу мақсатында «Жастар таланттар слеті» ұйымдастырылды.
Мақсаты:Балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
https://www.instagram.com/reel/DDEPa2IJTaH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында ,педагог: Сүлейменованың жетекшілігімен «Жануарлар мен құстарды тамақтандыру» іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты бірінші сынып оқушыларына біздің өлкеміздің құстары мен жануарларына ұқыпты қарауға, қыста оларға көмектесуге деген ұмтылысты тәрбиелеу болды. Осы бағдарлама аясында қыстайтын құстар туралы әңгімелер жүргізілді, мультфильмдер, презентациялар көрсетілді, олардың кейіпкерлері біздің қауырсынды достарымыз – құстар мен жануарлар болды. Бірінші сынып оқушылары қыстайтын құстар туралы құстарды тамақтандыруға болатын және көптеген қызықты нәрселерді білді. Балалар ата-аналарымен бірге құстар мен жануарларды тамақтандырды, осылайша олар біздің ағаларымызға қатал қыста аман қалуға көмектесе алатынын сезді. Осы бағдарлама аясында «Біздің қысқы достарымыз» атты суреттер байқауы өткізілді. Балалар құстарды қалай тамақтандыратынын, саябақтар мен үйлердің жанына қоректендіргіштерді іліп қойды.
https://www.instagram.com/reel/DDH5zJqoLe7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
03 желтоқсанда педагог А. К. Кайшманова 9 «А» сыныпта «Темекі шегудің адам ағзасына әсері» тақырыбында жаратылыстану сабағын өткізді. Оқушылар темекі шегудің зияны туралы айтып, темекіге жұмсалатын шығыстардың есебін жүргізді, нәтижесінде темекіге жұмсалуы мүмкін ақшаға тоңазытқыш немесе кір жуғыш машина немесе шаңсорғыш сатып алуға немесе елорда – Астанаға саяхат жасауға немесе витаминдер сатып алуға болады деген қорытындыға келді.
https://www.instagram.com/p/DDJ3RZAIP3C/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
04 желтоқсан күні әлеуметтік педагог Төкішева А.Т. 9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жоғары сынып оқушыларымен «Адалдық сағатын» өткізді. Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру.
https://www.instagram.com/p/DDJ2Db1I0ea/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Өнегелі 15 минут» 7 а, 8 а кл.
https://www.instagram.com/reel/DDL9wQEJ7wW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 6 «А» сынып оқушыларымен «Үнемдеу-тұтыну» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларда энергияны үнемді пайдаланудың қарапайым мәдениетіне тәрбиелеу
https://www.instagram.com/reel/DDPy8WTopCG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Психолог Г. У. Каримова «Заң және жасөспірім»тақырыбы бойынша тәуекел тобындағы балалармен әңгімелесті. Гүлмира Уахитқызы жасөспірімдерге «Заң» ұғымының пайда болу тарихын және адамға не үшін қажет екенін айтып берді. Оқушылармен «Теріс қылық, құқық бұзушылық, қылмыс» дегеніміз не екенін талқылады. Психолог өз сабағында «Жағдай», «Шифрлаушылар» сияқты тапсырмаларды қолданды. «Адам және заң» жаттығуы, мұнда балалар адамның құқықтары мен міндеттерін талқылап, адамның силуэтіне бұлт жапсырды. Соңында оқушылар «Заң және жасөспірім» бейнеролигін тамашалады.
https://www.instagram.com/reel/DDPzDjbI02n/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2024 жылғы 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Қазақстанда “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы өтуде. Бұл бастама қоғамның назарын зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесіне аударуға бағытталған. Осыған орай 6 желтоқсан күні әлеуметтік педагог Төкішева А.Т. жоғары сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/reel/DDPzSMPoUPc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жоспар бойынша демалыс кезінде тәрбиеленушілермен “Болашақ біздің қолымызда “атты әңгіме — сұхбат өтті.Балалар өз ойларын білдіріп, топтық ойындар ойнады.
https://www.instagram.com/reel/DDWVbUsJFs4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
09.12. күні “Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік” тақырыбында саптық жиыны өтті.
Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, намысымызды оятқан, әлемге қазақты рухы биік халық ретінде паш еткен Тәуелсіздік күні құтты болсын! Биыл қазыналы, берекелі Қазақ елінің тәуелсіздігіне 33 жыл толды. Көк туы желбіреген, Әнұраны қалықтаған еліміздің барша азаматына береке-бірлік пен толағай табыс тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DDWvg2rIWRv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
№ 10 арнайы мектеп- интернатында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жетістігімді еліме арнаймын» атты челленджі өткізілді. «Таланттар таңы» облыстық спорт және шығармашылық фестиваліне қатысқан жетістіктер бойынша марапатталып,«Атамекен» әнін бірге шырқады.
https://www.instagram.com/reel/DDZDPuvpH1r/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
9 « б» сыныбында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай « Мемлекеттік рәміздері- халықтың рухани бағдары» тақырыбында сынып сағаты өтті.
https://www.instagram.com/reel/DDeFU3dJ9Gz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
12.12.2024 ж. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында««Тарихың сенің тірегің»атты Тәуелсіздік күні қарсаңында танымдық викторина өткізілді. Бүгінгі жас ұрпақ еліміздің ертеңгі болашағы. Викторина арқылы сұраққа жауап беруге,оқығанын еске түсіріп, білуге құштарлықтарын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.Елінің. жерінің тарихын біліп жүруге дағдыландыру басты мақсат болды. 6-9 сынып оқушылары викторина сұрақтарына дұрыс жауап беріп, өздерінің еске сақтау қабілеттерін, көріп танысқан,білген, оқыған білімдерін көрсете алды. Қорытынды бойынша дұрыс жауабына берген жетон саны 9 болған 7 Б сынып оқушысы Жалғасбай Қайсар жеңіске жетті.Өмірбекова Ақмаржан 8 Б сыныптан және Аманбай Елжандар да 3-4 сұрақтарға жауап беріп талпыныстарын көрсете білді.
https://www.instagram.com/p/DDejuLbKu1v/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
12.12.24ж. Тәрбиеші-дефектолог : Турысбек Г.Т «Менің құқықтарым» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: Бала құқықтары туралы білімді өзектендіру.Оқушылардың күнделікті өмірдегі мінез-құлқының негізі ретінде құқықтық және моральдық нормаларды қалыптастыру.
13 желтоқсанда педагог-дефектологтар Кайшманова А.К. мен Есенкулова А. А. жетекшілігімен жас экологтар «Су әлеміне саяхат» тақырыбында сахна қойылымын көрсетті. Оқушылар адамдардың үйлеріне судың ұзақ жолы туралы айтып берді. Су мен энергияның әр тамшысына ұқыпты қарауға шақырылды. Қатысушылар: Александрова Елена 6 «А», Бакша Евгений 7 «А», Мұхаметжаров Санжар 8 «Б», Науменко Мирослав 9 «А», Гатаулин Рүстем 10 «А», Тимуров Ислам 10 » А »
https://www.instagram.com/p/DDgvxMJq-6P/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Біртұтас тәрбие жоспары «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында дефектолог- мұғалімі: Сыздыкова Э.Т. «Тәуелсіздік- бабалардың ұраны» атты іс- шара өткізді.
https://www.instagram.com/reel/DDg610UpaTE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
17 желтоқсанда оқушылармен «Біртұтас тәрбие» бағытында «Құстарға акция» іс-шара өтілді. Мақсаты: өлкеміздегі қыстап қалатын құстар жайлы, олардың қыстағы тіршілігі жайлы түсінік беру, құстарға қамқор болып, оларды қорғау.
https://www.instagram.com/reel/DDrWFjTJJjJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18.12.2024 ж. 5- 10 сыныптар арасында флорболдан мектеп біріншілігі өткізілді.
https://www.instagram.com/p/DDuB4ARqpWn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23.12.2024 ж. Біртұтас тәрбие жоспары бойынша 2 «А»сыныбында сынып тәрбиешісі: Кайыпбергенова С.А. «Ойынға салауатты көзқарас»тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты:Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау,физикалық,психологиялық,әлеуметтік дамуға әсерін көрсету,денсаулықты сақтау,нығайту дағдыларын қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/DD63QjKKl33/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Досболlike» бағдарламасы бойынша 5 «Б» сыныбында «Мен және күйзліс» атты психологиялық тренинг өтті.
Мақсаты: Күйзеліске теориялық тұрғыда хабар беріп, оны бейтараптандыру мен шешу жолын көрсету, меңгерту.
Оқушыларға нейро жаттығулар , әртүрлі қызықты ойындар ойнатылды.
Сынып жетекшісі:Қали М.Т.
https://www.instagram.com/p/DD8zg-_q7lS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде Бастауыш сыныптарында Жаңа- жыл мерекесіне арналған “Ертегілер әлеміне саяхат”атты, мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге әр -түрлі ертегі кейіпкерлері келіп, балаларға қызықты көңіл күй сыйлап, ата- аналар ойынға қатысып, көңілді әсер алды. Балалар би билеп, шыршаны айнала ән айтып Аяз атадан сыйлықтар алды.
https://www.instagram.com/reel/DD9cAampvjU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жаңа жыл — балалар мен ересектер үшін ең сүйікті және көптен күткен мереке! Міне, 5-10 сынып білім алушылары үшін бұл көптен күткен күн келді. Балалар шын жүректен көңіл көтеріп, ән айтты, биледі және ойнады.
Жаңа жылдық шырша қатысушылары көңілді өлеңдер айтып, Аяз Ата мен Ақшақарға тақпақ айтты, ата-аналармен және қонақтармен бірге қол ұстасып әндетіп би биледі, флешмобтарға қатысып, ертегі қойылымының кейіпкерлерімен суретке түсті, жаңа жылдық сыйлықтар алды.
https://www.instagram.com/reel/DD_PCzepecJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен, желтоқсан айының жоспары бойынша «Зерделі зейін» Интеллектуалды ойыны өтті.
Ойын 3 кезеңнен тұрды.
І кезең. Таныстыру.
ІІ кезең. Жұмбақталған мақал (мақал-мәтелдер).
ІІІ кезең . Дода (Ұяшықтағы сұрақ)
Ойынға бастауыш сынып оқушылары, ата-аналарымен бірге белсене қатысты. Ойын соңында қатысушыларға ұпай саны бойынша орындар беріліп, марапатталды.
https://www.instagram.com/p/DD_UREkKLna/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Заманының заңғар тұлғасы Махамбет Өтемісұлының туғанына 220-жылтолуына орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында патириоттық сағат өткізілді.Махамбеттің өлеңдерінен «Мен,мен мен едім», «Нарын», «Қызғыш құс, қызғыш құс» үзінді оқып, шағын сахналық батыр сарбаздар кейпін бейімдеді.Іс-шара соңы кітап сөресінен кітаптарға шолу жасалып ақынның халқын, Отанын сүюге тәрбиелейтін шығармаларымен таныстырылды.
https://www.instagram.com/reel/DD_xIR8JIdj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Отбасы — өмірдегі ең маңызды құндылық, шабыт көзі және сіз әрқашан қуанатын тыныш аймақ. Сонымен, біздің балаларымыз Smart Bala жобасы аясында, мұғалім А.Ж. Мұхажанованың жетекшілігімен ата-аналарға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
https://www.instagram.com/reel/DD_v44wpo-P/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
25.12.2024 ж.«№10 арнайы мектеп-интернатында сынып тәрбиешісі: Қали М.Т. 5 «б» сынып оқушылары мен ата-аналарға «Қыс кезіндегі қауіпсіздік» ережесін түсіндірді.
1. Жаңа жыл мерекесіндегі қауіпсіздік.
2. Мұз айдындағы қауіпсіздік ережелері.
3. Боран кездегі қауіпсіздік ережесі.
4. Суықтан үсу кезіндегі алғаш көмек көрсету.
https://www.instagram.com/p/DD_1f6RKTGn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
10.01.2025 жылы 2”А” сыныбында “Адамгершілік ұғымдарының білгірлер әлемі” тақырыбында сынып сағаты өтті.Мақсаты: Адамгершілік ұғымдарының мәнін түсіндіру,оқушылардың бойында жақсы қасиеттерді тәрбиелеу,мейірімділікке тәрбиелеу.Тәрбиеші: С.А.Кайпбергенова.
https://www.instagram.com/p/DEpXM7XoURM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасы бойынша «SMART BALA» бағдарламасы аясында 13.01.2025 ж.көркемдік жетекші: Р. К. Искакова «Бір жер , бір халық, бір болашақ»зияткерлік ойынын дайындап, өткізді. Мақсаты: отансүйгіштік пен азаматтыққа, туған республикаға деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Міндеттері: танымдық белсенділікті, интеллектті дамытуға, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету,төзімділікке тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DEwyu-7JnrR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
17 қаңтар күні әлеуметтік педагог Төкішева А.Т. 5-10 сынып оқушылары арасында «Зиянды әдеттерден аулақ болайық» атты әңгімелесу сағатын өткізді. Мақсаты: — денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру; -жасөспірімдерді жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.
https://www.instagram.com/p/DE7TsQoIpqS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жоспары бойынша демалыс кезінде тәрбиеленушілермен “Жақсы мен жаман деген не? “ тақырыбында әңгімелесу жүргізілді.Балалар өз ойларын білдіріп дидактикалық ойындар ойнады. Өткізген:Абилкасимова Ж.К.
https://www.instagram.com/reel/DFCOnD-oJoY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Балалардың көңілді демалысы.Таза ауада қозғалмалы ойындар ойнап,денсаулықтарын нығайтты.
https://www.instagram.com/reel/DFCPR4PoDd2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Үнемді тұтыну.
https://www.instagram.com/reel/DFCP2dtIAtj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Өнегелі -15 минут”
https://www.instagram.com/reel/DFDX62kI60M/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша «Алтын қақпа» — интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.Ойынның мақсаты:
-«Алтын қақпа» интеллектуалды ойын арқылы балалардың алған білімдерін бақылау.
-Сөздік қорын,ой-өрісін,тіл байлығын дамыту,есте сақтау, дүние танымын кеңейту.
-Еркін сөйлеуге,Отанды сүюге,тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DFE4jbUJcOJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
21.01.2025 жылы 8”Б” сынып оқушыларымен “Ақын, әдебиет негізін қалаушы Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл” атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау. Оқушыларға Ілияс Жансүгіровтің еңбектерінің маңыздылығын көрсету. Сынып сағатында оқушылар ақынның өмірбаяны,еңбектерімен танысып, хронологиялық кесте құрды, ақынның өлең шумақтарын оқып, әр түрлі тапсырмалар орындады.
https://www.instagram.com/reel/DFFe5b7pwNT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23.01.2025ж күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Құстарға қамқорлық» акциясы бойынша 2 «А»,2″Б» сынып оқушылары арасында Абильдина А.І, Макенбаева Н.К сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға құстардың табиғаттағы рөлін түсіндіру, олардың өміріне зиян келтірмеу,қорғау мен қамқорлық көрсету қажеттілігін ұғындыру.Сабақ барысында оқушылар құстар түрлерімен танысып, түрлі дидактикалық ойындар ойнады. Сабақ соңында мектеп ауласына шығып, құстардың ұясына жем салып, қамқорлық көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/DFKbWklpfK2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Қоғамға тәртіп не үшін қажет» тақырыбында сынып сағатын сынып жетекшісі Нурабекова А.С. 9-10 сынып оқушыларымен өткізді. Біз тәртіптің қоғамдағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті және әділеттілікті сақтауға қалай көмектесетінін және мектебімізде және әлеуметтік ортада келісімді сақтаудың әрқайсымыз қаншалықты маңызды екенін талқыладық.
https://www.instagram.com/reel/DFKbx37JYbm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
28.01.2025 ж Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Дәстүр» атты этнозалдың ашылу салтанаты өткізілді. .«Дәстүр» этнозалының ашудағы мақсатымыз-ұлттық құндылықтар мен қазіргі заманның өзекті мәселелерін салыстырып, олардың рухани маңызын ашу,оқушыларға ұлттық мәдениет, салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту қажеттілігін ұғындырып,бойларына сіңіру.
Этнозалда халкымыздын, өнері, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін жәдігерлермен танысуға мүмкіндік бар.
Бұл этнозал — ұрпактар арасындағы рұхани көпір, халкымыздын, терең, тамыры мен бай тарихын ұлыктайтын орын болмақ. Мұнда ұлттык құндылыктарды
дәріптеп қана коймай, оқушыларымызға тәлім-тәрбие беру үшін көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады.
https://www.instagram.com/reel/DFZ41DpJ7Yk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
29.01.2025ж 6-10 сынып аралығында баскетболдан блиц-турнир өткізілді.
https://www.instagram.com/p/DFaFK23N8Zi/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қаңтар айының 30-ы күні педагог-психолог Тұтқабай Н.А. 9-10сынып арасында “Мамандық таңдаудағы қателіктермен және олардың салдары” атты психологиялық дөңгелек үстел өткізілді. Оның мақсаты: оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп , дұрыс таңдау жасауына көмектесу. Мамандық таңдағанда қандай қателек, кедергілердің болатынын түсіндіру. Таңдаған мамандықтарына деген қызығушылыгын арттыру. Дөңгелек үстел барысында оқушылармен мамандыққа байланысты қызықты дидактикалық ойындар, карточкамен жұмыс, тауып көр, қандай мамандық атты ойын ойнатылды. Оқушылырдың көңіл күйлері бір қалыпты, мамандыққа деген көзқарасы, өз ойларын еркін жеткізіп, белсене қатысты.
https://www.instagram.com/p/DFcsh4KqhlU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен» атты әлеуметтік жоба аясында 6А сыныбында «Мамандықтар әлемінде» тақырыбындағы сынып сағаты.Мақсаты:оқушыларды әртүрлі мамандықтармен таныстыру, олардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтауға көмектесу, еңбекке деген құрметті дамыту, олардың ой-өрісін кеңейту және адам өміріндегі еңбектің маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/DGCfCa8KJIO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ата — аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Баланы логикалық ойлауға үйрету” атты танымдық сайыс өтті. Сайысқа оқушылар ата-аналарымен бірге қатысты. Бұл танымдық сайыстың мақсаты:
1. Ата-аналарға үй жағдайында логиканы дамытуға жаттығулар жасауға көмек қолын созу;
2.Оқушыларға жаттығу жұмыстарын жүргізуде ата –аналар үйде көбірек көңіл бөлу;
3. Өз ойын ашық айта білетін, білімді,тәрбиелі, көкірегі ояу ,көзі ашық азамат етіп қалыптастыру.
Сонымен қатар мектеп психологы «Ата-ананың эмоцианалды жан күйі» атты
Психологиялық тренинг өткізді. Бұл өткен тренинг ата — аналардың өз балаларын және өзін түсінуде көрініс табады деп сенеміз!
https://www.instagram.com/p/DFefaVAKrM3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
№10 арнайы мектеп — интернатында 31 қаңтар күні дәстүрлі «Туған күніңмен, балақай!» атты туған күн мерекесі 6 «Б»,7 «Б» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өтті. Туған күн мерекесінде балалар туған күн иелеріне жақсы тілектер, ән айтып, би билеп, ойындар ойнатты. 6 «Б», 7 «Б сынып оқушылары туған күн иелеріне көтеріңкі көңіл — күй сыйлай білді.
https://www.instagram.com/reel/DFgJxQOI1M1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпан айының 3-і күні педагог- дефектолог Макенбаева Н.К 2″А» сынып оқушыларымен қоғам қайраткері Телжан Шонанұлына 110жыл толуына орай, сынып сағатын өткізді. Мақсаты: ғалым-педагог Телжан Шонанұлы жайлы мағлұмат бере отыра, оқушылардың рухани- адамгершілік тәрбиесін дамыту. Тәрбие сағаты барысында Алаш қайраткері өмір жолымен,еңбектерімен планшет арқылы архивте сақталған бейне жазбаларымен танысты.Тәрбие сағаты соңында мектеп кітапханасына барып кітапханашы Роза Ғалымжанқызы Телжан Шонанұлы аудармаларымен таныстырды.Балаларға бүгінгі күн есте қаларлық сәт болды.
https://www.instagram.com/reel/DFmfqDSJyuT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
10 ақпан күні әлеуметтік педагог Төкішева А.Т. ұйымдастыруымен 5-10 сынып оқушыларына кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторлары Жанатқызы Камила, Коразбаев Н.А. кездесу болды. Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері туралы ақпарат беру, құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/DF45aR7K3wu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
12.02. күні мектебімізде аға тәлімгер Ибраева М.Р. ұйымдастыруымен «Үздік тәлімгер FEST» байқауы өтті.Мақсаты:оқушылардың көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту,
тәлімгерлік құндылықтарды насихаттау,шығармашыл, белсенді оқушыларды анықтау.
https://www.instagram.com/reel/DGAc3Z4JpiN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ,мектебіміздің “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының ұйымдастыруымен “Отбасылық үйлесімділіктің кілті — сенімді қарым-қатынас” атты ата-аналарға арналған іс-шарамыз өтті. Бұл іс-шарада ата-аналар 2 топқа бөлініп отбасындағы үйлесімділік жайында, бала мен ата-ананың арасында сенімді қарым-қатынасты қалай құруға болатындығы туралы пікірталасып, өз ойларын ортаға салды. Сол тақырыпта постер қорғап, ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Арасында сергіту сәті орын алды. Сонымен қатар мектеп психологы ата-аналарға тренинг өткізді. Мектеппен тығыз қарым-қатынас орната отыра, баланың мектептігі өміріне белсене араласатын ата-аналарымызға алғыс айтамыз!
https://www.instagram.com/reel/DGC38naJa79/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
- 02.25. 3 “а”, 4 “а” сынып оқушыларымен “Су-тіршілік көзі” атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: судың қасиеті оның табиғат үшін маңызы жайлы түсінік беріліп, қазақ халқының дәстүрінде суға деген құрмет ерекше орын алатыны жайлы айтылды.
https://www.instagram.com/reel/DGDYIljIV_p/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
16.02.2025ж. Жексенбілік топ балаларымен «Кім жылдам» атты қызықты спорт сағаты өтті! Барлық қатысушылар позитивпенен күш қуат алып, ептілік және командалық рухты көрсете білді.
https://www.instagram.com/p/DGKKjoAKcj_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша «Қорқор» бағдарламасы аясында 17.02.2025 ж. 3 «Г» сыныбында «Мен жемшөп жасай аламын» тақырыбында балалар құстарға жем салатын құрал жасады. Құстарды қоректендіргіштер өте пайдалы , өйткені құстарға қыста қиынға соғады, біздің қатал климатта өмір сүру қиын. Оқушылар табиғатқа көмектесуге деген ынталары мен қабілеттерін көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/DGKdkDYpjYX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18.02.2025 ж.»Біртұтас тәрбие»бағдарламасы аясында»Еңбегі адал жас өрен» жобасын іске асыру мақсатында «Еңбек түбі- береке» атты 6″Б»,7″Б» сынып оқушыларымен өнеге сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды еңбексүйгіштікке ,іскерлікке, үнемді болуға, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DGNjqxJphHL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Smartbala» жобасына сәйкес 19 ақпанда тәрбие жұмысының жоспары бойынша жоғары сынып оқушыларына өз мақсаттары мен армандары туралы ойлануға мүмкіндік беретін «Болашаққа хат» іс-шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты оқушыларды бірнеше жылдан кейін өздері ашатын хаттарды жазуға ынталандыру болды. Бұл оларға өз ұмтылыстарын түсінуге және болашаққа жол картасын жасауға көмектеседі.
Шара соңында педагог К.Е. Кусайынова оқушыларды өздерінің болашағын қалыптастыруға ықпал ететін ойлары, сөздері мен іс-әрекеттері туралы үнемі ойлануға шақырды.
https://www.instagram.com/p/DGPrpyTqb4L/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тәрбие жоспар бойынша Искакова З.Б 3 “В” сыныбында “Табиғатты таза ұстайық”” атты сынып сағатын өткізді. Мақсаты: оқушылардың санасына қоршаған ортаны таза ұстауға табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылар әр — түрлі ойындар ойнап білімдерін толықтырды.
https://www.instagram.com/reel/DGQUqKopwLR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
5 » Б» сыныбы » Суды,тамақты,энергины үнемді тұтыну» тақырыбында іс-шара өтті.Мақсаты: Оқушыларға кез-келген затты үнемдей білуге үйрету,олардың пайдасы мен зияны туралы түсінік беру.
https://www.instagram.com/reel/DGfEYQ3pG_V/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
25.02.2025ж. Біртұтас тәрбие бағдарламасының әлеуметтік «Ұшқыр ой алаңы»жобасы аясында 8 -сынып арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалды ойын өтті. Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығы мен шапшаңдығын, танымдық белсенділігін арттыра отырып, өз ойларымен бөлісуге, дәлелдеуге үйрету, өз ойын ортаға салуға және ұлттық ойын арқылы балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/DGfGkzRqrSp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпан айының жиырма төртінде 4 сынып оқушыларымен “Бесінші сыныпқа жол” атты тренинг жүргізілді. Мақсаты: бастауыш буыннан орта буынға ауысуға сыныптың психологиялық дайындығын ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін тұрақтандыра отырып, қолмоторикасын, ойлау қабілетін дамыту. Түрлі ойындар барысында оқушылар белсене қатысып, өз білгендерімен бөлісіп, көңіл күйлері бір қалыпты болды. “Бесінші сыныпқа жол” атты тренингіміз әлді де қызықты психологиялық ойындармен жалғасатын болады. Психолог: Тұтқабай Н.А.
https://www.instagram.com/reel/DGdF2ooIAuZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпанның 25 күні 1 “Б” сыныбында ашық тәрбие сағаты өтті.Ашық тәрбие сағатының мақсаты : Қазақтың қолөнерін құрметтеуге, өнердің мәңгі өшпейтін ою — өрнектердің сыры мен қырын білу арқылы, балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа ең бастысы ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DGgIQkToTu2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпанның 26 күні 3 “В” сыныбында “ Мамандықтар әлемінде “ атты ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты : мамандықтар туралы мағлұмат беріп, оның ішінде өрт сөндіруші мамандығына тоқталды. Балалар қауіпсіздік ережелерімен танысып , көптеген ойындар ойнады.
https://www.instagram.com/reel/DGihHMgosR7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
27.02.2025.ж.Тәрбие жоспары бойынша Акторгаева Г.Ж 6 «Б», 7 «Б» сынып оқушыларымен «Менің Отаным – Қазақстан» атты ашық сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы ой-өрістерін кеңейту, Отанға деген сүйіспеншілікке, еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйретіп, туған жері, елі туралы танымдық қызығушылықтарын арттыру.
https://www.instagram.com/reel/DGmg0ESJ92-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
27.02 күні Усумбеков К.А пен Бакиров Е.А. 5-10 сыныптар арасында жартылай волейболдан жарыс өткізді. Жарыс қызықты да тартысты болды, барлық қатысушылар жақсы дайындықпен келіп, өз шеберліктерін көрсетті. Әр команданың ұжымдық жұмысы мен қолдау көрсетуші рухы ерекше болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, ал қалғандарына алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
https://www.instagram.com/p/DGm6KOvoSok/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
28 ақпанда №10 мектеп-интернатында «Туған күн мен масленица» атты дәстүрлі іс-шара өтті!Балалар мерекенің барлық кезеңдеріне қуана қатысты: ән айтты, ойнады, көңілді болды. Ал соңында дәстүр бойынша барлығына дәмді құймақ пен тәтті сыйлықтар ұсынылды!
https://www.instagram.com/p/DGoCWE8IV46/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Өнегелі 15 минут” іс-шарасы аяында 5 “Б” сынып оқушысы Төлеуқан Абдинурдың әкесі баласына 7 атасын таныстыруы.
Сынып жетекшісі:Қали.М.Т.
https://www.instagram.com/reel/DGsGh2lIWxY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
1 наурыз — Алғыс айту күні! 🎉
Бізге өсуге, білім алуға және жақсы адам болуға көмектескендерге шын жүректен алғысымызды білдіретін ерекше күн.
💛 Шыдамдылығыңыз бен біліміңіз үшін ұстаздарға рахмет!
💛 Махаббаттары мен қолдаулары үшін ата-анама рахмет!
💛 Достарыма жылы сәттер үшін рахмет!
https://www.instagram.com/p/DGnY2n-IIIy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
1- наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. Осы күнге орай 03.03.2025 ж. оқу орнының оқушылары мен қызметкерлері үшін эвакуация жаттығуы өткізілді. Бұл оқушылар мен білім беру мекемесінің қызметкерлерінің АҚ бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру үшін қажет.
https://www.instagram.com/reel/DGue8OaJjK6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
03.03.2025ж 1″А» және 1″Б»сыныптарында Алғыс айту күніне орай тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту.
https://www.instagram.com/reel/DGxAKhjpjJt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Наурыз айының төртінші жұлдызында 8 сынып оқушыларымен “Менің компьютерім” , “Вертуалды тәуелділік” атты дөңгелек үстел түрінде әңгіме, ойын жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларға вертуалды тәуелділік туралы қауіпсіз мінез — құлық принциптері туралы түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету. Психолог: Тұтқабай Н.А.
https://www.instagram.com/reel/DGxMShtpHPe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қыздар мерекесі қарсаңында дене шынықтыру мұғалімдері Усумбеков А.К. мен Бакиров Е.А. ұйымдастырған «Ал,қыздар!» атты спортық жарысы тамаша өтті!Барлық қатысушыларымыз керемет көңіл-күйде, ерекше ынтамен қатысты.
https://www.instagram.com/p/DG2xPnaqT59/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Екі жұлдыз” байқауы – өнер мен ынтымақтастықтың мерекесі! 🌟
8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде ерекше шара өтті! 👩🏫👩🎤 Мұғалімдер мен оқушылар жұптасып, “Екі жұлдыз” байқауында өнер көрсетті. Әсем әндер, тамаша көңіл-күй және ұмытылмас сәттер! 🎤🎶
https://www.instagram.com/p/DG30CL8oN-x/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша «Қазақтың ұлттық ойындары» атты тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет бере отырып, білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, ұғымдарды әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Қазақтың ұлттық ойындары «Көкпар, Күрес, Тақия тастамақ, Қыз қуу, Көтермек, Жамбы ату, Хан талапай, Соқыр теке, Асық ойнау» ойындары арқылы оқушыларға қазақтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Сөздік қорын, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту. Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DHDKqzVpFPO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
11.03.2025 күні 1-3 сыныптарында»Ою-өрнек сәніміз» тақырыбы бойынша тәрбие сағаты өтті.Мақсаты:жас ұрпақты ою-өрнек, өнер туралы, оның тарихын білуге баулу,тақырып бойынша түсініктерін тереңдете түсу.Ұлттық құндылықтардың қадіріне жететін қазақтың жаңа толқын ұрпақтарын өнерлі,намысты,жігерлі етіп тәрбиелеу.Тәрбиеші:Жунусова А.Е.
https://www.instagram.com/reel/DHFevx1J1KG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мемлекет және қоғам кайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл толуына байланысты 5 сыныпта тәрбие сағаты өткізілді. Онда өмір баяны туралы бейнебаян көрсетілді және өзінің мейлінше қысқа ғұмырында, артына мәңгі өшпестей із калдырганы туралы айтылды.
https://www.instagram.com/reel/DHFfAoWJWZf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тәрбие жұмысының жоспары бойынша мұғалім Ауелбекова Р.К. «Суды, жылуды, жарықты үнемдеу» атты сынып сағатын өткізді.Оқушылар сабаққа белсене қатысты, салған суреттерін қорғаумен сурет байқауы ұйымдастырылды. Балалар жарық, жылу, суды үнемдеу туралы тақпақтар айтты.
https://www.instagram.com/reel/DHIWK6npDzS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы бойынша “Шабыт” жобасы аясында“ Ананың аяла алақаны” тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. 6”Б” сынып оқушылары еңбек сабағында аналарына сыйлық ретінде өз қолдарымен алқалар жасап, сыйлады.
https://www.instagram.com/reel/DHI0HRxJexd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
13.03.2025 жылы 5″Б»сыныбында «Төрлет,әз-Наурыз!»атты ашық тәрбие сағаты өтті.Мақсаты:»Наурыз»мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны,наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен,әдет -ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап,ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
https://www.instagram.com/reel/DHI2LQ5pEqk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Бртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде «Smart Bala «жобасы аясында жоғары сынып оқушылары ұстаз И.В. Тузованың жетекшілігімен жоғары сынып оқушылары мектеп-интернат аясындағы кәсіптік бағдарлау квестіне қатысып, мектеп мұражайына, асханаға, кір жуатын орынға барып, мобилограф мамандығына қызығушылық танытты. Осылайша, бітіруші сыныптың қарсаңында балалар жұмысшы мамандықтарының тізімін талқылап, одан әрі кәсіптік білім алу туралы өз пікірлерін білдірді.
https://www.instagram.com/reel/DHLCUb8pwRn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бүгін — қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан көрісу күні! Бұл — тек достармен, туыстармен кездесу ғана емес, еліміздегі дәстүріміз бен бірлігімізді нығайтуға, жақсы тілектер мен ізгі ниеттерді бөлісуге арналған ерекше күн.Көрісу күні — адамдар арасындағы махаббат пен достықты, ынтымақ пен сыйластықты дәріптейтін мереке. Бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, өткенді еске алып, болашаққа деген үмітімізді арттыра отырып, осындай ерекше күні жақындарымызбен қуаныш бөлісейік!
Әрбір көрісу — бақыттың, ынтымақтастықтың белгісі!
Сіздерге тыныштық, бақыт, денсаулық, береке мен бірлік тілеймін! Көрісу күні қуанышыңыз арта берсін!
https://www.instagram.com/reel/DHLQXqhIOaJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
15 наурыз “Қайырымдылық” күніне орай, мектепшілік «Мейірімділік керуені» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
* Қай амалмен қайырлы іс қылсақ та игілікке, жақсылыққа бағытталғаны жөн. Жақсылықты жар салмай-ақ жасау керек дейді, десек те, көпшілікке үлгі болу, үндеу жасау ретінде кейінгі кезде көптеп айтылуда.
* Біздің де мақсатымыз бұл іске барынша ат салысу. Жақсылық жаршысы болып, қайырлы іс қылудан шаршамайық!
https://www.instagram.com/reel/DHNfcFfI3WS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қазақтың ұлттық ойындары – рухани қазына. 14 наурыз 2025 жылы Қарағанды облысы білім басқармасының №10 мектеп-интернаты КММ-де 2 «А» сыныбында «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларды ұлттық ойындар арқылы қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру, туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Іс-шара барысында балалар түрлі ұлттық ойындар ойнап, олардың тарихы мен маңызын білді. Бұл сабақ олардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, қазақтың бай мәдени мұрасын тереңірек түсінуге ықпал етті.
https://www.instagram.com/p/DHNfzpNooSq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Наурызнаманың 10 күндігі аясында Қамқорлық күніне орай Русаков атындағы №2 мектеп-интернатының оқушылары мектебімізге қонаққа келіп, ерекше мерекелік концерт қойды. Олардың өнері бізге ұмытылмас әсер сыйлап, Наурыздың шынайы жылуын сезіндірді.
Бұл шара – қамқорлық пен мейірімділіктің айқын көрінісі. Бірлескен жұмыс нәтижесінде мектептер арасындағы достық нығайып, көңіл-күй көтерілді.
Осындай игі бастамалар көбейе берсін!
https://www.instagram.com/reel/DHN8Kt_IL5S/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бүгін – ата-бабамыздың салт-дәстүрін дәріптеп, отбасы құндылықтарын ұлықтайтын ерекше күн. Қазақ бірлестігінің мұғалімдері бұл мерекеге орай ұлттық ойындар мен дәстүрлерді насихаттайтын тамаша іс-шара ұйымдастырды.Мақсаты: ата-баба салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарды ұрпаққа кеңінен насихаттау, сондай-ақ сүйіспеншілік, мейірімділік, сенім мен құрметті дәріптеу.
Шаңырақ – тек баспана ғана емес, ол бірліктің, тұрақтылықтың, ұрпақтар сабақтастығының символы. Әрбір шаңыраққа шаттық пен береке, бақыт пен ынтымақ тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
https://www.instagram.com/reel/DHP59F8IFmq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Наурызнаманың 10 күндігінің 17 наурыз “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні”. Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала, баланы бесікке бөлеу, дәстүрін атадан балаға жеткізу. Бесік жырының маңызын ұғындыру.
https://www.instagram.com/reel/DHSRWwNpWF7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Балаға басқалардың сезімін түсінуді қалай үйретуге болады?” тақырыбында аналармен интерактивті кездесу өтті. Кездесу барысында балаға басқалардың сезімін қалай түсіндіруге болатыны жайында психологиялық-педагогикалық кеңестер беріліп, ата-аналар да өз ойларын ортаға салды. Сол тақырыпта постер қорғап, өздерін баланың орнына қойып, “Ана мен бала” диалогын ұйымдастырды. Кездесу соңында өздерінің бүгінгі күннен алған өз эмоцияларымен бөлісті.
https://www.instagram.com/reel/DHSiDyRJ-_V/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Өнегелі-15 минут»
https://www.instagram.com/reel/DHTGifgpyV3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 1-сыныпта «Жер сағаты» экологиялық акциясы өткізілді, онда оқушылар ата-аналарымен бірге «Табиғатты аялайық» тақырыбында сурет салды.
https://www.instagram.com/reel/DHVIN6AJVsU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
10 арнайы мектеп-интернатының педагогтері 12-22 наурыз аралығы “Ұлттық киім күнінде» барлығы жұмыс уақытында ұлттық киіммен жүруді қолдайды.
Ұлттық киім күні дәстүрлі киім арқылы мәдени дәстүрлердің, бірегейлігі мен алуан өзгешілігін көрсететін маңызды оқиға. Бұл күні адамдар өздерінің, мәдениеті мен тарихына, ата-бабаларына құрмет көрсету және өз мұраларын басқалармен бөлісу үшін ұлттық киім киеді.
https://www.instagram.com/reel/DHU_ypUIGEB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Наурыз айында туған балалардың мерекелік кеші! ✨
18 наурыз күні №10 арнайы мектеп-интернатында ерекше шара өтті! Наурыз айында туған оқушылардың туған күн кеші Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келді.Балалар ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, өлең оқып, тамаша көңіл күйде уақыт өткізді. Шара соңында оқушыларға сыйлықтар мен тәттілер таратылды.
Бұл күн оларға ұмытылмас естелік сыйлады!Ұйымдастырушылар: 2 “А”, 2 “Б”, 5 “Б” сынып оқушылары.
https://www.instagram.com/reel/DHV8OEMoa9U/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
19-наурыз “Жаңару күні”. Жаңа көшеттер – жаңа идеялар: Мемлекет дамуындағы жаңа кезең!
Көктем келіп, табиғат оянып жатқанда, біз де жаңарудың, дамудың жаңа кезеңіне қадам басамыз. Әр ағаштың тамыры тереңге кетіп, әрбір жаңа көшет жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Осы көктемде біздер де жаңа идеялар мен бастамалар арқылы еліміздің гүлденуіне үлес қосамыз!
Табиғатқа деген қамқорлық, экологияға деген жауапкершілік әрқайсымыздың жүрегімізде болу керек. Әрбір отырғызылған ағаш – болашақ ұрпаққа қалдырған баға жетпес мұра.Табиғатқа сый жасай отырып, өзімізді де жаңартып, жаңа биіктерге жетейік!
https://www.instagram.com/reel/DHXn8_woOyI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Наурызнам онкүндігінің жетінші күні Қазақстанның барлық аймақтарында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен турнирлер өтті. Бұл шараға №10 арнайы мектеп- интернатының оқушылары мен ұстаздары қосылып, дәстүрлі «Қыз қуу», «Арқан тартыс», «Асық ату», «Көл күрес», «Аударыспақ» сайыстарымен эстафеталық жарыс ұйымдастырды. Әр команда өз номинациясын лайықты алып, күш, ептілік және бірлік көрсетті!
https://www.instagram.com/reel/DHaLrc_JwFR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
21 наурыз – Ынтымақ күні .Бұл күн өткенді еске түсіруден, ата-бабамыздың қазіргі уақытты қалыптастыруға және сақтауға қосқан үлесінің маңыздылығын түсінуден тұрады.Бұл ел үшін маңызды тарихи оқиғалар мен ұлттың жетістіктерін еске алу уақыты, сонымен қатар елдегі әртүрлі топтар мен қоғамдық топтарды біріктірудің маңыздылығын білдіреді.
Ынтымақ – елдің тұтастығы мен тұрақтылығының кепілі. Халықтың ауызбіршілігі мен бірлігі елдің дамуы мен гүлденуінің басты негізі болып табылады. 21 наурыз – татулық пен достықты нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, мәдени әртүрлілікті дәріптеуге арналған күн.
Бұл күні біз бірлігімізді көрсетіп, рухани құндылықтарымызды дәріптеуіміз керек!
https://www.instagram.com/reel/DHc1e3golLK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Наурыз – қазақтар арасында да, Азияның көптеген халықтары арасында да бес мың жылдан астам тойланып келе жатқан жылдың басты мерекесі.Наурыз – көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басы.
https://www.instagram.com/reel/DHiYX17IPqO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша қазақ жоғары сыныптары арасында «Қызықты математика» тақырыбында дефектолог Темирбаева М.Ж-мен Жакупбекова Г.Д-ның ұйымдастырумен тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өз бетінше ойлау, есептеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DH8ajS2JrF4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
02.04.2025 жылы «Еңбегі адал -жас өрен»әлеуметтік жоба аясында 2″А» және 3″В”сыныптарында «Жас жол инспекторлары»сайысы өткізілді.Мақсаты:жас ұрпақтың Отансүйгіштік рухын қалыптастыру,елін қорғауға деген жауапкершілін арттыру.
https://www.instagram.com/reel/DH8dJHIJz65/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
03.04. күні «Біртұтас тәрбие» жоспары бойынша 6,7 «Б» сыныпта «Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.Оқушылар үнемдеу жолдарының әдістерімен бөлісу. Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, ой-өрістерін, тілдік қорын дамыту, үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DH-aTw5pXFH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сәуір айында Кайшманова А.К. дефектолог-педагогтың жетекшілігімен, «Қалдықты табысқа айналдырайық» атты челлендж өтті. Оқушылар қалдықтарды сандық форматта сұрыптады. Оқушылар табиғатты аялауға шақырды.
https://www.instagram.com/reel/DH-r0_Hp3rx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие»бағдарламасы аясында З А»З В » ЗБ» ЗГ» 4Б»
оқушылармен ата-аналармен » Өнегелі 15 минут өтті.Мақсаты : Адамгершілік, моральдык тәрбиені, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
https://www.instagram.com/reel/DH-sgqOpG1G/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 3 «Б» сыныбында «Ағаш егу» экочелленджі өтті. Эко-челлендждің мақсаты — қоршаған ортадағы мінез-құлық дағдыларын дамыту. Тұқым егу, суару, өсімдіктерді күту үшін топырақты дайындай білу. Әлеуметтік жауапкершілікті тәрбиелеу және қоршаған әлемге саналы көзқарасты дамыту.
https://www.instagram.com/reel/DH-uUAhJC65/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тәрбие жоспары бойыншы 3 “В” сыныбында “Өмірге салауатты қадам “ атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DIL2IJppXi-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
08.04.2025ж.1″Б»сыныбында «Менің ата-анамның мамандығы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды ата-аналарының мамандықтары туралы ақпаратпен таныстырып, әртүрлі кәсіптерді қадірлеуге, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сонымен қатар, оқушылардың болашақтағы кәсіби таңдауына қызығушылықтарын арттыру және өздері үшін лайықты мамандықты таңдауға бағыт беру.
https://www.instagram.com/reel/DIL2cvmJrUm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Балалар үшін жылдамдыққа, шыдамдылыққа арналған спорттық эстафеталар ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер ептілік пен тапқырлыққа арналған командалық сынақтардан өтті. Дүниежүзілік денсаулық күні салауатты өмір салтын, дене шынықтыруды және спортпен шұғылдануды насихаттауға бағытталған!
https://www.instagram.com/reel/DINhePhoZ9P/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
📅14 сәуір 2025 ж.«Таза Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығының жоспары бойынша, бүгін мектебімізде «Таза планета бізден басталады!» атты экологиялық сауаттылық апталығының салтанатты ашылу жиыны өтті.Жиын барысында табиғатты аялаудың маңызы, қоршаған ортаға деген жауапкершілік және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жайлы маңызды ойлар ортаға салынды.Оқушылар экосана қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралармен танысып, алдағы аптада өтетін шаралар жоспары жарияланды.Табиғатты қорғау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Таза болашақ – саналы әрекеттен басталады!
https://www.instagram.com/p/DIaq9ojo6Ih/?utm_source=ig_web_copy_link
2025 жылдың 14 сәуірінде «Жер күні – таза экология, Таза Қазақстан» акциясы аясында мұғалімдер Кайшманова А.К. және Нурабекова А.С. 5–10 сынып оқушылары арасында экологиялық іс-шара өткізді. Мақсаты: экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаның жағдайына жауапкершілікті дамыту және туған табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Шара аясында оқушылар аумақты тазалауға, ағаш отырғызуға белсене қатысты
https://www.instagram.com/reel/DIbKcw8JSD_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Таза Қазакстан» экологиялык сауаттылық апталығының жоспарына сай бастауыш сыныптарарасында«Табиғат әлемі балалардың көзімен»атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 2 «а» және з «в» сыныптары белсене қатысты, жарайсыңдар!
https://www.instagram.com/p/DIdh8HczIeM/
15 сәуір күні 5-10 сыныптар арасында “Заңды білмеу — жауапкершіліктен босатпайды” тақырыбында мектеп инспекторы Камила Жанатқызымен кездесу болып өтті. Мақсаты: құқықбұзушылықтың алдын алу және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу; өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/DIwZZ2GoPlW/
Тәрбие жұмысының жоспары бойынша тәрбиеші Ауельбекова Р.К. 2025 жылдың 16 сәуірінде «Қаламыздың көрікті жерлері» тақырыбында пікірталас өткізілді.Мақсаты: Туған өлке тарихының деректерін зерделеу арқылы азаматтық санаға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Кейбір ескерткіштердің тарихымен таныстырылды.
https://www.instagram.com/p/DIgPz7fz15l/
17 сәуірде мұғалім-дефектологтардың жетекшілігімен Кайшманова А.К. және Есенкулова А.А. жас экологтар «Судың ғажайып әлемі» тақырыбындағы экологиялық турнирге қатысты.
Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап берді, жұмбақтарды шешті, су туралы өлеңдер оқыды. Олар судың әрбір тамшысын ұқыпты ұстауға шақырды.1 орын 7 «А» — 8 «А», 2 орын 7 «Б» — 8 «Б», 2 орын 9 «А» — 10 «А» сыныптарын алған марапаттарымен құттықтаймыз.
https://www.instagram.com/p/DIiyZ-2zdkm/
17.04.2025ж. «Таза Қазақстан»акциясы аясында ата-аналармен бірлемкен сенбіліктер ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/10internat_balkhash/
18.04.2025 ж. өскелең ұрпақты табиғатымызды аялап, қорғауға және еңбекқорлыққа баулу, көшет отырғызу арқылы ұйымшылдық танытып, туған жерімізді көркейту мақсатында 2024-2025 оқу жылындағы мектеп түлектері арасында “Ағаш егу” экочеленджі өтті.
Жауаптылар: Кайшманова А.К., Садвокасова О.К., Рафикова О . Ю.
Сынып жетекшілері: Нурабекова А.С., Кайпышова Г.
https://www.instagram.com/reel/DInA5Y0I-IG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18 сәуір күні 9-10 сынып оқушыларымен «Жақсылық еліне саяхат» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді, қарым-қатынас мәдениетін, басқаларды құрметтеуге және ізгі істерге ұмтылуға тәрбиелеу.Сабақ барысында достық, шыдамдылық, сыпайылық, өзара көмек көрсету ұғымдары ашылды. Оқушылар талқылауға белсене қатысып, тапсырмаларды орындады.
https://www.instagram.com/reel/DIsazBBp7_3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
22 сәуір күні 5-10 сыныптар арасында “Әлеуметтік дағдылар: қарым-қатынас құпиялары” атты әлеуметтік педагог сағаты өтті. Мақсаты:Оқушыларға қарым-қатынас жасаудың маңызын түсіндіру, белсенді тыңдау, өз эмоциясын тану және жағымды қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту.
https://www.instagram.com/10internat_balkhash/
Қазақ классигі, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына байланысты 3- 4 а сыныбында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларға өмір баяны мен шығармашылығы туралы мағлұмат айтылды.
https://www.instagram.com/reel/DI03wrepMj2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сәуір айының 25 күні 6-7 сынып оқушыларына мектеп психологы “Вертуалды тәуелділік туралы не білемін?” тақырыбында әңгіме жүргізді.
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің интернетке деген тәуелділігін алдын алу.Оқушылар өз ойларымнн бөлісіп, көңілді әңгіме жүргізіп, оқушылардың ғаламторға деген қызығушылығын біліп, қандай пайдасы мен зияны бар екенін бөлісті. Балалар әңгіме барысында өздерін еркін ұстап, әр сұраққа мұқият жауап беріп, белсенді қатысты.
https://www.instagram.com/reel/DI3hxjNpql8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
25.04.2025 ж.Мектепте «Әдептілікке үйрету» атты жылы әрі пайдалы сыныптан тыс іс-шара өтті.Балалармен бірге «рахмет», «өтінемін», «кешіріңіз» деп айтудың неліктен маңызды екенін талқылап, бір-бірімізбен сыпайы амандасып, тыңдап, көмектесуді үйрендік. Ойын, қызықты тапсырмалар және өмірлік жағдаяттарды талдау арқылы балалар мәдениетті және құрметті мінез-құлық ережелерін бекітті.
https://www.instagram.com/reel/DI4L5GmI3AL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
26.04.2025 күні “Таза Қазақстан” акциясы аясында мектебімізде сенбілік ұйымдастырылды. Шара барысында мектеп аумағы тазаланып, ағаштар мен гүлдер отырғызылды. Оқушылар мен ұстаздар,кіші қызметкерлер белсене атсалысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
https://www.instagram.com/reel/DI8GtvTof_d/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
28.04.2025 жылы 2″А» сыныбында «Бірлігіміз жарасқан елміз» тәрбие сағаты өтті.Мақсаты:халықтар арасындағы достықты нығайту,оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.
https://www.instagram.com/reel/DI_LSrXJvh-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
30.04.2025 жылы.5 Б сыныбында «Қазақстан халықтарының ынтымақтастық күні»сынып сағаты өтті.Мақсаты: Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлттардың достығы мен бірлігін дәріптеу,оқушыларды татулыққа,өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DJDyYT3pNYg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
30 сәуір күні дәстүрлі «Туған күніңмен, балақай!» атты туған күн мерекесі 0»Б»,1»А»,1»Б» сынып ұстаздарының ұйымдастыруымен өтті.Туған күн мерекесінде балалар туған күн иелеріне жақсы тілектерін айтып сыйлықтарын сыйлады және де көптеген қызықты ойындар ойнап,би билеп,ән айтты.
https://www.instagram.com/reel/DJFEJyTI29w/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қорытынды:
Бірінші тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар мектеп оқушыларының тәрбие деңгейін арттыруға ықпал етті. Тәрбиелік іс-шаралар балалардың рухани, әлеуметтік, патриоттық, мәдени дамуына ықпал етіп, олардың тәртібі мен белсенділігіне оң әсерін тигізді. Екінші тоқсанға бағытталған жоспарлар мен мақсаттар бекітілді.
Ұсыныстар:
- Оқушылармен жобалар жұмысын жандандыру
- Әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалармен жұмысты күшейту.
- Тәртіп мәселелерін бақылауды және жеке оқушылармен жұмысты жалғастыру.
- Сынып сағаттарын әртүрлі форматта ұйымдастыру
Ұсыныс:
- «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп берілген шығармаларды уақытында оқып, зерделеніп қорытындысы шығарылсын;
- Мектептің Facebook, Инстаграм парақшасына атқарылған жұмыстар дер кезінде жариялансын
- Сынып сағаттарында, апталықта, сыныптан тыс іс-шарада Абайдың «Толық адам» бейнесі қамтылсын.
Дайындаған: ДТІЖО Тастанбекова Г.Д.