2025 -2026 оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы»негізінде атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі.
2025–2026 оқу жылында тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде ұйымдастырылды. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды.
Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – «Адал азамат» тұжырымдамасының құндылықтарына сай, патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді, жауапты, еңбекқор және жасампаз тұлға қалыптастыру болды.
Оқу жылы барысында тәрбие жұмыстары 6 негізгі құндылық бағытында жүйелі түрде жүргізілді:
- Тәуелсіздік және отаншылдық
- Бірлік және ынтымақ
- Әділдік және жауапкершілік
- Заң және тәртіп
- Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
- Жасампаздық және жаңашылдық
Жылдық жоспар өткен оқу жылындағы талдау мен SWOT-сараптама нәтижелерін ескере отырып құрылды. Тәрбие жұмысы 5 негізгі іс-шара бағыты және 6 жоба аясында жүзеге асырылды. Ай сайын тұрақты түрде сынып сағаттары, қауіпсіздік сабақтары, ата-аналар жиналыстары, тәрбиелік мәні бар мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Құндылықтарға негізделген іс-шаралар білім алушылардың тұлғалық дамуына, азаматтық ұстанымының қалыптасуына және әлеуметтік жауапкершілігінің артуына ықпал етті. Жүйелі және кешенді жұмыстар оқу-тәрбие процесінде күнделікті және апталық жоспар негізінде жүргізілді.
2025–2026 оқу жылында тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылды. Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, отаншыл, жауапкершілігі жоғары, рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасқан тұлға тәрбиелеу болды.
Оқу жылы барысында тәрбие жұмысы алты негізгі құндылық бағытында жүргізілді: тәуелсіздік және отаншылдық; бірлік және ынтымақ; әділдік және жауапкершілік; заң және тәртіп; еңбекқорлық және кәсіби біліктілік; жасампаздық және жаңашылдық. Аталған бағыттар бойынша сынып сағаттары, тәрбие сағаттары, қауіпсіздік сабақтары, мәдени-көпшілік іс-шаралар, әлеуметтік жобалар және ата-аналармен бірлескен жұмыстар ұйымдастырылды.
Тәрбие жұмысы мектептің жылдық жоспарына сәйкес айлықтар, апталықтар, акциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, қайырымдылық және қоғамдық іс-шаралар арқылы жүзеге асырылды. Құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастыру, буллингтің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Ата-аналармен өзара іс-қимыл ерекше назарда болды. Ата-аналар жиналыстары, ата-аналар оқуы, жеке кеңестер және педагогикалық қолдау орталығы аясындағы жұмыстар ұйымдастырылып, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастық нығайтылды.
Қол жеткізілген нәтижелер:
- Білім алушылардың отбасы құндылықтарына деген құрметі артып, ата-анаға сыйластық, перзенттік парызды түсіну деңгейі нығайды.
- Оқушылардың патриоттық сезімі, ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге деген қызығушылығы артты.
- Жауапкершілік, тәртіптілік, әділдік, әдептілік қасиеттері қалыптасып, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарының тиімділігі байқалды.
- Салауатты өмір салтын ұстану, жеке бас гигиенасы мен эмоционалдық тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар нәтижелі жүргізілді.
- Қоршаған ортаға жанашырлық, еңбекке құрмет, қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениеті нығая түсті.
Тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық құндылықтар – ұлттық мүдде, ар-ұят, талап басшылыққа алынды.
Жалпы алғанда, 2025–2026 оқу жылындағы тәрбие жұмыстары жоспарға сәйкес орындалып, қойылған мақсаттар мен міндеттер жүзеге асырылды. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы жұмыстар келесі оқу жылында да жүйелі түрде жалғасын табады.
2025-2026 оқу жылында мектептің тәрбие қызметінің кадрлық құрамына сипаттама.
| № | Аты-жөні | Күні, айы, жылы | Лауазымы | Курс | Пед өтілі | Категория | Аттестация өтетін жылы |
| 1 | Адамбек Бота Сериковна | 07.04.1994
|
тәрбиеші | 2023 | 12 ж | педагог-модератор | 2029 |
| 2 | Искакова Зере Боранкуловна
|
27.07.1991
|
тәрбиеші | 2023 | 12 ж | педагог- модератор | 2027 |
| 3 | Сапарбекова Гауһар Дуйсенханқызы | 20.03.1992
|
тәрбиеші | 2023 2025 | 7 ж | педагог | 2026 |
| 4 | Акторгаева Гулшара Жузбаевна | 19.05.1972 | тәрбиеші | 2023 | 28 ж | педагог- эксперт | 2027 |
| 5 | Танишева Динара Айтмагамбетовна | 24.06.1984 | тәрбиеші | 2023 | 17 ж | педагог | 2026 |
| 6 | Садыкова Кулшат Сатыбалдовна | 20.07.1967 | тәрбиеші | 2023 | 30 ж | педагог- эксперт | 2027 |
| 7 | Ауельбекова Роза Каусхановна | 03.11.1964 | тәрбиеші | 2023 | 40 ж | педагог- эксперт | — |
| 8 | Кайпышова Гульбахрам Айткабыловна | 14.08.1986 | тәрбиеші | 2023 | 8 ж | педагог- модератор | 2027 |
| 9 | Нурабекова Алия Садыковна | 11.09.1978
|
тәрбиеші | 2023 | 4 ж | педогог | 2026 |
| 10 | Тұрысбек Гүлнар Тұрысбек | 26.06.1987 | тәрбиеші | 2023 | 12 ж | педогог | 2026 |
| 11 | Қали Мақпал Тайкенқызы
|
24.08.1980
|
тәрбиеші | 2025 | 20 ж | педагог- модератор | 2026 |
| 12 | Абжанова Нүргүл Арстанбекқызы
|
04.03.1992
|
тәрбиеші | «Daryn ustaz» 2023«Өрлеу»2025
|
9 ж | педагог-модератор | 2027 |
| 13 | Жунусова Айткул Есеновна | 11.04.1965
|
тәрбиеші | 2025 | 31 | педагог- модератор | — |
| 14 | Абилкасимова Жанагуль Куанышовна. | 26.11.1976.
|
тәрбиеші | 2023 | 26 ж | педагог- эксперт | 2026 |
| 15 | Кайпбергенова С.А. | 03.01.1972
|
тәрбиеші | 2023 | 27 | педагог- модератор | 2026 |
| педагог | Педагог-модератор | Педагог-сарапшы | Педагог-зерттеуші |
| 4 | 6 | 4 | — |
Сынып жетекшілермен жұмыс.
2025-2026 оқу жылында мектебімізде барлығы 0-10 сыныптар арасында 20 сынып комплектісі бар. 0 — 4 сынып бойынша 11 сынып, 5 – 10 сынып бойынша 9 сынып, 2- . Барлығы 14 сынып тәрбиеші қызмет атқарады. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай тәрбие жоспарларын жасады. Сынып жетекшілер бірлестігінің отырысы әр тоқсан сайын ұйымдастырылып тұрады.
1.Ата — аналар жиналысын өткізудің заңнамалық негізі және басшылыққа алатын құжаттармен танысу.
2.Ата — аналармен тиімді жұмыс жасау формалары мен құнды қағидаларын анықтау.
3.Әр түрлі форматтағы ата — аналар жиналысының жоспарын құрастыру.
- Құндылықтар туралы
1.2025-2026 оқу жылында тәрбие жұмысы бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес алты негізгі құндылықтарға сәйкес ұйымдастырылды.Әрбір құндылық оқу процесінде жүйелі түрде көрінді.Әр ай тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс- шараларды қамтыды.Әр сынып сағатының соңында 10 минут көлемінде жеке қауіпсіздік уақыты бөлінді.Күнделікті іс-шаралар қатары: «Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру.«Өнегелі 15 минут», «Үнемді тұтыну».Апта сайын: «Менің Қазақстаным» әнұран орындау, «Апта дәйексөздері»жүргізілді.
Алты құндылықты ұтымды дәріптеуде сынып жетекшілері мен мұғалімдерге арналған семинарлар, әдістемелік бірлестік отырыстары ,педагогикалық кеңестер өткізілді.Сонымен қатар әр түрлі акциялар,қайырымдылық және волонтерлік іс-шаралар,мәдени іс-шаралар,мұражайларға бару,шақырылған қонақтармен кездесулер,спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар ай сайын белгіленген атаулы күндерге,«ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы аясында тоқсан сайын іс-шаралар ұйымдастырылады. Оқушылардың белсенділігі мен қатысу деңгейін арттыру мақсатында түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектептің Facebook,сайтқа , Инстаграм парақшасына атқарылған жұмыстар дер кезінде жарияланып отырады.
2.Жобалар,челлендждер
Жобалар- бұл білім беру мен қоғамның әр түрлі аспектілерін жақсартуға,білім алушыларды ,ата-аналарды,педагогтарды профилактикалық іс-шараларға тарту арқылы жеке құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамалары.
Анализ работы по направлению «Smart Bala»за 2025-2026 учебный год
секции гуманитарно-политехнического цикла
Использование направления «Smart Bala» воспитательной программы «Адал азамат» в обучении и воспитания детей на внеклассных мероприятиях позволяет формировать высокий уровень мотивационного пространства, обеспечивающего развитие интеллектуальных возможностей, лидерских качеств, а также информационной культуры, в том числе по киберкультуре и кибергигиене детей. Для учащихся с интеллектуальными нарушениями «СШИ № 10» был составлен и реализован в течение учебного года адаптированный план работы по данному направлению.
| № | Название | Ответственный | Сроки |
| 1 | Қазақтың бас ақыны, ағартушы, саяси кайраткер Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл «Жасымда білім бар деп ескермедім» дебат ойыны
|
Тузова И. В.
Жумашкина А.К. |
Сентябрь |
| 2 | «Қызықты жаратылыстану әлеміне шолу» интерактивтік саяхат
|
Кайшманова А.К. | октябрь |
| 3 | «Все профессии нужны- все профессии важны» проект образовательного мероприятия с использованием смарт –технологии
|
Тузова И. В.
Жумашкина А.К. |
ноябрь |
| 4 | Цифрлық әлемінде қауіпсіздік қадам | Есенкулова А.А.
Кусбекова Г.К |
декабрь |
| 6 | Жедел қызмет нөмірлері | Темирбаева М.Ж.
Жакупбекова Г.Д.
|
январь |
| 7 | Технолаборатория «Умные гаджеты» | Кусаинова К.Е. | февраль |
| 8 | «Элекронная платформа приходит на помощь» | Амерханова Л.А. | март |
| 10 | QR код арқылы білім алу | Жакупбекова Г.Д.
Темирбаева М.Ж.
|
апрель |
| 11 | «Smart бала» жобасының жұмыс жоспарын қорытындылау | Кусаинова К.К.
Жакупбекова Г.Д. Тузова И.В.
|
май |
На неделе языков в сентябре учителя –языковеды Тузова И.В. и Жумашкина А.К. провели с использованием информационно –цифровых технологий в форме секционной работы старшеклассников воспитательное мероприятие «Абай. Страницы жизни и творчества» к 180-летию со дня рождения Абая Кунанбаева. В секции «Художественная» учащиеся 9а класса узнали исторические данные с опорой на презентацию и затем на мольбертах нарисовали пейзажи родины поэта. В секции «Историческая» учащиеся 6б, 7б классов с опорой на слайды рассказали об основных этапах биографии Абая. На секции «Поэтическая» воспитанники 8а класса сделали обзор его произведении с опорой на выставку и вместе с педагогами читали стихи поэта. На секции «Музыкальная» учащиеся по нейросетям узнали, что Абай Кунанбаев был не только поэтом, но и композитором. Он создал около двух десятков мелодий, которые популярны в наши дни. Послушали песню «Көзімнің қарасы» и исполнили танец «Камажай.»
В рамках плана работы по направлению «Smart Bala» в октябре Кайшманова А.К. с воспитанниками 9б класса провела интерактивное путешествие по теме «Обзор увлекательного мира естествознания» с целью формирования представления учеников о животных , совершествования умения классифицировать объекты, выделяя их характерные признаки. Использование учащимися интерактивной доски и игровых заданий по естествознанию способствовало укреплению навыков пользования современными технологиями и повышению познавательного интереса к предмету.
Проект «Smart Bala» — это образовательная инициатива, направленная, в том числе, на формирование личностных ценностей путем вовлечения учащихся в активные формы мероприятий. Одним из таких мероприятий стал краткосрочный проект «Все профессии нужны — все профессии важны», проведённом в ноябре, где обучающиеся 8 б класса под руководством учителей Тузовой И. В. и Жумашкиной А. К. Учащиеся провели блиц — опрос сотрудников школы- интерната. В ходе опроса ребята задавали вопросы по деятельности сотрудников образовательного учреждения и не только. Так, на вопросы учащихся о своей деятельности рассказали директор школы, заместитель директора по воспитательной работе, заместитель директора по хозяйственной части, бухгалтер. А в кабинете врача ребята поинтересовались о деятельности санитаров в медицинских учреждениях. В завершении учащимся было предложено рассказать, что нового они узнали, и представить свои новые знания с помощью интерактивных инструментов. С целью формирования навыков безопасного поведения в интернет сети в декабре педагогом Есенкуловой А.А. была проведена беседа на тему «Безопасный шаг в цифровом мире» с учащимися 6–9 классов. В ходе беседы обучающиеся познакомились с основными правилами безопасного использования интернета и мобильных устройств, узнали о возможных рисках цифровой среды и способах их предотвращения. Особое внимание было уделено умению распознавать опасные ситуации и обращаться за своевременной помощью к взрослым.
Учителем Жакупбековой Г.Д. в рамках программы«Smart Bala» в январе проведён урок безопасности «Номера экстренной помощи с учащимися среднего звена. Основная цель: научить учащихся правильным способам действий в чрезвычйных ситуациях и объяснить необходимость запоминания важных контактных номеров экстренных служб:101 (пожарная служба), 102 (полиция), 103 (скорая помощь), 112(аварийные службы) Также учитель рассказала об основных функциях данных служб и их деятельности.
В феврале учителем Кусаиновой К.Е при участии учащихся 9-10 классов по плану«Smart бала» было проведено внеклассное мероприятие по теме: «Умные гаджеты: помощники или ловушки?» Целью мероприятия было развить цифровую грамотность, показать, как умные гаджеты помогают в учёбе и жизни. На мероприятии старшеклассники с опорой на просмотренную презентацию на интерактивной доске через устную разминку «Верю –не верю» и через квест- путешествие по станциям «Угадай гаджет», «Гаджеты в учёбе», «Опасно или полезно?», «Цифровой этикет» расширили свои знания о гаджетах, учились пользоваться технологиями безопасно и с пользой.
В марте учителем Амерхановой Л.А.проведено внеклассное мероприятие на актуальную тему «Электронная платформа приходит на помощь» в разновозрастной группе 5-9 классов. Это мероприятие стартовало в рамках проекта «Smart Bala». Цель мероприятия в том, чтобы показать учащимся, что интернет и ИИ – это помощники человека в учебе, жизни и общении, развивать интерес и положительное стремление к компьютерным технологиям. Педагог раскрыла возможности интернета для учебы, ребята узнали, что существует много образовательных порталов, которые являются умными помощниками. Такие помощники помогают улучшать знания по истории, географии, биологии, в изучении иностранных языков. В таких порталах можно найти энциклопедии о животных, науке и технике, о здоровье и спорте, жизни. Участники мероприятия оживляли картинки, создавали фото, играли в игры, проявили много положительных эмоций и подвели итог, что интернет и ИИ -это не игрушка, а необходимый портал и компьютер делает нашу жизнь интересной и увлекательной. В рамках программы «Бір тұтас тәрбие» по проекту «Smart бала» среди средних классов в апреле проведен воспитательный час на тему «Обучение по QR-коду», организованный дефектологами Жакупбековой Г.Д. и Темирбаевой М.Ж. Главная цель урока — ознакомление с технологией QR-кода и обучение ее эффективному использованию при получении знаний. В ходе воспитательного часа школьники увидели сказку «Животные, которые спорят на начало года» с использованием QR-кода и получили подробную информацию о священном животном по QR-коду, так как в этом году год лошади. Также подведены итоги воспитательного часа с прослушиванием национальных музыкальных инструментов.
Все мероприятия, расширяющие представления детей об информационной культуре и навыках, прошли согласно внутришкольного плана вовремя и на достойном уровне. Разработки сданы заместителю по ВР, в социальных сетях размещена информация.
Грамотное использование современных информационных технологий значительно повышет мотивацию к обучению. Позволяет воссоздавать реальные предметы или явления в цвете, движении и звуке, что способствует развитию творческих способностей и активизации умственной деятельности. Умение планировать и моделировать занятия с помощью ИКТ помогает педагогам решать конкретные учебные задачи, повышать познавательную активность и мотивацию учащихся.
«Еңбегі адал- жас өрен» жобасын іске асыру жоспары
2025-2026 оқу жылы
Жобаның мақсаты: білім алушылардың бойына еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік және табандылық қасиеттерін дарыту, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Жобаның міндеттері:
- Қарапайым еңбек дағдыларын үйрету;
- Ұжыммен жұмыс істеуге баулу;
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
| № | Іс-шараның атауы | Мақсатты аудитория | Ұйымдас-
тыру түрі |
Аяқталу нысаны | Жүзеге асырушы жауапты мамандар | Мерзімі |
| 1. | «Еңбек-адамның досы» | 7 «А», 8 «А»
5 «А, 6 «А» сыныптары |
Тәрбие сағаты | Сынып сағаттарының жоспарлары | Акторгаева Г.Ж.
Тұрсынбек Ә.Н. |
Қыркүйек |
| 2. | «Үй жұмысына көмектесемін» | 4 «В», 4 «Г», 4 «Б» сыныптары | Фото коллаж | Ақпарат, әлеуметтік желіде жариялау | Адамбек Б.С. Искакова З.Б. | Қазан |
| 3. | «Қолөнер -шебер қолдар» | 4 «А» сыныбы | Шеберлік сағаты | Сынып сағаттарының жоспарлары | Садыкова К.С. | Қараша |
| 4. | «Адал еңбек- ардың ісі» | 5 «А», 6 «Б»
сыныптары |
Әңгіме, видео | Жоспары, әлеуметтік желіде жариялау | Кайпбергенова С.А. | Желтоқсан |
| 5. | «Өз гүлімді баптаймын»
|
3 «А», 3 «А» сыныптары | Гүл отырғызу | Әлеуметтік желіде жариялау | Абжанова Н.А Қали М.Т. | Қаңтар |
| 6. | «Тазалық -тәртіп кепілі»
|
6 «Б», 7 «Б» сыныптары | Тазалық жұмысын жүргізу | Әлеуметтік желіде жариялау | Тұрысбек Г.Т. | Ақпан |
| 7. | «Наурызда ұлттық кәсіп»
|
1 «А», 2 «А», 1 «Б», 2 «Б»
сыныптары |
Ұлттық өнер көрмесі | Әлеуметтік желіде жариялау | Сапарбекова Г.Д. Танишева Д.А.
|
Наурыз |
| 8. | «Мамандық әлемі» | 9 «А», 10 «А»,10 «Б»
сыныптары |
кездесу | Әлеуметтік желіде жария-лау | Кайпышова Г.А. Нурабекова А.С.
|
Сәуір |
| 9. | «Жасаған еңбегім -менің қуанышым» | 8 «Б», 9 «Б» сыныптары | Көрме және презентация | Әлеуметтік желіде жария-лау | Ауельбекова Р.К. | Мамыр |
Жобаның мақсатын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар.
19.09. күні 7 «А», 8 «А» 5 «А, 6 «А» сыныптары арасында «Еңбек-адамның досы» атты тәрие сағатын тәрбиешілер: Акторгаева Г.Ж.,
Тұрсынбек Ә.Н.өткізді.
«Еңбек – адамның досы» — еңбектің адам өміріндегі маңызын білдіретін тәрбиелік мәні зор нақыл сөз.
Еңбек адамды шынықтырады, жауапкершілікке үйретеді, табысқа жеткізеді. Еңбекқор адам әрқашан сыйлы болады. Сондықтан әр адам кішкентай кезінен еңбек етуге дағдылануы керектігі туралы айтылып, мысалдар келтірілді.
Оқушылар еңбектің маңызы туралы түсінік алып, өздерінің қандай еңбекпен айналысатыны туралы айтып өтті.
Мақсаты:
Оқушыларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, адал еңбек етуге тәрбиелеу
“Еңбегі адал жас өрен” жобасы бойынша 4-сынып оқушылары «Үй шаруасына көмектесемін» тақырыбында стенгазета жасады.
Бұл жұмыста оқушылар үй шаруасына көмектескен сәттерін фото-коллаж арқылы бейнелеп, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Балалар тапсырманы үлкен қызығушылықпен және ынтамен орындап, белсенділік танытты.
21.04. «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы аясында «Жасыл терезе» атты ісшара өткізілді. Мақсаты: балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін және қоршаған ортаға ұқыпты қарым-қатынасын қалыптастыру, гүл отырғызу сияқты тәжірибелік іс-әрекетар арқылы жүзеге асыру. Жұмыс барысында балалар қомқорлық пен жауапкершілікті үйренді.
Сәуірде «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында жоғары сынып оқушылары арасында «Мамандықтар әлемі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Бұл шараның мақсаты оқушыларға болашақ мамандықтарын және оқу бағдарларын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі мен оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Тәрбие сағатында әртүрлі мамандықтардың маңыздылығы, талаптары мен мүмкіндіктері жайында ақпарат берілді.
«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының әлеуметтік жобасы аясында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын іске асыру жоспарына сәйкес, 10.03.2026 жылы 1 «А» және 2 «А» сынып оқушылары мектеп мұражайына, этнозалға барып, «Ұлттық өнер көрмесін» тамашалады.
Көрме барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық бұйымдары мен қолөнер туындыларымен танысып, олардың жасалу ерекшеліктері мен маңызы туралы мағлұмат алды. Балалар ата-бабамыздан қалған асыл мұраларды көріп, ұлттық өнердің әсемдігі мен терең тарихын сезінді.
3 «А» және 3 «Б» сыныптарында «Өз гүлімді баптаймын» атты сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру, олардың түрлері, күтімі мен пайдасы жөнінде мәлімет ұсыну. Сонымен қатар оқушыларды табиғатты сүюге, өсімдіктерге қамқорлық жасауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылардың бөлме өсімдіктерін күту дағдылары қалыптастырылып, табиғатқа деген құрмет сезімі дамытылды.
Тәрбиешілер: Абжанова Н.А., Қали М.Т
18.12.2025 жылы «10 арнайы мектеп-интернатында» 5″А»,6″Б» сыныптарында «Адал еңбек ардың ісі»атты тәрбие сағаты өтті.Мақсаты: Оқушылардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымда қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. Еңбектің адам өміріңдегі мәні туралы түсінік беріліп, сөйлеу дағдыларын дамытуға көңіл бөлінді.
«Еңбегі адал- жас өрен» жобасын іске асыру жоспары бойынша 4 5 ші сынып оқушыларымен «Қолөнер -шебер қолдар» атты шеберлік сағаты өтті.
Мақсаты:
– Эбру техникасымен таныстыру;
– Ою-өрнек, әр түрлі элементтерді су бетінде бейнелеу;
– Шығармашылық қабілеті мен ұсақ моториканы дамытуға жұмыстар жүргізілді.
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында кешкі топ оқушыларымен «Шебер қолдар» атты үйірме жұмысы өткізілді. Үйірме барысында оқушылар түрлі шығармашылық жұмыстармен айналысып, жоспарға сәйкес тапсырмаларды орындады. Балалар белсенді қатысып, өздерінің қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Іс-шара барысында оқушылар ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиеленді. Әрбір бала өз жұмысын қызығушылықпен орындап, жасаған бұйымдарын таныстырып, өзара пікір алмасты. Үйірме жұмысы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық белсенділіктерін дамытуға ықпал етті.
Анализ воспитательной работы по проекту «Камкор»
В единой программе воспитания «Адал азамат», которая является развитием программы «Біртұтас тәрбие» проект «Қамқор» занимает важное место как инструмент формирования социальной ответственности и активной гражданской позиции, направлен на воспитание у учащихся чувства ответственности, доброты, инклюзивного сознания и экологической культуры. Проект включает экологические акции, акции помощи, помощь нуждающимся и создание инклюзивной среды.
Главная цель социального проекта «Қамқор» для детей с особыми образовательными потребностями — это развитие жизненных ценностей, социализация и успешная адаптация учащихся в обществе.
Проект направлен на решение следующих ключевых задач:
- Развитие коммуникативных навыков: обучение детей эффективному общению, пониманию окружающих и умению сопереживать.
- Социальная интеграция: создание благоприятных условий для вовлечения детей с ООП в активную школьную и общественную жизнь.
- Коррекция и поддержка: формирование навыков самоконтроля, развитие эмоциональной сферы и коррекция речевых или физических нарушений для полноценного развития личности.
В течение учебного года в рамках проекта «Камкор» педагогами методического объединения коррекционного цикла были проведены мероприятия, направленные на формирование у обучающихся культуры здорового образа жизни, экологического воспитания, развития милосердия, ответственности и активной гражданской позиции. Все мероприятия проведены согласно утвержденному плану.
- В сентябре под руководством Абильдиной А.И. было организовано мероприятие «За здоровый образ жизни». В ходе проведения обучающиеся приняли участие в беседах, спортивных играх и информационных часах, посвященных укреплению здоровья, правильному питанию и профилактике вредных привычек. Учащиеся проявили активность и заинтересованность в теме здорового образа жизни.
- В октябре Ибраевой М.Р. проведена акция «Помощь пожилым людям». Обучающиеся оказали посильную помощь пожилым жителям: помогали по хозяйству, поздравляли ветеранов и пенсионеров, проявляя уважение и заботу о старшем поколении. Акция способствовала воспитанию доброты и милосердия.
- В ноябре Мухажановой А.Ж. организован челлендж «Берегу природу». Участники подготовили видеоролики, рисунки и фотографии, посвященные охране окружающей среды и бережному отношению к природе. Мероприятие повысило экологическую культуру обучающихся.
- В декабре Төкішевой А.Т. проведена акция «Помощь бездомным животным». Обучающиеся собрали корм и необходимые вещи для животных, приняли участие в информационных беседах о гуманном отношении к животным. Акция вызвала большой интерес и поддержку среди учащихся.
- В январе Рафиковой О.Ю. проведена экологическая акция «Час Земли». В рамках мероприятия были организованы тематические классные часы и беседы об экономии электроэнергии и защите окружающей среды. Учащиеся приняли активное участие в акции.
- В феврале Мухажановой А.Ж. проведена викторина «Экономное потребление воды, пищи, энергии». В ходе викторины обучающиеся расширили знания о рациональном использовании природных ресурсов и важности бережного отношения к окружающей среде.
В марте Абильдиной А.И. организована викторина «Помни о других — ты не один на свете». Мероприятие было направлено на развитие взаимопомощи, толерантности и уважительного отношения друг к другу. Обучающиеся активно участвовали в обсуждениях и конкурсных заданиях.
В апреле Рафикова О.Ю. провела челлендж «Давайте превратим отходы в успех». Учащиеся демонстрировали творческие работы из вторичного сырья, продемонстрировав идеи по переработке отходов и их повторному использованию.
В мае Ибраевой М.Р. организован челлендж «Сохраним зеленую планету». В рамках мероприятия обучающиеся участвовали в посадке растений, экологических акциях и подготовке агитационных материалов по охране природы.
Педагоги методического объединения коррекционного цикла принимали активное участие в областном семинаре «Камкор территория доброты и поддержки», проводимое на базе СШИ №10
- выступление руководителя МО на областном семинаре «Реализация проекта «Камкор»,единой программы «Адал Азамат» методического объединения коррекционного цикла
- фрагмент логопедического занятия (Абильдина А.И.) «Создание логопедом нейроанимационного персонажа с помощью ИИ для детей с особыми образовательными потребностями».
Все проведенные мероприятия способствовали развитию экологического сознания, социальной ответственности, гуманности и активной жизненной позиции обучающихся. Работа в рамках проекта «Камкор» выполнена в полном объеме и достигла поставленных воспитательных целей.
«Ұшқыр ой алаңы» жобасын жүзеге асыру бойынша
2025–2026 оқу жылында жүргізілген жұмысы туралы есебі
2025–2026 оқу жылында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сыни ойлауын қалыптастыру, функционалдық сауаттылығын арттыру және еркін пікір алмасу мәдениетін жетілдіру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Жоба барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған интеллектуалдық ойындар, пікірталастар, тренингтер, дебаттар, викториналар және шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында білім алушылар өз ойларын еркін жеткізуге, топпен жұмыс жасауға, дәлелді пікір айтуға және мәселелерді шешудің тиімді жолдарын ұсынуға машықтанды.
Оқу жылы ішінде төмендегідей жұмыстар атқарылды:
- «Тіл – халық мұрасы» челендж ұйымдастырылды;
- «Республика күні – ұлы мереке» суреттер сайысы өткізілді;
- «Теңге – мемлекет келбеті» тәрбие сағаты жүргізілді;
- «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» танымдық-ақпараттық тәрбие сағаты өткізілді;
- «Алтын қақпа» зияткерлік ойыны;
- «Ұшқыр ой мен шешен тіл» викториналық сұрақтар ұйымдастырылды;
13.02.2026ж.күні №10 арнайы мектеп-интернатта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8-сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты тағылымды әрі көңілді іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өздеріне деген сенімділігін арттыру және мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарын насихаттау.
Бағдарлама барысында түрлі ойындар, шығармашылық тапсырмалар мен қызықты жаттығулар ұйымдастырылып, балалар көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Әр бала өз өнерін көрсетіп, білімін ортаға салып, белсенділік танытты. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың жан-жақты дамуына өз үлесін қосып, қоғамда мейірімділік пен түсіністікті қалыптастырамыз.
- «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» бастауыш сыныптар арасында ойындар
- «Қызықты математика әлемінде» тәрбие сағаты
- «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» жадынама дайындап тарату, түсіндірме жұмыстарын жүргізу іс-шаралар ұйымдастырылды.
15.05. күні мұғалім — дефектолог Каукербекова Ж.Ж. оқушылардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігін сақтау мақсатында “Жазғы қауіпсіздік ережелері” тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға:
*күн астындағы қауіпсіздік,
* судағы қауіпсіздік,
* табиғаттағы сақтық шаралары,
* өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Мақсаты — балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Қауіпсіз жаз — бақытты демалыс кепілі!
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқушылардың:
- сыни ойлау дағдылары;
- коммуникативтік қабілеттері;
- шығармашылық белсенділігі;
- топпен жұмыс жасау мәдениеті;
- өз ойын еркін әрі сауатты жеткізу дағдылары дамыды.
Жобаға қатысқан оқушылар түрлі мектепішілік және аудандық іс-шараларда белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып, қоғамдық жұмыстарға қатысу белсенділігі жоғарылады.
Алдағы уақытта жобаның жұмысын жалғастырып, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шараларды көбейту жоспарлануда.
Қорытындылай келе, «Ұшқыр ой алаңы» жобасы оқушылардың жан-жақты дамуына, ойлау қабілетінің артуына және белсенді азаматтық ұстанымының қалыптасуына оң ықпал етті.
“Шабыт” жобасы-Мақсаты: білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу
- «Даналық ұстаздан» челлендж
- «Ұлттық мәдениет» көрме
- «Мектеп театры»
- «Ананың аялы алақаны»челлендж
“Балалар кітапханасы” жобасы-Мақсаты: кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру.
- «Әдеби кеш» кітап көрмесі
- «Кітаптар айналымы» акциясы
- «Шын жүректен кітап сыйла!»челлендж
- «Ең үздік оқырман»сайысы
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы- мақсаты:тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» челлендж
«Қыран елім- Қазақстан» суреттер сайысы
«Ұшқыр ой мен шешен тіл» дебаты
«Ұлттық ойындар» сайысы
«Не?,Қайда? Қашан? Зияткерлік ойыны
«Балалар кітапханасы» жобсы аясында ортаңғы және жоғары сынып оқушылары қатысуымен «Ашық есік» іс-шарасы өткізілді.
Алдымен сәлемдесу мен , мәдени орында өздерін қалай ұстау , кітапхана ережелерімен таныстырылды.
«Ұстаздың назары бала оқыту ісінде болуға тиіс дей отырып, Оқушының дұрыс-бұрыс қателіктерін түсіндіру. Бұл жауапкершілік тек ұстаздар ғана емес, ата-ана, кітапханашыда ат салысуы міндет Сол себепті кітапханада өткізілетін шаралардың бәрі- болашақ жастардың қоғамдағы санасы түбегейлі жаңғыруына үлес қосу деп саналады. .
2026 жыл еліміз үшін тарихи жадыны жаңғыртып, ұлттық рухты нығайтуға бағытталған маңызды кезеңдердің бірі. 2025-2026 оқу жылында дәстүрлі түрде аталып өтетін мерекелерден бөлек, қазақтың бірқатар көрнекті зиялыларының мерейтойлары бар.
Соған қатысты мектеп оқушыларын кітапханадағы стендте ілінген
«Біздің жерлестерді» көрсете отырып
Әңгіме.«Ерен еңбекті жерлестер» туралы ,таныстырып олардың Отанына, еліне, жеріне қосқан үлестері туралы әңгімеленді.. Фотоларын көрсетіп, олар туралы жазылған Библиографиялық шолу өткізіліп кітаптармен таныстырылды.
Қазіргі қоғамда балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту,оларға білім берумен қатар,қызықтырып ролге бөліп , кітаптағы кейіпкердің жуан,жіңішке дауыстарымен кезек-кезек оқыту арқылы мазмұнын түсінгенін анықтап, сұрау арқылы қызықтыру жолға қойыллы.
2025-2026 оқу жылы басынан «Елеулі даталар күнтізбесі жылдағыдый жаңартылып, толықтырылып отырылды.
« Өнеге тағылым сағаты» Ұлағатты өнеге берерлік қасиеттері, тұлғалық ерекшеліктері мен жастар үлгі алатын мінез-құлықтары, білімге құштарлықтары мен көп тілді меңгергендегі жан-жақты дамушылықтары туралы әр топ: бастауыш сыныптармен Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов, терең таныстырылды. , орта Бауыржын Момышұлының ерлігі, ерекше тұлғасы, батырлығы, Әлихан Бөкейхановтар туралы түсінік берілді.
Жоғары сыныптарға Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінің сыры мен мақамы, тереңдігі туралы әңгімеленіп шығармасымен таныстырыцлды.
Кітапхананың абонемент бөлімінде үнемі толықтырылып отыратын кітап
көрмелеріі дайындалған.
Жыл бойы көпшілік оқырмандарға «Тәрбие көзі-ұлттық құндылықтар»деген кітап көрмесі дайындалдып, оқырмандар керек кітаптарын көрмені аша түсетін бөлімшелерінен дайын кітаптарды алып пайдаланды.
Қыркүйек айында
1 8-9 сыныппен Буллинг дегеніміз не? Әңгіме өткізілді.
2 « Білім- ел болашағының шамшырағы» кітап көрмесі көпшілік оқырман назарына ұсынылды.
3 «Қарттар өмірдің шырағы-жүректің мейірім бұлағы» Көпшілік оқырманға
4 «Әлем халықтарының ертегілері балаларға арналған кітап көрмесі.
Қыркүйек айының басынан «Абай-рухани қазына тірегі» атты үлкен кітап көрмесі дайындалған . Мектеп оқушылары бұл көрмеден Абайдың жеке өлеңдері, қара сөздері, шығармалары, Абай туралы жазылған кітаптармен танысты. 10 «А» сынып оқушысы Боқай Дильназ «Білім таппай мақтанба» өлеңін жаттап, . қалалық кітапхана»Сырлас» кітапханасына тіркеліп оқырман болды. Төменгі сыныптар арасында балаларға арналған шығармалары, табиғаттың 4 мезгілі туралы жаттатқызып ,естеріне сақтауды міндеттедік. Абайдың – туғанына 180 жыл толу аясындағы іс шара, ақпараттар әсерінен
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін 10 «Б» оқырманы Боқай Дильназ жаттап алды. Кітап оқуға деген қызығушылыға артты.
Қазан айында
Жоғары сыныптармен Ақпарат сағат «Жаңалықтар жаршысы -мерзімді басылымдармен » таныстырылды.
«Жаңа кітаптар»- төменгі сыныптар үшін.
«Демалыста кітап оқимыз» акция өткізілді. Оқырманның бос уақытында кітап оқуын қадағалау үшін. 6-8,9-10 сынып оқушылары оқыған кітаптарымен таныстырып, мазмұнын қысқаша айтуды қалыптастырды. Демалыста кітап оқимыз Акциясы кезіне Тұрысбек Гүлнар белсенділік танытып балалардың бос уақытында кітап оқуға баулыды. Қазіргі таңда 6-7 сынып оқушыларының кітап оқуға қызығушылықтары артты.
«Мен білемін» тақырыбында Қазақ жазушылары мен ақындары, балқаштықтар туралы кішкене Сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Алғырлықтарын- Жалғасбай Қайсар, Боқай Дильназ, Аружан, Санжарлар танытты. Оқырмандар дұрыс жауап беріп, танып білетіндерін жеткізді қосымша деректер мен толықтырылды.
«Тәрбие сағаты»- Отандық бір кітап оқу жөнінде Шоқан туралы жазған Сапарғали Бегалиннің кітабын және ортаңғы сыныптармен « 6 сыныптың Қазақ әдебиеті хрестоматиясынан үзіндіні оқып шықты.
Әңгіме шолу « Мен шетелдік автордың шығармасын оқыдым» . Кітапханада дайындалған «Әлем халқтарының ертегілер», «Площадь волшебных сказок» көрмесіндегі кітаптармен танысып , ертегілерді ашлып оқыды. Мысалы Антуан Сент-Экзюпери, Г.Х. Андерсен, Шарль Перро.т.б.
Оқырмандардың қарім қабілетіне қарай Әлем әдебиетімен,Отандық шығармаларды үнемі таныстырып оқытамыз. Қызығушылықтарын арттыруда Балқаш қаласындағы Мәдениет сарайындағы « Қуыршақ театрын» шақырып тұрамыз.
3.Алдын-алу шаралары.
Алдын- алу шаралары бойынша: «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»жобасы, «Буллингтен қорған!», «Ойынға салауатты көзқарас», «Қауіпсіз қоғам!» іс-шаралары өткізілді, ақпараттық қауіпсіздік,медиа тұтыну жөніндегі мамандармен сынып сағаттары мен,кездесулер өткізілді.Қарым-қатынас дағдылары,эмоцияларды басқару және қақтығыстарды шешу бойынша тренингтер өткізілді.Лудомания туралы бейне фильмдерді көру,жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу бойынша түсіндіру іс-шаралары,есірткіге қарсы плакаттар жасалынып, Казакстанда Халыкаралык, темекі шегуден бас тарту күніне орай мектебімізде «Темекі-адамзат қасіреті» такырыбында 5-10 сыныптар арасында плакаттар байкауы өтті, сынып тәрбиешісі: Г.А.Кайпышова»Терроризм — адамзатқа тенетін басты қауіп» атты сынып сағатын өткізді, наурыз айынын төртінші жұлдызында 8 сынып оқушыларымен «Менің компьютерім»,»Вертуалды тәуелділік» атты деңгелек үстел түрінде әңгіме, ойын жүргізілді.
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Зиянды әдеттен аулақ болайық», «Буллинг жағдайы;агрессор,куәгер және жәбірленуші», «Өз құқығынды білесің бе?» т,б. алдын-алу шаралары өткізілді.
Мүдделі мемлекеттік органдармен кездесулер өткізілді.Қалалық полиция бөлімі мен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер істер жөніндегі инспекторының бірлескен жұмысы – жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтарды алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
2025–2026 оқу жылындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің (ППҚҚ) қызметі туралы қорытынды ақпарат
2025–2026 оқу жылында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы қолайлы психологиялық орта қалыптастыруға, білім алушылардың сәтті бейімделуін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына уақтылы көмек көрсетуге бағытталды.
ППҚҚ жұмысы бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылып, диагностикалық, түзету-дамыту, профилактикалық, кеңес беру және ағартушылық бағыттарды қамтыды.
Диагностикалық бағыт аясында білім алушыларға кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде бірінші және бесінші сынып оқушыларының бейімделу мониторингі, сынып ұжымдарындағы психологиялық ахуалды зерттеу, «тәуекел тобына» жататын балаларды және ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды анықтау жұмыстары жүргізілді.
Түзету-дамыту бағыты бойынша оқуында, мінез-құлқында және қарым-қатынасында қиындықтары бар білім алушылармен жеке және топтық сабақтар ұйымдастырылды. Жұмыс танымдық үдерістерді дамытуға, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға, эмоционалдық-ерік саласын түзетуге бағытталды.
Профилактикалық жұмыстар аясында құқық бұзушылықтың, буллингтің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында іс-шаралар өткізілді. Қызмет мамандарының қатысуымен сынып сағаттары, тренингтер, акциялар мен әңгімелер ұйымдастырылды.
Кеңес беру бағыты бойынша білім алушыларға, ата-аналарға және педагогтерге тәрбие, оқу, тұлғааралық қарым-қатынас және тұлғалық даму мәселелері бойынша көмек көрсетілді. Жеке және топтық кеңестер өткізілді.
Ағартушылық қызмет аясында ата-аналар жиналыстары, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылып, ата-аналар мен педагогтердің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыруға бағытталды.
«Тәуекел тобына» жататын білім алушылармен және қиын өмірлік жағдайдағы отбасылармен жұмысқа ерекше назар аударылды. Олармен балалардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға және отбасыішілік қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Жыл қорытындысы бойынша оң динамика байқалды: білім алушылардың бейімделуі жақсарды, мазасыздық деңгейі төмендеді, оқуға деген ынтасы артты, сынып ұжымдарындағы психологиялық ахуал жақсарды. Құқық бұзушылықтар мен жанжалдық жағдайлардың саны азайды.
Жалпы алғанда, есепті кезеңдегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы нәтижелі деп бағаланады. Анықталған мәселелер мен қойылған міндеттерді ескере отырып, жұмыс келесі оқу жылында да жалғастырылатын болады.
2025–2026 оқу жылындағы ата-аналармен жұмыс және педагогикалық қолдау орталығының қызметі туралы
2025–2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтары құрылды.
Ата-ана мен мектеп арасындағы тығыз қарым-қатынас – ұрпақ тәрбиесінің негізгі қайнар көзі. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігі білім беру ұйымы, ата-ана және қоғамдастық арасындағы бірлескен әрекетке тікелей байланысты.
Ата-аналардың мектеппен ынтымақтастығының маңызды тетіктерінің бірі – оқу жылы барысында жүйелі түрде өткізілетін ата-аналар оқуы. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату, оларды тәрбие процесіне белсенді тарту – білім беру ұйымының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Жас ұрпақты жан-жақты дамыған, парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қоғам алдындағы маңызды міндет. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – отбасы. Отбасылық тәрбие – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастар жүйесіне негізделеді. Сондықтан ата-ана бұл үдерісті ғылым мен өнердің ұштасуы ретінде жан-жақты меңгеруі қажет.
Осыған байланысты педагогтер мен ата-аналардың өзара іс-қимылының негізгі міндеттерінің бірі – ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін арттыру. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы аясында өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру бағытында ата-аналармен бірлескен жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты:
Позитивті ата-ана мәдениетін дамыту арқылы балалардың әл-ауқатын арттыру, тұлға ретінде үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті нығайту.
Орталықтың міндеттері:
- Балалардың саламатты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттілігін арттыруға бағытталған жүйелі қолдау көрсету;
- Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
- Баланың тәрбиесі мен дамуы үдерісінде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;
- Отбасындағы қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал ету.
Жүзеге асыру қағидаттары:
- Ұлттық мәдениет, құндылықтар мен дәстүрлер сабақтастығын сақтау;
- Үдерістің гуманистік бағыттылығы;
- Ата-аналарға дифференциалды және жеке қолдау көрсету;
- Заманауи ғылым мен озық тәжірибені қолдану;
- Әлеуметтік серіктестікке басымдық беру, ресурстық ұйымдар мен білікті сарапшыларды тарту.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығындағы сабақтардың мазмұны орта білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» және білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құрылады. Бағдарлама ұлттық құндылықтарға негізделіп, баланың әл-ауқаты мен жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Педагогикалық қолдау жұмыстары 0–10-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады. Әр буын бойынша жыл бойы сегіз сабақ өткізу жоспарланған. Мектебімізде ата-аналар оқуы әр буын бойынша ай сайын ұйымдастырылып, жүйелі түрде жүргізілді.
Жалпы алғанда, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметі мектеп пен отбасы арасындағы серіктестікті нығайтуға, ата-аналардың тәрбие процесіне белсенді қатысуына және білім алушылардың үйлесімді дамуына оң ықпал етті.
«Отбасым – алтын бесігім» атты ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының
2025–2026 оқу жылындағы жұмысының есебі
Отбасы – бала тәрбиесінің ең маңызды әрі негізгі ортасы. Әрбір бала сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, түсіністік пен мейірімге толы ортада тәрбиеленуі қажет. Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы, мінез-құлқының дамуы, қоғамға бейімделуі ең алдымен отбасындағы тәрбиеге байланысты.
Қазіргі қоғамда балалардың қауіпсіздігі, психологиялық саулығы, тәртібі мен әлеуметтік ортаға бейімделуі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осыған байланысты ата-аналарға жүйелі түрде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттілігі туындауда. Осы мақсатта №10 арнайы мектеп-интернатында «Отбасым – алтын бесігім» атты ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы өз жұмысын жүргізіп келеді.
Орталық жұмысы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға, балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталды. Орталық құрамына мектеп әкімшілігі, педагогтер, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері және ата-аналар қауымдастығының өкілдері тартылды.
Позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру – орталық жұмысының негізгі бағыттарының бірі болды. Позитивті ата-ана – балаға қолдау көрсетуге, өзара түсіністікке, сенімді қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа негізделген тәрбие үлгісі. Мұндай қарым-қатынас баланың эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастырып, оның тұлғалық дамуына оң әсер етеді.
Педагогикалық қолдау орталығының негізгі мақсаты – балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында мектеп пен ата-аналар арасындағы тиімді ынтымақтастықты дамыту және ата-аналарға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету.
Оқу жылының басында орталық жетекшілері өткізілетін сабақтардың тақырыптарын, өткізу формаларын бірлесе анықтап, жылдық жоспар жасақтады. Орталықтың жұмысы туралы ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттар мен хабарландырулар таратылды. Сонымен қатар әртүрлі жастағы оқушылардың ата-аналары арасында сауалнамалар жүргізіліп, педагогикалық қолдауды қажет ететін ата-аналар анықталды.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жетекшісі болып мектептің педагог-дефектолог маманы Сағынтай А.Б. тағайындалды. Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог және сынып жетекшілері орталық жұмысының жүзеге асуына белсенді түрде атсалысты.
Жыл бойы педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес түсіндіру, кеңес беру, психологиялық қолдау көрсету жұмыстары ұйымдастырылды. Ата-аналарға арналған әдістемелік нұсқаулықтар таныстырылып, сабақтарды өткізудің тиімді тәсілдері талқыланды. Орталық аясында ата-аналарға арналған материалдар банкісі жасақталып, бала тәрбиесіне байланысты бейнематериалдар, жадынамалар, кеңестер мен ұсынымдар жинақталды.
Жоспарға сәйкес ай сайын ата-аналар жиналыстары, дөңгелек үстелдер, тренингтер, пікірталастар және шеберлік сағаттары өткізілді. Қаралған тақырыптар қатарында:
- бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі;
- ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау;
- қауіпсіздік және интернет мәдениеті;
- отбасы құндылықтары;
- жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері;
- мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы мәселелері қамтылды.
Мектеп психологы Толеген П.К. ата-аналармен психологиялық тренингтер өткізіп, оларды толғандыратын сұрақтарға жауап беріп, кеңестер ұсынды. Психологиялық жаттығулар мен кері байланыс жұмыстары ата-аналардың белсенділігін арттыруға ықпал етті.
Өткізілген іс-шаралар бойынша ата-аналардың қатысу мониторингі жүргізілді. Мониторинг нәтижесі бойынша ата-аналардың орталық жұмысына қызығушылығы мен қатысу белсенділігінің артқаны байқалды.
2025–2026 оқу жылы барысында:
- төменгі буында – 8 сабақ;
- ортаңғы буында – 8 сабақ;
- жоғарғы буында – 8 сабақ өткізілді.
Жалпы саны – 24 іс-шара ұйымдастырылды.
Жыл басында сабақтарға қатысқан ата-аналар саны:
- төменгі буында – 35 ата-ана болса, жыл соңында – 46;
- ортаңғы буында – 24 ата-ана болса, жыл соңында – 31;
- жоғарғы буында – 21 ата-ана болса, жыл соңында – 29 ата-анаға дейін өсті.
Бұл көрсеткіштер ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығы жұмысына қызығушылығының артқанын және мектеппен ынтымақтастықтың нығайғанын көрсетеді.
Қорытынды:
2025–2026 оқу жылында «Отбасым – алтын бесігім» атты ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жоспарға сәйкес жүйелі жұмыс жүргізді. Орталық жұмысы ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыруға, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға, балалардың тәрбиесі мен психологиялық әл-ауқатын жақсартуға оң ықпал етті.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде:
- Ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық-психологиялық білім деңгейі артты;
- Мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланыс нығайды;
- Балалардың оқу үлгерімі мен тәртібінде оң өзгерістер байқалды;
- Ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуы күшейді;
- Балалардың эмоционалдық жай-күйіне қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік жасалды.
Алдағы уақытта ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды жаңа форматта ұйымдастырып, отбасы тәрбиесін қолдау бағытындағы іс-шараларды жалғастыру жоспарлануда.
https://www.instagram.com/p/DN4tI3tCi8a/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тілім менің – ғасырларға аманат! Мектебімізде осы тақырып аясында кітапханашы Искакова Р.Ғ. және аға тәлімгер Ибраева М.Р. ұйымдастыруымен мазмұнды іс-шара өтті.
Оқушыларға арнайы кітап көрмесі ұсынылып, қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен еңбегі туралы құнды ақпарат берілді.Бұл шара жас ұрпақты ана тілін құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға және Ахмет атамыздың өшпес мұрасын дәріптеуге бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DOOegwDCl-E/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бала күлкісі – ең әдемі әуен.Бүгінгі серуеніміз Балқаштың таза ауасында балаларға қуаныш сыйлады.
https://www.instagram.com/reel/DOVfrU0ie4c/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
09.09.2025 ж. 10 «Б» сыныбында «Жасөспірімдер арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбы бойынша сынып сағаты
өткізілді.Оқушылар экстремизмнің зияны туралы біліп, олардың құқықтары мен міндеттерін талқылады, сонымен қатар өз ұстанымдарын білдірді: «Біз бүкіл әлемде бейбітшілікті жақтаймыз!»
https://www.instagram.com/reel/DOZA2s9isQo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
11 қыркүйек күні мектеп-интернат асханасында бракераждық комиссия тексерісі өтті.Тексеру барысында асхананың жаңа оқу жылына толық дайын екені анықталды. Асхана санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жабдықталған.
Қажетті тағам өнімдері уақытылы жеткізіліп, олардың сапасы мен сақтау мерзімдері мұқият тексерілді.Асхана қызметкерлері медициналық тексерістен өтіп, жұмыс істеуге рұқсат алған. Қауіпсіздік пен өртке қарсы құрал-жабдықтар да толық қарастырылған.Жалпы, мектеп-интернат асханасы жаңа оқу жылында оқушыларды сапалы әрі құнарлы тамақпен қамтамасыз етуге толық дайын!
https://www.instagram.com/p/DOdr9LTiq3m/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қазақстан халықтарының тілдер апталығы аясында педагогтар Тузова Ирина Валерьевна, Жумашкина Аспет Кажикаримовна және көркемдік жетекші Сахабаева Айгуль Сериковна Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай тәрбие шарасын өткізді.«Абай. Өмірі мен шығармашылығының беттері». Жоғары сынып оқушыларының секциялық жұмыс формасы ұсынылды.Мақсат: оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, Абай — жазушы, педагог және қоғам қайраткеріне деген құрмет пен қызығушылықты ояту. Жұмыс барысында оқушылар секцияларға бөлінді.
9а класс. Көркем секция.Поэттің Отаны туралы танысқаннан кейін оқушылар табиғат суреттерін және балалық шақтан естеліктерді салды.
6б, 7б класс. Тарихи секция.Презентацияны қарау және педагогтардың әңгімесі оқушылардың А. Құнанбаевтың атымен аталатын мәдениет және архитектура объектілері, оқу және әлеуметтік мекемелер туралы түсініктерін кеңейтті.8а класс. Поэтикалық секция.Оқушыларға жазушының кітаптары мен шығармаларының көрмесі ұсынылды, оның танымал шығармаларынан үзінділер оқылды, сонымен қатар, оқушылардың өздері орындады.
8б, 9б класс. Музыкалық секция.Ұлы Абай композитор және домбырада шығармаларды орындаушы ретінде кеңінен танымал. Педагогтар нейрондық желі арқылы Абайдың бейнесін қайта жасады, ол оқушыларға насихат сөздерімен жүгінді. Сондай-ақ, оның музыкалық шығармаларынан үзінділер тыңдалды.Әр секцияның жұмысын аяқтаған соң, педагогтың жетекшілігімен оқушылар Камажай биін орындады.
Соңында рефлексия өткізілді, онда балаларға келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылды:
Бүгін біз не білдік…
Бізге қызықты болды, себебі…
Мен Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы тағы не білгім келеді…
Шараның қорытындысы:
Абай мұрасы – қазақтар үшін қасиетті қазына. Абай Құнанбаев өз халқының қатарында мәңгі өмір сүріп, оны жаңа горизонттарға, жаңа шыңдарға шақыра беретін болады
https://www.instagram.com/reel/DOdsIXEiqJt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
12.09.2025 ж. 8 «Б» және 9 «Б» сыныптарында «Мектепте және қоғамдық орында қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақтың мақсаты: мектепте және көшеде дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру; қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін бекіту.Оқушылар талқылауға белсене қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, қауіпсіздік ережелерін сақтау — әрқайсымыздың денсаулығымыз бен тыныштығымыздың кепілі екенін қорытындылады.
https://www.instagram.com/p/DOggyw7CpO7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Отбасы күніне арналған сурет байқауы! Бүгін мектебімізде «Менің отбасым» тақырыбында сурет байқауы өтті.Оқушылар өз шығармашылығы арқылы отбасының маңызын, мейірім мен сүйіспеншілікті бейнеледі. Бұл байқау балалардың өнерге қызығушылығын арттырып қана қоймай, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
https://www.instagram.com/p/DOghlCiCgo3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Буллингтен қорғану» сынып сағаты
Бүгін 6–7 «Б» сыныптарында «Буллингтен қорғану» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Балалар буллингтің мәнін, оның салдарын түсініп, мұндай жағдайда дұрыс әрекет етудің жолдарын талқылады.
Арнайы ойындар мен жаттығулар арқылы бір-бірін қолдауды, мейірімді әрі батыл болуды үйренді. Сабақтың басты ұраны:
«Мейірімді бол – өзгеге қорған бол!».
https://www.instagram.com/p/DOoOluHCleq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тәрбие жұмысының жоспары бойынша 16.09. күні 7,8 «А» сыныбында «Отбасы — тәрбиенің алтын бесігі» атты тақырыпта челленджі өтті. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата — ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата — ана және бала арасындағы қарым — қатынасты нығайту. Барлық өнеге — отбасынан басталады. “Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер”- деп ата-бабаларымыз тегін айтпаған. Үйдегі тәрбие — баланың болашағына үлкен әсер етеді.
https://www.instagram.com/reel/DOpt1B_CQRq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
4-сыныпта «Балалардың жол жарақатын алдын алу» тақырыбында сынып сағаты өтті. Балаларға жолда жүру қауіпсіздігін сақтау туралы белгілермен таныстырылды. Жол жарақаты көбіне балалардың ережені білмеуінен немесе абайсыздығынан болады. Сондықтан кішкентайынан бастап оларға жол белгілерін таныстыру, көшеден тек жаяу жүргінші өткелінен өтуге үйрету маңызды. Қауіпсіздік – баланың амандығы мен денсаулығының кепілі.
https://www.instagram.com/reel/DOqdF-riYpT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Үнемді тұтыну – ұқыпты өмір сүрудің бастауы!»2 «А» сынып оқушыларымен тәрбиеші Сапарбекова Г.Д. «Үнемді тұтыну» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Балалар суды, жарықты, тағамды үнемдеудің маңыздылығын түсінді.
https://www.instagram.com/reel/DOvjf1NCRUd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектеп-интернатымызда салтанатты түрде «Жолда жүру ережесі» атты арнайы кабинет ашылды.Кабинеттің басты мақсаты – балаларға жол қозғалысының негізгі ережелерін түсіндіру арқылы олардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту.
Кабинеттің ресми ашылу салтанатына Балқаш қаласы полиция бөлімінің делегациясы, бөлім бастығының орынбасары Б.А. Аманкелдин, сондай-ақ Балқаш қаласының Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.
Кабинеттің тиімді жұмыс істеуіне мектептің педагогикалық ұжымы үлкен үлес қосып отыр. Аға тәлімгер М.Р. Ибраева жолда жүру ережелеріне арналған арнайы дидактикалық материалдар әзірледі. Сонымен қатар, дефектолог мамандар Э.Т. Сыздыкова мен А.С. Нурабекова оқушыларға жолда жүру ережелерінің маңызын түсіндірумен қатар, оқыту барысында баланың жас ерекшелігіне сай әдістерді қолдануда.
Оқушылар сабақтар кезінде белсенділік танытып, өз пікірлерін ортаға салып, жолда жүру ережелерін сақтау – тек оқушы емес, әрбір азаматтың борышы екенін ұғынды.
https://www.instagram.com/reel/DOxO-DViVxF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
0 «Б» сынып оқушыларымен тәрбиеші Абжанова Н.А. «Үнемді тұтыну» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. https://www.instagram.com/reel/DOxQad_iY4s/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
19.09.2025 жылы 6 «Б» және 7 «Б» сыныптарында сабақ өтті: «Қамқормен» бірге – салауатты болашақ үшін! «Адал азамат» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік «Қамқор» жобасының мақсаты – мейірімді, адал әрі қамқор азаматтарды тәрбиелеу.
Бұл жоба отбасы, мектеп пен қоғамды біріктіріп, балалардың өмірін жылулыққа, назар мен қолдауға толтырады. «Қамқор» жобасы денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, мейірімді әрі жауапты болуға үйретеді.Біз жақындарымызға қамқор болу мен денсаулықты сақтау – ертеңгі күнге жасалған сенімді қадам екеніне сенеміз.
Біздің таңдауымыз біреу: «Қамқормен» бірге – салауатты болашақ үшін!
https://www.instagram.com/reel/DOxjDcHiRBS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2025 жылдың 19 қыркүйегінде «Салауатты болашақ үшін – «Қамқормен» бірге!» атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Бұл іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған «Қамқор» әлеуметтік жобасының бір бөлігі болып табылады.Жобаның мақсаты – мейірімді, адал, елге жанашыр, жауапты ұрпақ тәрбиелеу. «Қамқор» жобасы отбасын, мектепті және қоғамды біріктіре отырып, балалардың өмірін жылулықпен, қамқорлықпен және тұрақты қолдаумен қамтамасыз етуді көздейді.Аталған тәрбие сағаты барысында оқушылармен қамқорлық, мейірімділік, адамгершілік, елге жанашыр болу сынды қасиеттер жөнінде әңгімелер жүргізіліп, түрлі танымдық тапсырмалар мен пікірталастар ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/DOxjDcHiRBS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Буллингке жол жоқ!
Бір ауыз ауыр сөз немесе ренжіткен іс – адамның жүрегінде өшпес із қалдыруы мүмкін.
Біз бір-бірімізге мейіріммен, түсіністікпен қарағанда ғана шынайы мықты қоғам қалыптастырамыз.
Жақыныңа қолдау көрсет.
Жағымды сөз айт.
Буллингке қарсы бірге тұрайық!
https://www.instagram.com/reel/DOy3VW4iilM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
19.09 күні мектебімізде «Әке, ана және мен – тату отбасы» атты эстафеталық жарыс өтті!
Бұл жарыстың басты мақсаты – отбасындағы бірлікті, сүйіспеншілікті арттыру, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту болды.
Жарысқа қатысқан отбасылар түрлі сайыстарда өздерінің ептіліктерін, ұйымшылдығын, ынтымағын көрсетті. Барлығы да үлкен белсенділік танытып, керемет көңіл күй сыйлады. Отбасы – ол шағын мемлекет. Осындай шаралар арқылы біз ата-ана мен баланың қарым-қатынасын нығайтып, мектеп пен ата-ананың байланысын да жақсарта түсеміз.
https://www.instagram.com/reel/DOy6OP9ikWR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Күзгі бақ» серуені 2025 жылдың 20 қыркүйегінде мектебімізде «Күзгі бақ» тақырыбында серуен өткізілді.Бұл серуеннің мақсаты:
күз мезгіліндегі өсімдіктер мен ауа райы құбылыстары туралы білімдерін бекіту; балаларды табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Балалар алтын түске боялған ағаш жапырақтарын тамашалап, күздің әсем көрінісін сезініп қайтты.
https://www.instagram.com/reel/DO1QeXaiq9A/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жексенбі – демалыс күні есте қаларлықтай өтті! Балалар М. Хамзин атындағы Мәдениет сарайында өткен ашық есік күніне қатысып, көркемөнерпаздар үйірмесінің қызықты концертін тамашалады.
https://www.instagram.com/reel/DO456OgCceJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Үйге қауіпсіз жол»мектебімізде әлеуметтік педагог Төкішева А.Т. ұйымдастыруымен мектеп инспекторы Камила Жанатқызының қатысуымен кездесу өтті.Кездесу барысында оқушыларға:
Жолда жүру ережелері,
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі,
Велосипед пен самокатты пайдалану кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді.
Бұл шара оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыруға, өз өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DO_XNutims9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
26.09.25 күні №10 арнайы мектеп- интернатында Еңбек күніне арналған
«Адал азамат — адал еңбек» тақырыбында іс- шара өтті.
Мақсаты: Еңбектің қоғамдағы орны мен қадірін дәріптеу, әр салада еңбек етіп жүрген адамдарды құрметтеу, ұжымдық бірлікті нығайту. Мектеп ұжымында адал еңбек жасап жүрген кіші қызметкерлер еңбегі бағаланып,
мадақтау қағазымен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/DPDxO8PClhm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бүгін мектебімізде 5–10 сынып оқушыларына дәрігер мен медбике түсіндірме жұмысын жүргізді.Балаларға:
темекінің зияны,
алкогольдің салдары,
нашақорлықтың қауіптілігі туралы маңызды ақпарат берілді.Мақсат – оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DPEPN0HivqY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бүгін, 26 қыркүйек 2025 жылы мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыста:
2025–2026 оқу жылының негізгі міндеттері талқыланды;
Мектептің ішкі ережелерімен таныстырылды;
«Мектепке жол» және «Қауіпсіз мектеп» акциялары туралы ақпарат берілді;
«Ата-ана өмірінің басты мақсаты – бақытты адам тәрбиелеу» тақырыбында ой-пікірлер айтылды.Жиналыс өте мазмұнды өтіп, ата-аналар белсене қатысты.
https://www.instagram.com/reel/DPEPZJ9ihX0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
29.09.2025 жылы мектеп-интернатымызда төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік шараларын пысықтау мақсатында арнайы мамандардың қатысуымен оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер, эвакуация тәртібі бағыттары бойынша оқушылар мен қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығу кезінде барлық қатысушылар дабыл белгісі берілгеннен кейін ғимараттан тез әрі қауіпсіз түрде эвакуацияланып, мамандар тарапынан олардың іс-әрекеттері бағаланды. Мұндай жаттығулар төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрі шапшаң әрекет етуге дағдыландырады және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DPLVBPIii60/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Ұшқыр ой алаңы» жобасын жүзеге асыру бойынша«Тіл – халық мұрасы» атты бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен мектепішілік челлендж өтті. Шараның мақсаты — оқушылардың тілдік дағдыларын арттыру, көптілдікке қызығушылығын ояту және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
https://www.instagram.com/reel/DPLjyo8CRNk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде 4 сыныптар окушылары арасында “Дос болайық» челленджі өтті.Максаты — балаларды бір-бірін құрметтеуге , колдауға, достық пен мейірімділікке тәрбиелеу , буллингтін алдын алу.
Бол бастама — мектепте кауіпсіз орта қалыптастыруға жылы қарым -қатынас орнатута бағытталады.
https://www.instagram.com/reel/DPOeOrECX81/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
30 қыркүйек күні «№10 арнайы мектеп-интернатында» қыркүйек айында туған балаларға арналған «Туған күн» кеші өтті.
Мерекелік шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және достық қарым-қатынасты нығайту. Балалар ән айтып, би билеп, ойындар ойнап, қуанышты сәттерге бөленді.
https://www.instagram.com/reel/DPQhnA8jL7T/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
1 қазан – Қарттар күні!
Осы айтулы күнге орай мектебіміздің оқушылары өз қолдарынан жасаған қолөнер бұйымдарын мектебіміздегі қарт адамдарға сыйлады.
Бұл сыйлықтар – балалардың жүректерінен шыққан алғыс пен үлкендерге деген шынайы құрметтің белгісі.
Әрбір қолдан жасалған бұйым қарттарымыздың жүздеріне қуаныш, жүректеріне жылулық сыйлады.
«Қарттарын қадірлеген ел – қазыналы ел» дегендей, қымбатты қарттарымыз – біздің асыл қазынамыз, ұрпаққа үлгі, даналықтың қайнар көзі.
https://www.instagram.com/reel/DPQiTgCjOO9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Ұстазыңды құттықта!» челленджі
Оқу-ағарту министрлігінің «Ұстаз – ұлт шамшырағы» онкүндігі аясында мектебіміздің оқушылары өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, ұстаздарға арнаған жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.
Бұл шараның мақсаты – әр баланың білім мен тәрбие алып, тұлғалық қалыптасуына үлес қосқан ұстазға алғыс пен құрмет сезімін жеткізу.
Балалар өз ұстаздарын ерекше құттықтап, жылы лебіздерін арнап, игі бастамаға үлес қосты. Ұстазға құрмет – елге құрмет!
https://www.instagram.com/reel/DPQyH_GDAXZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
1 ші қазан күні жоспар бойынша «Қазақстандағы қарттарды құрметтеу дәстүрі» атты тәрбие сағаты 4 А сынып оқушылармен жүргізілді.
Мақсаты:
-Оқушыларға қазақ халқының үлкенді құрметтеу дәстүрін таныстыру;
-Ізеттілікке,кішіпейілділікке сыйластыққа тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DPRCn7kCTu2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Ұстазыңды құттықта!» челленджі.Оқу-ағарту министрлігінің «Ұстаз – ұлт шамшырағы» онкүндігі аясында мектебіміздің ұстаздарына арналған «Ұстаздың 1 күні» бейнеролигін назарларыңызға ұсынамыз. Ұстазға құрмет – елге құрмет!
https://www.instagram.com/reel/DPTKtEvijpo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Аға тәлімгер Ибраева М.Р. ұйымдастыруымен өзін-өзі басқару ұйымы ұстаздарымызға ерекше құрмет көрсетті. Оқушылар ұстаздарын қуанышпен қарсы алып, «жанды дәліз» жасады.
Сонымен қатар, ыстық ықыласқа толы құттықтау газеті дайындалды.
https://www.instagram.com/reel/DPWyRNkikF7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мұғалімдер күні қарсаңында №10 арнайы мектеп-интернатында «Үздік кабинет– 2025» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – ұстаздарды сыныпты жобалауға шығармашылықпен қарауға ынталандыру және білім беру кеңістігінің көркемдігі оқушылардың оқуға деген қызығушылығына әсер ететінін көрсету.
Қазылар алқасының құрамында:
▫️ «Балқаш қаласының білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық ұйымының төрайымы – А.Б.Айтжанова
▫️ Ардагер ұстаздар – Амерханова Л.А., Лаврова Т.В.
▫️ Мектеп кәсіподақ комитетінің төрайымы – Тулеуова Л.Н.
Қазылар сыныптарды арнайы критерийлер бойынша бағалап, нәтижесінде жеңімпаздар:
✨ Кенжебаева А.М.
✨ Макенбаева Н.К.
✨ Кайшманова А.К.
✨ Жакупбекова Г.Д.
Олар «Үздік кабинет – 2025» дипломымен және кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды!
https://www.instagram.com/reel/DPWzJhMirI9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPW4in4ip1x/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
05.10.2025ж.Жексенбілік топта «Құстар қайда ұшып барады?» атты қызықты тәрбие сағаты өтті.Сабақ барысында балалар түрлі ойындар ойнап, би билеп, шығармашылық тапсырмалар орындады. Олар құстар туралы қызықты мәліметтермен танысып, күз мезгіліндегі табиғат құбылыстары жайында әңгімелесті.Шара өте көңілді және танымдық сипатта өтті. Балалар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін еркін жеткізді. Мұндай тәрбие сағаттары олардың ой-өрісін кеңейтіп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.
https://www.instagram.com/reel/DPdEqiaCWEX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2025 жылғы 2–4 қазан аралығында Астана қаласында жыл сайынғы «Жұлдызай–2025» ұлттық инклюзивті ойындары өтті.
Аталған жарысқа мектебіміздің 7 «Б» сынып оқушысы Александрова Елена жеңіл атлетика бойынша белсене қатысып, үздік өнер көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды.Жаттықтырушысы – К. А. Усумбеков.
Біз шәкіртіміздің бұл жетістігімен шын жүректен мақтанамыз!
Бұл жеңіс – ерік-жігердің, табандылықтың және спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.
https://www.instagram.com/p/DPdS7X7io_V/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бүгін №10 арнайы мектеп-интернатының 4 “Б” сыныбында жоспар бойынша «Жол қауіпсіздігі» атты қауіпсіздік сабағы өтті.
Сабақ барысында оқушылар жолда жүру ережелерін үйреніп, бағдаршам түстерімен танысты және олардың мағынасын түсінді.
Балалар жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің негізгі ережелерін есте сақтап, жол қауіпсіздігінің маңызын ұғынды.
https://www.instagram.com/reel/DPeSjH_CkWA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
08 қазан 2025 жылы 9 «А» және 10 «А» сыныптарында «Қоғам және әлеуметтік желі. Кибербуллинг салдары» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдарының мағынасын түсіндіру, олардың өмірдегі көрінісін талдау арқылы жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу, сондай-ақ оқушыларды бір-біріне құрметпен қарап, қолдау көрсетуге тәрбиелеу болды.
Сынып сағаты барысында оқушылар әлеуметтік желідегі өзара қарым-қатынас мәдениеті, кибербуллингтің психологиялық және әлеуметтік салдары жайында пікір алмасып, нақты өмірден алынған мысалдарды талқылады. Сонымен қатар, буллинг жағдайында өзін-өзі қалай ұстау керек, кибершабуылдың құрбаны немесе куәгері болған кезде қайда жүгіну қажет екендігі жайлы ақпараттар берілді.
Сабақ соңында оқушылар өз ойларын ортаға салып, бір-біріне қолдау көрсету мен сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
https://www.instagram.com/reel/DPi-AbSCQO2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
5–10 сыныптар арасында әлеуметтік педагог Төкішева А.Т. ұйымдастыруымен«Әр баланың құқығы – мемлекет құндылығы» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Балаға қамқор болу – елдің ертеңіне үлес қосу!
Құқықты біл, құрметте, және қорға!
Бақытты бала – баянды болашақ.
https://www.instagram.com/p/DPi-QZHis1X/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
4Б және 4Г сыныптарында тәрбие жоспары бойынша тәрбиеші Адамбек Б.С. «Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Онда оқушыларға интернетте қауіпсіздік тәртібі туралы түсіндірілді. Әлеуметтік желілердің біздің өмірімізге әсері, ғаламдық желідегі цифрлық сауаттылық мәселелері талқыланды.
https://www.instagram.com/reel/DPvqVj8ia9m/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2025 жылдың 13 қазан күні жоспарлы бақылау өтті. Барлық санитарлық нормаларды сақтау ережелері мен талаптарына сай болуын бақылау мақсатында бракеражды комиссия мүшелері мектеп асханасында тамақтандыру жұмысының ұйымдастырылуын тексерді.
Тексеріс барысында:
1. Оқушыларға тамақ ас мәзіріне сәйкес берілуі;
2. Тағамдық өнімдерінде жарамдылық ережелері сақталған;
3. Тағамды бақылауға ыдыстары бар болуы;
4. Пайдаланылған масканы салатын арнайы ыдыс бар болуы;
5. Екі сағат сайын ауыстыруға маскалар дайындалғанын;
6. Арнайы ауыстыруға медициналық қолғаптар дайындалған;
7. Кварц лампасын қою мен тазалау уақытын тіркеу дәптерлері бар екені;
Бракеражды комиссия тексерісінің шешімі:
1. Барлық санитарлық нормалардың талапқа сай орындалуы сақталсын;
2. Тағамдық өнімдердің жарамдылық мерзімдері сақталуын назарда ұстау.
https://www.instagram.com/p/DPxuPzgipIN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
14.10.2025ж«Ашық жүрек» күні – мейірім мен ізгілік мерекесі!
Бұл күн – ерекше жандардың өмірге деген қуанышы мен табандылығын дәріптейтін, жүректерге жылулық сыйлайтын ерекше мереке.
Сондай-ақ олардың жанында әрдайым қолдау көрсетіп, сүйіспеншілікпен қамқор болып жүрген қамқоршыларға зор алғыс білдіреміз.
Бұл мерекеден жекелеп үйден оқытылатын оқушылар да тыс қалған жоқ. Оларға демеушілердің қолдауымен жеміс-жидек түріндегі сый-сыяпаттар табысталды.
https://www.instagram.com/reel/DPzFJs9Cn0W/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
15 қазан 2025 жылы №10 арнайы мектеп-интернатында «Кітап – өмір сүреді» тақырыбында рейд өткізілді.
Рейдтің мақсаты – оқушылардың оқулықтарға деген ұқыптылығын арттыру, кітапты күтіп ұстауға баулу.
Тексеру барысында:
🔹 7 «Б» сыныбында – 3 оқушының кітаптары қапталмаған;
🔹 9 «А» сыныбында – 1 оқушының кітабы қапталмаған;
🔹 10 «Б» сыныбында – 2 оқушының кітаптарының тыстары қапталмағаны анықталды.
Қалған оқушылардың кітаптары таза және ұқыпты сақталған.
Рейд барысында оқушылармен кітапты ұқыпты ұстау, мұқабасын қаптау, беттерін жыртпау және сызбау жөнінде түсіндірме әңгіме жүргізілді.
Кітаптың — білім мен мәдениеттің қайнар көзі, ал оны күтіп ұстау – әр оқушының борышы екені айтылды.
Оқушыларға «Кітап – өмір сүреді» ұранымен кітапқа құрметпен қарау, оқулықтарды таза әрі ұқыпты сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
https://www.instagram.com/p/DP7GZIwiqvr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Өнегелі -15 минут»
https://www.instagram.com/reel/DQBDzzsidBz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Ұшқыр ой алаңы» жобасын жүзеге асыру бойынша бастауыш сыныптар арасында Республика күні — ұлы мереке атты суреттер сайысы өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/DQD4QDkCUYF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
19-шы қазан күні 9-10 сыныптарға психологтың өткізуімен “Мамандық туралы не білемін?» атты тренинг жүргізілді.
Мақсаты: Оқушылардың мамандық туралы түсініктерін кеңейту;
Өз қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру; Өзін-өзі тану және бағалау дағдыларын дамыту.
Психологиялық тренинг оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға мотивациясын арттыруға, өз қызығушылығын, бейімділігін анықтауға, сондай-ақ мамандықтар туралы танымын кеңейтуге бағытталған.
Тренинг барысында түрлі интерактивті әдістер, ойын элементтері және шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ашық жеткізе алды.
Қорытынды:
Тренинг оқушылардың өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне тереңірек үңілуіне, болашақ мамандықты саналы түрде таңдау туралы ойлануына мүмкіндік берді. Оқушылар белсенділік танытып, ашық ойларымен бөлісті. Тренинг барысында ынтымақтастық, еркін ойлау, өзін-өзі таныту және құрдастарымен тәжірибе алмасу жүзеге асты.
https://www.instagram.com/p/DQHHS6tisXp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
№10 арнайы мектеп-интернатының кітапханашысы Р.Г. Искакова
«Демалыста кітап оқимыз» атты акция ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты – «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, кітаппен дос болуға баулу, демалыстарын қызықты әрі мазмұнды өткізуге ынталандыру.
Шара барысында кітапханашы оқушыларға кітап оқудың маңыздылығын айтып, кітаптың адамды тәрбиелейтін, мәдениеттілікке баулитын құрал екенін түсіндірді. Кітап оқыған бала үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіретін, үлгі бола алатын тұлға ретінде қалыптасады деген ой жеткізілді.
Кітап – үйретеді, ойландырады, шабыттандырады, армандатады және мақсатқа жетуге жол көрсетеді.
https://www.instagram.com/p/DQEE12iCh93/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Еңбегі адал жас өрен” жобасы бойынша 4-сынып оқушылары «Үй шаруасына көмектесемін» тақырыбында стенгазета жасады.
Бұл жұмыста оқушылар үй шаруасына көмектескен сәттерін фото-коллаж арқылы бейнелеп, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Балалар тапсырманы үлкен қызығушылықпен және ынтамен орындап, белсенділік танытты.
https://www.instagram.com/reel/DQEf0I-iXxw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
21 қазан күні №10 арнайы мектеп-интернатында
Республика күніне арналған«Республикам – мақтанышым!» атты саптық жиын өтті.Мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, ел тарихына деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Балалар ән айтып, би билеп, өлең оқып, еліміздің рәміздерін дәріптеді.
https://www.instagram.com/reel/DQGiOj3Coqf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Үнемді тұтыну»
https://www.instagram.com/reel/DQHBhM3iYfp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
22.10.2025 ж. күні «Былғары доп» атты шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарыс оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілді. Жарысқа бірнеше команда қатысып, олар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DQHIWbHiXiK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Қамқор» жобасы аясындағы «Қарттарға көмек – қуаныш сыйла!» акциясы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде «Қарттарға көмек – қуаныш сыйла!» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Оқушылар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қарттарға табыстап, жылы сөздерімен бөлісті.
Бұл іс-шара мейірім мен ізгіліктің, адамгершілік пен құрметтің айқын көрінісі болды.
https://www.instagram.com/p/DQJciZNisCu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде 0–10 сынып оқушыларының қатысуымен “Күз сыйы” атты көрме ұйымдастырылды.
Оқушылар өз қолдарымен жасаған ерекше, шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, еңбектерін әдемі безендірді. Нәтижесінде барлық сыныптар жүлделі орындарға ие болып, кішігірім сыйлықтармен марапатталды.
Осындай іс-шаралар балалардың шығармашылығын дамытуға, табиғатты аялауға және еңбекқорлыққа тәрбиелеуге бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DQJdpQXCsZB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Республика күніне орай “Тәуелсіз Қазақстан!” атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.Оқушылар өз шығармашылықтары арқылы туған елге деген сүйіспеншіліктерін, тәуелсіз еліміздің жетістіктерін бейнелеп көрсетті.
https://www.instagram.com/p/DQJpNtmiqTk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23 қазан күні №10 мектеп-интернатында жарқын әрі жылы мереке — «Алтын күз» байқауы өтті! Іс-шараның мақсаты:
Көркемдік талғамды тәрбиелеу, көпшілік алдында сенімді сөйлеуге үйрету, көтеріңкі көңіл күй мен мерекелік атмосфера қалыптастыру. Байқауға қатысушылар — қыздар мен ұлдар өздерінің күзгі киім үлгілерін, шығармашылық нөмірлерін, табиғи материалдардан жасалған қолөнер бұйымдары мен әшекейлерін ұсынды. Әрқайсысы өз қиялын, қабілетін және талантын көрсетті! Күз мерекесі жоғары деңгейде өтті!
Барлық қатысушылар алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DQJ9gFVClOA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23.10.2025ж. №10 арнайы мектеп-интернатында «Адал азамат» БТБ және «Балалар кітапханасы» жобалары аясында орта және жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік» іс-шарасы өткізілді.
Алдымен оқушылар сәлемдесу әдебімен, мәдени орындарда өзін ұстау ережелерімен және кітапхана тәртібімен таныстырылды. Бұрын кітапханада қызмет еткен мамандар туралы ұстаздар Амерханова Л.А. мен Тузова И. Валерьевналардан аудио ақпарат алынды. Олар кітапханада қызмет еткен Вера Алексеевна Цыруль, Кусбекова Гүлдана Карагуловна, Жаманқозова Айгерім және журналист Ирина Лихих туралы әңгімеледі.
Кітапханашылар күні қарсаңында «Мамандығым — мақтанышым» атты марапаттар көрмесі ұйымдастырылды. «Еңбек етсең — елің елейді» деген ұстаныммен бұл шара жас ұрпаққа үлгі болу мақсатында өткізілді.
Сонымен қатар кітапхана активистерінің жұмыстары таныстырылды. Жаңа оқырмандар кітапхана есігін ашып, кітап алып оқуға деген қызығушылықтарын қуана жеткізді.
https://www.instagram.com/reel/DQLVMlYiY8-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қазан айының 23-ші жұлдызында 5-6 сынып оқушыларымен “ Кітапты ашу- әлемді ашу” атты психологиялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты:
Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, оқу арқылы жағымды эмоция мен өзіне сенімділікті дамыту.
Тренинг барысында балалар қолмоторикасы мен қоса жан- жақты ойлау, эмоцияларын, тұрақтылықтарын көрсете білді.
https://www.instagram.com/p/DQLaLYNCssg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
24.10.2025ж.Кеңес Одағының Батыры, ғалым-педагог, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Батыр есімі – мәңгі жадымызда» атты патриоттық сағат өткізілді. Іс-шараға мектебіміздің жоғары буын сынып оқушылары қатысты. Мақсаты — жас ұрпақты Отанға деген адалдық рухында тәрбиелеу, академиктің шығармашылығымен таныстыру, оның рухани мұрасын насихаттау. Іс-шара жүргізушісі Г.Д. Жакупбекова батырдың өмірбаянындағы қызықты сәттерге, әдеби және әскери жетістіктеріне жан-жақты тоқталды. Шара соңында қатысушылар Мәлік Ғабдуллиннің кітаптарымен және ол туралы естеліктермен танысты.
https://www.instagram.com/p/DQLkW1CiiYP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
30.10.2025 ж. мектеп-интернатымызда «Арнайы мектеп-интернатында үйірме жұмыстары арқылы тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.Іс-шараны ДТІЖО Г.Д. Тастанбекова мен тәрбиешілер бірлестігі ұйымдастырды. Кеңес барысында тәрбие жұмысын жетілдіру, үйірме жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдары қарастырылып, педагогтар арасында тәжірибе алмасу жүргізілді.
Педагогикалық кеңес «Түрлі-түсті әлем үйлесімдігі» форматында өтіп, қатысушылар өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялармен толықты.https://www.instagram.com/reel/DQbnIGXimQs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспарына сәйкес «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында, бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды. Бұл іс-шара оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыруға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және елдің бірлігі мен тұтастығын дәріптеуге бағытталған.
https://www.instagram.com/p/DQn4fraCtp5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
06.11.2025 ж. 1 «Б» сыныбында «Ертегі кейіпкерлерінің құқықтары мен міндеттері» — ертегілер еліне саяхат атты тәрбие сағаты өтті.
Сабақтың мақсаты — оқушыларға ертегі кейіпкерлері арқылы адам құқықтары мен міндеттері жөнінде түсінік беру, өз құқықтарын қорғауға және өзгелердің құқығын құрметтеуге үйрету болды.Іс-шара барысында оқушылар түрлі ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап, олардың жақсы және жаман істерін талқылады. Ойындар және сұрақ-жауап арқылы балалар өз ойларын еркін жеткізіп, белсенділік танытты.Тәрбие сағаты қызықты әрі танымды өтті. Оқушылар адамгершілікке, әділдікке және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға шақырылды.
https://www.instagram.com/p/DQveWkkilW4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
10 қараша күні қараша айына арналған тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, тәрбиеші Адамбек Б.С. «Буллингтің алдын алу» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар түрлі ойындарға қатысты, бейнематериалдар көрді. Сонымен қатар, сынып ішінде буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/DQ5tl6BipRF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
13.11.2025 ж. тәрбие жұмысының жоспарына сай 9 «А» және 10 «А» сыныптарында «15 қараша – Ұлттық валюта күні» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Мақсаты: тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру.Сынып жетекшісі: Г. А. Кайпышова.
https://www.instagram.com/p/DRBY95VCkLY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
14.11.2025 ж. халықаралық толеранттылық күніне арналған «Көп жақты қоғамдағы бейбітшілікті сақтау жолдары» атты сынып сағат өтті. 2″А» сынып оқушылары бір-бірін құрметтеу, сыйластық таныту, достықтың қадірін түсіну туралы тәрбие сағаты өтті.Балалар достықтың мәнін ойындар арқылы сезініп, толерантты болудың маңызын үйренді.
https://www.instagram.com/reel/DRCOCanCfIq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
15.11.2025 ж. Сенбі және жексенбі күндері қонатын балалар арасында «Бейнелеу әлемінде» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:
• сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру;
• өнерді құрмет тұту, оған деген сүйіспеншілігін арттыру;
• өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Жауапты: Кайпышова Г. А.
https://www.instagram.com/p/DRJJ3xxCnZb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
17.11 күні мектебімізде маңызды тәрбиелік іс-шаралар өтті!
«Біз ЖИТС-ке қарсымыз!» митингісі
АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс ақпарат беру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Оқушылар ақпараттық баяндама тыңдап, бейнеролик көрді және қызыл лента флешмобына қатысты.
Барлығы бірге:
«Біз — ЖИТС-ке қарсымыз!» деп ұрандатты.
Білім — балалардың болашағын қорғайды!
«Халықаралық темекіден бас тарту күніне» арналған плакаттар байқауы
5–10 сыныптар арасында ұйымдастырылды.
Оқушылар темекінің адам денсаулығына зияны туралы мазмұнды, креативті плакаттар дайындап, салауатты өмір салтын насихаттады.
Балалардың шығармашылығы — нағыз үлгі!
https://www.instagram.com/reel/DRLwjRVitkx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4-сыныптар арасында «Үнемді тұтыну» тақырыбына байланысты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға ресурстарды орынды, тиімді және жауапкершілікпен пайдалануға үйрету.Тәрбие сағаты барысында балалар қызықты әрі пайдалы мәліметтермен танысты.
https://www.instagram.com/reel/DRMpGaoCQwk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
19 қараша күні 5-10 сыныптар арасында Қазақ халқының көрнекті ағартушысы, ұлт жанашыры, Алаш қозғалысының белді өкілі Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай тәрбиелік маңызы іс- шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты ұлттық құндылықтар мен тәуелсіздік идеяларын құрметтеуге, Алаш зиялыларының еңбегін бағалауға, тарихи сананы қалыптастыруға баулу.Тәрбие сағаты барысында Міржақып Дулатұлының өмір жолы, шығармашылық мұрасы, ұлт азаттығы жолындағы қызметі кеңінен таныстырылды. Оқушылар «Оян, қазақ!», «Бақытсыз Жамал» сияқты шығармаларынан үзінділер оқып, оның ағартушылық көзқарастары мен тарихи рөліне тоқталды.
https://www.instagram.com/p/DROlL2uCpYK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Өнегелі 15 минут»
https://www.instagram.com/reel/DRPEx6piYGn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
SMART BALA жобалары — бұл, оның ішінде, оқушыларды белсенді іс-шараларға тарту арқылы тұлғалық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамалары. Осындай шаралардың бірі – «Барлық мамандықтар қажет — барлық мамандықтар маңызды» атты қысқа мерзімді жоба болды. Жоба аясында 8 «Б» сынып оқушылары мұғалімдер Тузова И. В. және Жумашкина А. К. жетекшілігімен мектеп-интернат қызметкерлері арасында блиц-сауалнама жүргізді.Сауалнама барысында балалар оқу орны қызметкерлерінің жұмысы және басқа да тақырыптар бойынша сұрақтар қойды. Оқушылардың сұрақтарына мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, шаруашылық меңгерушісінің орынбасары, бухгалтер жауап берді. Ал дәрігер кабинетінде оқушылар медицина мекемелеріндегі санитарлардың қызметі туралы сұрап білді.Соңында оқушыларға өздері қандай жаңа мәлімет алғанын айтып беру және білгендерін интерактивті құралдар арқылы көрсету ұсынылды.
https://www.instagram.com/reel/DRReQBlCQ1Z/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Экономика мен ақша бір-бірімен тығыз байланысты екені ешкімге құпия емес. Бірақ әр адам ақша қалай пайда болғанын және ұлттық валюта деген не екенін біле бермейді. Осы сұрақтардың жауаптары 4 «Г» сыныбында «Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы» тақырыбындағы сабақта «Адал Азамат» жобасы аясында ашылып түсіндірілді.
Сабақтың мақсаты: экономикадағы ақшаның рөлін, олардың пайда болуын, қызметтерін және түрлерін білу.
Сабақ өте танымдық болды, онда оқушылар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы туралы көптеген жаңа мәлімет алды. Сабақ барысында балалар пазл құрастырды, түрлі-түсті суреттерді бояды, суреттерді жинады.
https://www.instagram.com/reel/DRReqXaCaml/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
21 қараша күні мектебімізде 5–10 сынып оқушыларына арналған мектеп инспекторы Камила Жанатқызымен мәнді кездесу өтті.Кездесу барысында құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың және нашақорлықтың алдын алу жөнінде маңызды ақпарат беріліп, оқушыларға қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кеңестер ұсынылды.
https://www.instagram.com/p/DRRsm-rihR3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
21 қараша күні мектебімізде 5–10 сынып оқушыларына арналған мектеп инспекторы Камила Жанатқызымен мәнді кездесу өтті.
Кездесу барысында құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың және нашақорлықтың алдын алу жөнінде маңызды ақпарат беріліп, оқушыларға қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кеңестер ұсынылды.
Балалардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз.
https://www.instagram.com/p/DRRsm-rihR3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Еңбегі адал- жас өрен» жобасын іске асыру жоспары бойынша 5 ші сынып оқушыларымен «Қолөнер -шебер қолдар» атты шеберлік сағаты өтті.
Мақсаты:
– Эбру техникасымен таныстыру;
– Ою-өрнек, әр түрлі элементтерді су бетінде бейнелеу;
– Шығармашылық қабілеті мен ұсақ моториканы дамыту.
https://www.instagram.com/reel/DRRznStCYxd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мұғалім-дефектолог Мухажанова А.Ж. 7–10 сыныптар арасында «Табиғатты қорғаңыз» тақырыбында челлендж- сабақ өткізді. Сабақ барысында табиғатты сақтаудың маңыздылығы, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру сияқты маңызды мәселелер кеңінен ашылып, оқушыларға нақты мысалдар мен пайдалы ақпараттар ұсынылды. Іс-шара балалардың экологиялық ой-өрісін кеңейтіп, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DRTiMeYCf2d/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектеп асханасына тексеріс жүргізілді.
21 қараша күні мектеп асханасында бракераждық комиссия жоспарлы тексеріс өткізді.
Тексеру барысында санитарлық талаптар, тағам сапасы және оқушыларды тамақтандыру процесі қаралды.
Нәтиже: Ешқандай бұзушылық анықталған жоқ.
Комиссия оқушылардың сапалы әрі теңгерімді тамақтануын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар берді.
https://www.instagram.com/p/DRbIipvivJ5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23.11.2025 ж.Тақырыбы:Батыр бабаларымыз.«Адал азамат» бағдарламасы аясында жексенбілік топта «Батыр бабаларымыз» атты тәрбие сағаты өтті. Балалар батырлар туралы бейнематериал көріп, сурет бояп, серуен кезінде ескерткіштерге барып, олардың ерліктерімен танысты.
Іс-шараны ұйымдастырған — Абилькасимова Жанагүл Қуанышевна.
https://www.instagram.com/reel/DRbI0SPiRs7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
01.12.2025ж. тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «Біз табиғатты қорғаймыз» атты акция өтті.Осы акцияның мақсаты:
- балаларда табиғатқа ұқыпты қарым-қатынас қалыптастыру;
- экологиялық мәдениетті дамыту;
- қоршаған ортаны қорғаудың қарапайым ережелерін үйрету
https://www.instagram.com/p/DRuBcUMCgJA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «Біз табиғатты қорғаймыз» атты акция өтті.Акцияның мақсаты:
- балаларда табиғатқа ұқыпты қарым-қатынас қалыптастыру;
- экологиялық мәдениетті дамыту;
- қоршаған ортаны қорғаудың қарапайым ережелерін үйрету.
https://www.instagram.com/p/DRuBcUMCgJA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
10 «А» және 10 «Б» сынып оқушылары «Өз жетістіктерімді Отанға арнаймын» челленджіне қатысуда. Оқушылар жауапкершілік, мақсаттылық қасиеттерін көрсетіп, өз елінің дамуына үлес қосуға деген ұмтылыстарын білдіруде.Олар оқу, спорт, шығармашылық және қоғамдық қызмет бағыттарында өз жетістіктерін паш етіп, патриоттық құндылықтарды нығайтуға белсенді атсалысып келеді.
https://www.instagram.com/reel/DRyoD4LiXTg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
04.12.2025 ж. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай кітапханада қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы, Шоқантанушы Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы туралы орта және жоғары сынып оқушыларына таныстырылым өткізілді.Қазақ халқының бетке ұстар ақын-жазушылары жайлы көптеген ізденіс еңбектері насихатталды. Оқушыларға С.Бегалиннің 130 жылдығына орай дайындалған кітап және фотокөрме таныстырылып, жазушының қандай шығармаларды халыққа жеткізгені жайлы ақпарат берілді. Балаларға сұрақтар қойылып, кері байланыс жүргізіліп, алған мәліметтерін есте сақтауға ықпал ету көзделді.
https://www.instagram.com/p/DR1Vh33CuIB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
08.12.2025 ж. 2-сынып оқушыларына батыр тұлға Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар батырдың ерлігі туралы тың мәліметтер алып, оның Отан қорғаудағы қайсарлығы мен батырлығын терең түсінді. Сабақ барысында балалар туған жерді сүюдің, елді қорғаудың маңызын ұғына отырып, батырлардың өмірінен үлгі алуға тәрбиеленді.
https://www.instagram.com/reel/DSB2oR4Cc-n/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Зорлық-зомбылықтың алдын алу шарасы.
08 желтоқсан күні мектепте 1–4 сынып оқушылары арасында
зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында
📝 баяндама оқылып,
🎥 бейнеролик көрсетілді.
Балаларға қауіпсіздік ережелері, бір-біріне зиян келтірмеу, жақсы қарым-қатынас жасау туралы түсініктер беріліп, өздерін қорғау дағдылары үйретілді.
https://www.instagram.com/p/DSB3CaxivVG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
09.12.2025ж. мектептің 6–10 сынып оқушыларымен «Заң және жасөспірім» тақырыбында мектеп психологы: Г.Т. Тұрысбек тәрбие сағатын өткізді. Сабақ шағын топтар форматында ұйымдастырылып, оқушылармен еркін пікір алмасуға, сұрақ қоюға және өмірлік жағдайларды талқылауға мүмкіндік берді.
Сабақ барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы кең көлемде ақпарат алды. Құқықтық жауапкершілік, қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, қоғамдағы заңдардың рөлі сияқты маңызды мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, күнделікті өмірде кездесуі мүмкін түрлі жағдайлар талданды, дұрыс шешім қабылдау жолдары түсіндірілді.
Мақсаты:
– жасөспірімдерге заң талаптарын дұрыс түсіндіру;
– жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
– қауіпсіз мінез-құлыққа үйрету;
– құқықтық мәдениетін көтеру.
Осындай кездесулер оқушылардың өзіне деген сенімін арттырып, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға бағыт береді. Құқықтық сауаттылықты арттыру жасөспірімдердің қоғамда белсенді, жауапты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
https://www.instagram.com/p/DSCsKx8isoD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Құстар — біздің достарымыз» акциясы
10.12.2025 ж. 2 «Б» сыныбында құстар мен табиғатқа деген танымдық қызығушылық пен ізгі көзқарасты дамыту мақсатында акция өткізілді. Әңгімелер жүргізілді, серуен барысында учаскеге ұшып келетін құстарды бақылайтын болдық. Ата-аналар балаларымен бірге жем салғыштар жасап, оларды мектеп аумағына орналастырды.Оқушылар құстардың жыл бойы біздің көмегімізге мұқтаж екенін түсінді. Құстарды қорғау және аялау қажет.https://www.instagram.com/p/DSFANJoitVI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбие жұмысының жоспары бойынша 12.12. күні 7,8 «А» сынып оқушыларымен «Туған жердің патриотымын» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Туған жер туралы түсінік беру, оқушылардың туған өлкеге қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімге тәрбиелеу. Туған жерге деген мақтаныш қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/DSRMDSBisgS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Адал азамат»біртұтас тәрбие жоспары аясында 1 «Б», 3 «А», 3 «Б» сыныптарында су, тамақ және энергияны тұтынуға байланысты іс-шара өткізілді.Іс-шараның мақсаты: су, тамақ және энергияны тұтыну барысында табиғи ресурстарды күнделікті өмірде ұқыпты пайдалануға дағдыландыру.
Оқушыларды кез келген затты үнемдей білуге үйрету, олардың пайдасы мен зияны туралы түсінік қалыптастыру.
https://www.instagram.com/reel/DSRtZoZiZpB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жас педагогтердің бойында Отан сүйгіштік сезімін дамытуға және педагог мамандығының оң имиджін қалыптастыруға бағытталған «Мен ұстазбын! Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» челленджі ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/DSSAOxqigzJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебімізде«Тәуелсіздік – тұғырым» атты саптық жиын өтті.5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданды.Еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген педагогтарымыз Тәуелсіздік күніне орай Алғыс хаттармен марапатталды.Бұл күн – бірлік пен патриотизмнің, елге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ!
https://www.instagram.com/reel/DSSAwyvigPq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Өнегелі 15 минут»
https://www.instagram.com/reel/DSWk6ttCX8G/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай оқушыларға балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, оның өлеңдерімен таныстыру арқылы оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу көзделеді.
https://www.instagram.com/reel/DSWmyJoiVRp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Smart Bala» бағыты бойынша жұмыс жоспары аясында интернет желісінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында 6–9 сынып оқушыларымен «Цифрлық әлемдегі қауіпсіз қадам» тақырыбында әңгіме өткізілді.Әңгіме барысында білім алушылар интернет пен мобильді құрылғыларды қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелерімен танысты, цифрлық ортада кездесетін қауіп-қатерлер мен олардың алдын алу жолдары туралы мәлімет алды. Сонымен қатар қауіпті жағдайларды тани білу және ересектерден көмек сұрау дағдыларына ерекше назар аударылды.
https://www.instagram.com/reel/DSZQz_UiTOT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге баулу. Сонымен қатар балалардың тіл байлығын, ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, елімізді, жерімізді қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DSZTcCWiRdr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18.12.2025 жылы «10 арнайы мектеп-интернатында» 5″А»,6″Б» сыныптарында Еңбегі адал жас өрен жобасы бойынша «Адал еңбек ардың ісі»атты тәрбие сағаты өтті.Мақсаты: Оқушылардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту ,ұғымда қалыптастыру. Еңбектің адам өміріңдегі мәні туралы түсінік беру.Сөйлеу дағдыларын,ой-өрісін дамыту.
https://www.instagram.com/p/DSZ8OcUCimO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Ата — аналарды педагогикалық қолдау” орталығының ұйымдастыруымен “Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішір” атты ата-аналар жиналысы болып өтті. Тәрбиесі мен танымы мол жиналыста ата-аналар өз баласына қалай үлгі болатыны жайында әңгімеледі. Сонымен қатар балаға жәй сөзбен айтқаннан қарағанда өз үлгіңмен көрсеткен тиімді екенін атап өтті. Осы тақырыпта ата-аналар бір-бірімен ой бөлісіп, бала тәрбиесінде сәттілік тіледі.
https://www.instagram.com/reel/DSb33-vib57/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23.12.2025ж.Бастауыш сыныпта өткен Жаңа жылдық мерекелік іс-шара жоғары деңгейде, өте қызықты әрі әсерлі өтті. Мереке барысында балалар көтеріңкі көңіл-күйде болып, белсенділік танытты. Аяз ата мен Ақшақардың келуі балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Сонымен қатар мультфильм кейіпкерлері — Лунтик пен Кузя, фиксиктер және мыстан кемпір балалардың қызығушылығын арттырып, мерекелік көңіл-күйді одан әрі жандандыра түсті.Балалар тақпақ айтып, ән салып, би билеп, түрлі ойындар мен флешмобтарға белсене қатысты. Мерекенің әр сәті балалардың жүрегінде ерекше орын алды, және олар үшін бұл іс-шара ұмытылмас естелік болып қалды.
https://www.instagram.com/reel/DSmYEo6id1D/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде жоғары сыныптарда Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге ертегі кейіпкерлері жиылып, қызықты оқиғаларға толы ғажайып сәттер балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ата — аналар ойынға қатысып, көңілді әсер алды. Әр кейіпкер өз жылылығымен, өз қуанышымен Жаңа жылды қарсы алды.Балалар би билеп, шыршаны айнала ән айтып Аяз атадан сыйлықтар алды.https://www.instagram.com/reel/DSovPBGCeLV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
12.01.2026.ж. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбие жұмысының жоспары бойынша 7«А» және 8 «А» сынып оқушыларымен «Біз — сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:Оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың мағынасын түсіндіру, адалдық пен әділдік ұғымдарын қалыптастыру. Адал болуға, заңды сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, дұрыс таңдау жасау дағдыларын, өз ойын айту қабілетін дамыту.
https://www.instagram.com/reel/DTa2svnCjrJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен “ Мамандық таңдаудағы қателіктер және олардың салдары” тақырыбында психолог сағаты өткізілді.Сабақ өте қызықты өтті. Оқушылар өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін анықтауға, мамандық туралы түсінік алуға және өздеріне қолжетімді мамандықтарды таңдауға үйренді.Оқушылар қызығушылықпен қатысып, пайдалы ақпарат алды.
https://www.instagram.com/p/DTjmZ9Vit7w/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, 21 қаңтар күні тәрбиеші Ауельбекова Р.К. «Дәстүрлі емес діни бірлестіктер: олар несімен қауіпті?» тақырыбында сынып сағатын өткізді.Мақсаты: секталар туралы қауіпті топтар ретінде базалық түсінік қалыптастыру.Аталған сабақта оқушылар адамдарды тартудың (вербовканың) ең қарапайым белгілерімен танысты. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық туралы айтылды. Сондай-ақ отбасы мен педагогтарды сенімді ақпарат көздері ретінде қабылдау, оларға сенім білдіру мәселелері талқыланды.
https://www.instagram.com/reel/DTxXf2ECvcr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Зиянды әдеттерге – ЖОЛ ЖОҚ!»Аға тәлімгердің ұйымдастыруымен оқушылар арасында суреттер байқауы өтті.Байқаудың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және жас ұрпақтың саналы таңдау жасауына бағыт беру .
Оқушылар өз ойларын сурет арқылы әсерлі жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді
Ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/DT2Cox9iiBm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Зиянды заттардан сақтану жолдары»23 қаңтар күні әлеуметтік педагогпен оқушыларға арналған профилактикалық кездесу өтті.Кездесу барысында зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін зияны, олардың алдын алу жолдары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді.Салауатты өмір – жарқын болашақтың кепілі!
https://www.instagram.com/p/DT4uqVUikoS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Суды үнемді тұтыну – болашаққа жасалған маңызды қадам.
6–7 «Б» сыныбында өткен сынып сағатында оқушылар суды үнемдеудің маңызын түсініп, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау жөнінде пайдалы ақпарат алды.Әр тамшы – өмір көзі!
https://www.instagram.com/reel/DT4yyO8Cv1-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Өнегелі-15 минут
https://www.instagram.com/reel/DT4y7WnCs6C/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбы бойынша жексенбілік топ тәрбиленушілерімен мектеп жоспарына сәйкес өткізілген тәрбие сағаты ерекше өтті. Іс-шара барысында балалар еліміздің тарихымен, рәміздерімен, табиғи байлығымен және туған елді сүюдің маңызы туралы терең мағлұмат алды.Сабақтан тыс ұйымдастырылған бұл шараның тәрбиелік мәні зор, себебі ол жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін арттыруға бағытталды. Балалар Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерін, сондай-ақ еліміздің жетістіктерін танып, өз Отанын мақтан тұтуға үйренді.
Тәрбие сағаты барысында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі ойындар, викториналар мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды. Мысалы, балалар Қазақстанның рәміздерін танып, олардың маңызын түсінді. Олар еліміздің картасы бойынша саяхат жасап, әр аймақтың ерекшеліктері мен табиғи байлықтарын зерттеді.
Іс-шараның соңында балалар өз ойларын ортаға салып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Бұл тәрбие сағаты балалардың патриоттық сезімін нығайтып, туған елге деген құрметін арттыруға ықпал етті. Жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін қалыптастыру – біздің басты міндетіміз.
https://www.instagram.com/reel/DT9cCrtiSI9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
0–1–2 сынып оқушылары үшін «Құстарды тамақтандыр» акциясы аясында өткізілген іс-шара ерекше қызықты әрі пайдалы болды. Оқушылар құстардың түрлерімен танысып, олардың өмір сүру ортасы, дағдылары мен қажеттіліктері туралы мағлұмат алды. Акция барысында балалар құстарға қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінді, оларға дұрыс күтім көрсету, тамақ беру және табиғаттағы рөлін бағалау туралы білім алды.
Іс-шара барысында оқушылар көптеген тапсырмаларды белсенді орындап, шығармашылықпен жұмыс істеді. Олар құстарға арналған тамақ дайындап, оны табиғатта орналастыру арқылы практикалық тәжірибе жинақтады. Бұл акция балалардың жанашырлық сезімін оятып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Сонымен қатар, оқушылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, бір-біріне көмектесу арқылы топта жұмыс істей білді. Мұндай шаралар жас ұрпақтың экологиялық сана-сезімін қалыптастыруға, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға және отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға үлкен үлес қосады.
https://www.instagram.com/reel/DT95W1NCenv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Смарт бала» жобасы бойынша орта буын сыныптары арасында “Жедел қызмет нөмірлері” тақырыбында дефектолог Жакупбекова Г.Д- ның ұйымдастыруымен қауіпсіздік сабағы өтілді. Сабақтың басты мақсаты – оқушыларға төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын үйрету және маңызды байланыс нөмірлерін есте сақтаудың қажеттілігін түсіндіру. Сабақ барысында оқушылар 101 (өрт сөндіру қызметі), 102 (полиция), 103 (жедел жәрдем) және 112 (төтенше жағдайлар қызметі) сияқты шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлерімен танысты. Сондай-ақ, сенім телефондары туралы ақпарат беріліп, олардың қиын жағдайға тап болған адамдарға қалай көмектесетіні түсіндірілді.
https://www.instagram.com/p/DT996hhCk4O/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында 3 «А» және 3 «Б» сыныптарында «Өз гүлімді баптаймын» атты сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру, олардың түрлері, күтімі мен пайдасы жөнінде мәлімет ұсыну. Сонымен қатар оқушыларды табиғатты сүюге, өсімдіктерге қамқорлық жасауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылардың бөлме өсімдіктерін күту дағдылары қалыптастырылып, табиғатқа деген құрмет сезімі дамытылды.
Тәрбиешілер: Абжанова Н.А., Қали М.Т
https://www.instagram.com/reel/DUAEePXiUCF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
28.01.2026ж.«Шоқан Уалихановқа -190 жыл»тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушыларға қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасы туралы терең мағлұмат беру. Оның туған жері, білім алған ортасы, ғылыми-зерттеу еңбектері мен саяхат жасаған аймақтары жөнінде түсінік қалыптастыру.
Осы арқылы оқушыларды:
• елжандылыққа, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;
• топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, өз ойларын еркін әрі сауатты жеткізуге үйрету;
• постер құру арқылы шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
https://www.instagram.com/p/DUCwlzNCgaU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында және «Қамқор» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру барысында 28 қаңтар күні 4 «Б» сыныбында «Жер сағаты» атты дүниежүзілік экологиялық акцияны өткізуге арналған әңгіме-сабақ өткізілді. Оқушылар бұл акцияның Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) ұйымдастыратын ерікті халықаралық шара екенін білді. Акция жыл сайын наурыз айының соңғы сенбісінде өткізіледі және оның мәні — бір сағатқа барлық электр құралдары мен электр қуатын өшіру.Сынып болып ата-аналарымен сөйлесіп, наурыз айының соңғы сенбісінде өз отбасыларында сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бір сағатқа барлық электр құралдары мен электр қуатын өшіруге шешім қабылдады. Осылайша, жаһандық жылыну, климаттың нашарлауы сияқты экологиялық мәселелерге өздерінің шағын үлестерін қосып, планетаның болашағына аз да болса әсер етуді мақсат етті.
https://www.instagram.com/reel/DUCxJ-mCQAh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Ұшқыр ой” жобасы аясында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру мақсатында “Алтын қақпа” атты ойын түріндегі сайыс болып өтті. Сайыста 2 оқушы 3 кезең бойынша өз білімдерін сынады.
1 кезең — Жұмбақты шеш
2 кезең — Интелектуалды сұрақтар
3 кезең — Мақалды жалғастыр
Әр кезеңге дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша таратылып отырды. Жауап бере алмаған жағдайда, көрермен көмегіне жүгінді. Соңында 2 оқушыда жұлдыз саны тең болды.
https://www.instagram.com/reel/DUC7dg9iZMi/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
28.01.2026 ж. 6–10 сынып оқушылары арасында баскетболдан блиц-турнир өткізілді.Аталған спорттық іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Турнирге 6–10 сыныптардан құралған командалар қатысып, жарыс жоғары деңгейде өтті. Оқушылар өзара достық қарым-қатынаста сайысқа түсіп, ептілік, жылдамдық және командалық бірліктерін көрсете білді. Жарыс барысында спорттық тәртіп сақталып, қауіпсіздік ережелері толықтай қамтамасыз етілді.Блиц-турнир оқушылардың жағымды эмоция алып, белсенді демалуына мүмкіндік берді. Іс-шара соңында белсенді қатысқан командалар мен оқушылар марапатталып, алдағы уақытта да осындай спорттық жарыстарды тұрақты түрде өткізу қажеттілігі атап өтілді.
https://www.instagram.com/p/DUDT0WaCsLS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Ата — аналарды педагогикалық қолдау” орталығының ұйымдастыруымен “Балаға үйрету:Ақылыңды мейірімге орап бер” атты ата-аналар жиналысы болып өтті. Тәрбиесі мен танымы мол жиналыста ата-аналар балаға қалай эмоцияға берілмей ақылын айтып, тәрбиелеуге болатыны жайында пікірталасты. Сонымен қатар балаға жәй сөзбен айтқаннан қарағанда өз үлгіңмен көрсеткен тиімді екенін атап өтті. Осы тақырыпта дефектолог — мұғалімдер ата-аналарға балаға сабырлықпен қарап, барлығын байыппен түсіндіруге болатынын практика жүзінде көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/DUH2wF9icBI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
30.01.2026.ж. күні дәстүрлі «Туған күніңмен, балақай!» атты туған күн мерекесі 7«А»,8«А»,10«Б» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен, Г.Ж. Акторгаева, А.С. Нурабекова ұстаздардың жетекшілігімен өтті. Туған күн мерекесінде балалар туған күн иелеріне жақсы тілектер, ән айтып, би билеп, ойындар ойнатты. Мерекеде көңілді клоунмен 7«А»,8«А»,10 «Б» сынып оқушылары туған күн иелеріне көтеріңкі көңіл — күй сыйлай білді.
https://www.instagram.com/reel/DUPaKhaiuH-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2025-2026 оқу жылы бойынша «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-шараларға анықтама.
2025-2026 оқу жылының біртұтас тәрбие бағытының мақсаты Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру. Бұл міндетті іске асыру барысы, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады. Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталған. Ақпан – «Жасампаздық және жаңашылдық» айы болатын.Құндылықтарды қалыптастыру мақсатында оқу-тәрбие процесінде күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы.
https://www.instagram.com/reel/DUQOxzPCXvS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
04.02.2026.ж. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбие жұмысының жоспары бойынша 7«А» және 8 «А» сынып оқушыларымен «Терроризм – адамзатқа төнетін басты қауіп» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға терроризмнің қауіпті әрекет екенін түсіндіру және қауіпсіздік ережелерін үйрету. Сақтық, байқампаздық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, тыныштық пен бейбітшілікті қадірлей білуге тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/reel/DUWBGE4igft/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Білім беру ұйымында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында 2026 жылдың 6 ақпан күні мектебімізде «Нашақорлықтың зияны және оны қолданудың салдары» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына, отбасына және қоғамға тигізетін зиянын жан-жақты түсіндіру, есірткі заттарын қолданудың ауыр салдарлары жөнінде нақты ақпарат беру, сондай-ақ жастардың өмірлік ұстанымын қалыптастырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу болды.
https://www.instagram.com/p/DUaAS5sitUr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай №10 арнайы мектеп-интернатында орта буын сынып оқушыларымен «Қазақстан картасы» тақырыбында «Саяси-таным сағаты» өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Шоқан Уәлихановтың ұлы ғалым, тарихшы, фольклортанушы, этнограф, географ, ағартушы, демократ екендігін таныстыру, оның ғылымдағы орны мен қазақ халқы үшін сіңірген еңбегін насихаттау болды.
Шоқанның жақын досы Г.Н. Потаниннің: «Шоқан қазақ халқы үшін Еуропаға ашылған терезе іспетті болды» деген пікірі айтылып, ғалымның ғылыми-зерттеу еңбектеріне кеңінен тоқталынды. Атап айтқанда, Шоқан Уәлихановтың картаға қатысты жасаған сапарлары, тарихи жерлер мен шекаралық бағыт-бағдарларды сызба түрінде дәл бейнелеп отырғаны, оның ерекше қабілеті, ізденімпаздығы мен талапшылдығы туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, Шоқанның өз заманында еңбегі жоғары бағаланып, губернатор жанында поручик әскери атағы берілгені жөнінде айтылды. Іс-шара барысында Қазақстан картасы көрсетіліп, Шоқан Уәлиханов туралы жазылған кітаптарға шолу жасалды.
Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, тақырыпқа деген қызығушылықтарын білдірді.
https://www.instagram.com/p/DUaR5xBihDY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Жауапсыздықтан қылмысқа – бір қадам» тақырыбында 6–10 сынып оқушылары арасында тәлімгерлік сағат ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушылар:
– жауапкершіліктің маңызын;
– құқық бұзушылықтың салдарын;
– әр әрекеттің заң алдындағы жауапкершілігін талқылады.
Талқылау, өмірлік мысалдар мен пікір алмасу арқылы оқушыларға дұрыс таңдау жасауға, жауапты азамат болуға бағыт берілді.
https://www.instagram.com/p/DUdaFtXCuCe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
07.02.2026 ж. демалыс күнінде топта «Табиғаттың құпиялары» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға адам мен табиғаттың егіз екенін ұғындыру, жерді және табиғатты құрметтеуді үйрету. Сонымен қатар, балалардың сөздік қорын көбейту және сөйлеу мәдениетінің белсенділігін арттыру.
Жауапты: Г.А. Кайпышова.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар табиғаттың әсемдігі мен оның адам өміріндегі маңыздылығы туралы пікір алмасты. Олар табиғаттың қорғалуы қажеттілігі, экологиялық мәселелер және табиғатқа қамқорлық жасау жолдары туралы ақпарат алды. Оқушылардың белсенді қатысуы мен қызығушылығы сабақтың нәтижелілігін арттырды.
https://www.instagram.com/p/DUhcwfeiqwp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Апталық жоспар бойынша10.02.2026 ж. 4”В” сыныбында “Буллингтен қорған!”тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты : оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіріп, оның түрлері мен салдарын таныту, буллинг жағдайында дұрыс әрекет ету жолдарын үйрету және өзара сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Балалар әр- түрлі дидактикалық ойындар ойнап , жақсы жаман жағдаяттарды ажыратуды білді.
https://www.instagram.com/p/DUiiC8ECs7s/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2026 жылдың 12 ақпанында №10 арнайы мектеп-интернатында Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған ерекше іс-шара өтті.Оқушылар Бауыржан Момышұлының ерлігімен, Отанға деген сүйіспеншілігімен танысып, батырлық, достық және үлкендерді құрметтеу сияқты қасиеттерді бойларына сіңірді. Іс-шара барысында қызықты әңгімелер, ойындар, сұрақ-жауап әдісі, топтық тапсырма «Батырлық жолы» және рөлдік ойын «Батырдың ерлігі» ұйымдастырылып, патриоттық сезімдерін арттырды.Мұндай шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке және ізгі мінез-құлыққа тәрбиелеуде үлкен мәнге ие.
https://www.instagram.com/p/DUpTppWisqg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында 5-сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты тағылымды әрі көңілді іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өздеріне деген сенімділігін арттыру және мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарын насихаттау.
Бағдарлама барысында түрлі ойындар, шығармашылық тапсырмалар мен қызықты жаттығулар ұйымдастырылып, балалар көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Әр бала өз өнерін көрсетіп, білімін ортаға салып, белсенділік танытты.Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың жан-жақты дамуына өз үлесін қосып,қоғамда мейірімділік пен түсіністікті қалыптастырамыз.
https://www.instagram.com/p/DUpUlhbirl9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Қамқор » жобасы аясында 7-9 сынып оқушылары арасында Мұхажанова А.Ж. жетекшілігімен «Су, энергия, азық-түлікті үнемді пайдалану» тақырыбында викторина сабағы өткізілді. Онда балаларға табиғи ресурстарды қорғаудың маңыздылығы туралы айтылды.
https://www.instagram.com/reel/DUpVxS6CQH0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
12 ақпан күн SMART BALA жобасы аясында Кусаинова К.Е. ұстаздың жетекшілігімен 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен тәрбие жұмысы жоспары бойынша «Ақылды гаджеттер: көмекшілер ме, әлде тұзақтар ма?» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді. Шараның мақсаты – цифрлық сауаттылықты дамыту, ақылды гаджеттердің оқу мен өмірде қалай көмектесетінін көрсету. Шара барысында жоғары сынып оқушылары интерактивті тақтада көрсетілген презентацияға сүйене отырып, «Сенемін – сенбеймін» ауызша жаттығуы мен «Гаджетті тап», «Гаджеттер оқу барысында», «Қауіпті ме, пайдалы ма?», «Цифрлық этикет» станцияларында квест-саяхат арқылы гаджеттер туралы білімдерін кеңейтті, технологияларды қауіпсіз және пайдалы түрде пайдалануды үйренді.
https://www.instagram.com/p/DUpge8nCr23/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 8 «Б» және 9 «Б» сыныптарында «Қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Тәрбиеші Ауельбекова Р.К. оқушыларға қоғамдық қауіпсіздік ұғымын түсіндіріп, қоғам қауіпсіздігі әрбір адамның мінез-құлқына, жауапкершілігіне және ережелерді сақтауына тікелей байланысты екенін атап өтті.Оқушылар аталған тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, өз ойларын білдіріп, өмірден мысалдар келтіріп, сұрақтар қойды. Сынып сағаты мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтті.https://www.instagram.com/reel/DVGO6j0CQ5k/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
24.02.2026 ж. мектеп психологы Г. Тұрысбек «Кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында сабақ өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларға интернет желісінде қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық қалыптастыру, бір-біріне құрметпен қарауды үйрету және онлайн агрессияға қарсы тұра білу дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында оқушыларға кибербуллингтің түрлері, оның пайда болу себептері, зияны мен психологиялық салдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, желідегі әдептілік ережелері, жеке ақпаратты қорғау жолдары, әлеуметтік желілерде өзін-өзі ұстау мәдениеті және күмәнді жағдайларда дұрыс шешім қабылдау тәсілдері талқыланды.
Психолог оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, олардың пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Оқушылар түрлі жағдаяттық тапсырмалар орындап, рөлдік ойындар арқылы кибербуллинг жағдайында қалай әрекет ету керектігін тәжірибе жүзінде көрсетті. Сонымен бірге, қиын жағдайға тап болған кезде ата-анаға, мұғалімге немесе мектеп психологына жүгінудің маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, интернет кеңістігінде қауіпсіздікті сақтаудың маңызын түсінуге, өз құқықтарын білуге және бір-біріне қолдау көрсетуге бағытталды.
Осындай тәрбиелік мәні зор, оқушылардың тұлғалық дамуына ықпал ететін шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
https://www.instagram.com/p/DVI0KC2Ch_9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
25.02.2026 ж. мектебімізде пионербол жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа мектептің әр сынып оқушылары белсене қатысып, өзара бақ сынасты. Ойын өте тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылар ұйымшылдық пен ептіліктерін көрсетіп, команда болып жұмыс істеудің маңыздылығын дәлелдеді.
Жарыс барысында жанкүйерлер өз сыныптастарына қолдау көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әділқазылар алқасы ойынның ережеге сай өтуін қадағалап, жеңімпаз командаларды анықтады. Нәтижесінде үздік ойын көрсеткен командалар марапаттқа ие болды.Бұл жарыс оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиеледі.
https://www.instagram.com/p/DVLcr0divc_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде “Бұлақ көрсең,көзін аш” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.Бала – әрқайсысы тұнып тұрған бұлақ.Ал сол бұлақтың көзін ашу – ата-ана мен ұстаздың ортақ міндеті.Жиналыс барысында тұлғаның бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту жолдары, баланың қызығушылығын ояту, қолдау көрсету мен дұрыс бағыт-бағдар беру туралы ой бөлістік.Шығармашылық – тек сурет салу немесе ән айту емес. Ол – баланың еркін ойлауы, өз пікірін білдіруі, бастамашыл болуы.
https://www.instagram.com/reel/DVQBTtSCTlg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Өнегелі 15 минут» жобасы аясында қазақтың ұлттық өнерінің бірі- атқа міну.
https://www.instagram.com/reel/DVQGyYyiWY2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
27.02.2026ж.Мектебімізде «Қауіпсіз интернет — қатерсіз болашақ» тақырыбында іс-шара өткізілді. Оқушыларға арнайы бейнеролик көрсетіліп, интернеттегі қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндірілді.
Оқушыларға:
🔹 жеке мәліметтерді қорғау
🔹 күмәнді сілтемелерге өтпеу
🔹 кибербуллингтің алдын алу
🔹 әлеуметтік желідегі мәдениетті қарым-қатынас туралы маңызды ақпараттар берілді.
Бүгінгі цифрлық заманда интернетті дұрыс және қауіпсіз пайдалану — әрбір оқушының басты міндеті. Қауіпсіз интернет — жарқын әрі сенімді болашақ кепілі!
Алғыс күніне орай мектеп оқушылары ұжымды олардың тынымсыз еңбегі, қамқорлығы мен сабырлылығы үшін шын жүректен алғыстарын білдірді. Оқушыларға күн сайын берілетін білім, қолдау мен жылулық үшін ризашылықтарын жеткізді.
https://www.instagram.com/reel/DVVBnfMihSQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
02.03.2026 ж. мектебімізде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында эвакуациялық жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар мен мектеп қызметкерлеріне төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіз әрекет ету тәртібін түсіндіру, эвакуациялау дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздік талаптарының орындалуын тексеру болды.
Жаттығу барысында шартты түрде өрт дабылы беріліп, барлық оқушылар мен қызметкерлер бекітілген эвакуациялық жоспарға сәйкес ғимараттан қауіпсіз аймаққа шығарылды. Сынып жетекшілері оқушыларды ұйымдасқан түрде алып шығып, түгелдеу жұмыстарын жүргізді. Мектеп әкімшілігі эвакуациялау барысын бақылап, тәртіп пен уақыттың сақталуын қадағалады.
Жаттығу белгіленген талаптарға сәйкес, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып өткізілді. Қатысушыларға өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет алгоритмі еске салынды.Жалпы эвакуациялық жаттығу өз мақсатына жетіп, жоспарға сай өткізілді.
https://www.instagram.com/p/DVXxyacimz0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
02.03.2026 ж. Алғыс айту күніне орай «Қазақстан – бір ұлт, бір халық» тақырыбында сыныптан тыс іс-шаралар өтті.
1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне арналған бұл шаралардың негізгі мақсаты – оқушыларды достыққа, бірлікке, өзара құрмет пен сыйластыққа тәрбиелеу, елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің татулығын насихаттау болды.Іс-шара барысында оқушылар Қазақстанда өмір сүріп жатқан әртүрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы мәліметтер ұсынып, өлеңдер оқып, әндер орындады. Сонымен қатар Отан, бірлік және бейбітшілік тақырыбында көріністер қойылып, тәрбиелік мәні зор бейнероликтер көрсетілді.Шара соңында оқушылар бір-біріне және ұстаздарына алғыс білдіріп, татулық пен ынтымақтың маңыздылығын атап өтті.Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, «Қазақстан – бір ұлт, бір халық» қағидасын терең түсінуге ықпал етеді.
https://www.instagram.com/p/DVYYLv9CoeW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес тәрбиеші Ауельбекова Р.К. 8–9 «Б» сынып оқушыларымен «Энергия мен суды үнемдейік» тақырыбында сынып сағатын өткізді.Ауельбекова Р.К. оқушыларға адам өміріндегі су мен энергияның маңызы туралы білімдерін кеңейтті. Сондай-ақ су мен электр энергиясына ұқыпты қарау керектігі жөнінде түсіндірді.
Сабақтың соңында оқушылар салған суреттерін қорғау арқылы қорытынды жасалды.
https://www.instagram.com/reel/DVa4S5tiZcC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде «Анама көңіл-күй сыйла» акциясы ұйымдастырылды.Акцияның мақсаты – аналарымызға құрмет көрсету, жылы сөз айтып, мейірім сыйлау.Ана – әр баланың жүрегіндегі ең қымбат жан.
https://www.instagram.com/reel/DVdkrz7Cn-P/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
04.03.2026ж. «Туған күніңмен, балақай!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Балалар көңілді ойындар ойнап, би билеп, ән айтып, бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әрбір сәт шаттық пен күлкіге толы болды. Мереке баршаға қуаныш пен жылулық әкеліп, жүректерге ерекше әсер қалдырды.
https://www.instagram.com/reel/DVdvYSqCkKa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
05.03.2026 ж.«Менің компьютерім. Виртуалды тәуелділік» тақырыбында психолог сағаты өткізілді.Қазіргі ақпараттық қоғамда компьютер мен виртуалды әлем – заман талабы. Олар білім алуға, ақпарат іздеуге және қарым-қатынас жасауға үлкен мүмкіндік береді. Дегенмен, компьютерді және интернетті шектен тыс пайдалану адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік қарым-қатынасына кері әсерін тигізуі мүмкін.Сондықтан интернет пен түрлі гаджеттерді тиімді пайдалану, уақытты дұрыс жоспарлау және шынайы өмірдегі қарым-қатынасты ұмытпау өте маңызды.
Бүгінгі психолог сағатында оқушыларға виртуалды тәуелділіктің алдын алу жолдары, ақпараттық әлемдегі қауіпсіздік ережелері және компьютерді дұрыс пайдалану мәдениеті туралы түсіндірілді. Оқушылармен пікір алмасу жүргізіліп, пайдалы кеңестер берілді.
https://www.instagram.com/p/DVffVPxiqBt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
05.03.2026 ж.Биыл қазақтың халық поэзиясының көрнекті өкілі, ақын-импровизатор және жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толып отыр. Жамбыл — халықтың үні, ел рухы, ғасырлар бойы жеткен поэтикалық мұра. Оның шығармалары халықтың ерлігі мен рухының күшін дәріптеп, ұлттық болмыстың айнасына айналды. Ақын өлеңдерінде әділдік, адалдық, туған жерге деген сүйіспеншілік және халық тағдыры терең бейнеленген.
Іс-шараның басты мақсаты — жас ұрпақты Жамбылдың баға жетпес әдеби мұрасымен таныстыру, ұлттық өнер мен дәстүрге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылармен бірге біз ақынның ғажайып әлеміне саяхат жасадық. Қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы «Жамбыл — ғасыр куәгері» атты әсерлі бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар өз өнерлерін де көрсетті: олар музыкограммалар (ырғақтық партитуралар) арқылы орындау шеберліктерін танытты.
Жамбылдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Білгірлер сайысы» атты зияткерлік ойын ерекше қызығушылық тудырды. Балалар сұрақтарға жарыса жауап беріп, күрделі сөзжұмбақтарды шешіп, ұлы ақынның мұрасын жақсы білетіндерін және оны қадірлейтіндерін көрсетті.
Іс-шараның шарықтау шегі, әрине, күй орындау болды. Менің оқушыларым әр нотасына өздерінің сүйіспеншілігі мен құрметін қосып, шын жүректен орындады.
https://www.instagram.com/reel/DVfgC_SCZY9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
06.03.2026ж. «Қыздар әлемі» ұлттық бағыттағы байқау
Мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Қыздар әлемі» атты ұлттық бағыттағы байқау өткізілді. Байқауға қатысқан аруларымыз қазақ халқының салт-дәстүрін, әдептілігі мен өнерін көрсетіп, өздерінің білімді, ибалы әрі өнерлі екенін дәлелдеді.
Қатысушылар ұлттық киім киіп, өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әрбір қыз баланың бойынан нәзіктік пен ұлттық тәрбиенің үлгісі көрінді.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге, салт-дәстүрімізді құрметтеуге үлкен ықпал етеді.
https://www.instagram.com/reel/DVnxQKHCNLk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының әлеуметтік жобасы аясында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын іске асыру жоспарына сәйкес, 10.03.2026 жылы 1 «А» және 2 «А» сынып оқушылары мектеп мұражайына, этнозалға барып, «Ұлттық өнер көрмесін» тамашалады.
Көрме барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық бұйымдары мен қолөнер туындыларымен танысып, олардың жасалу ерекшеліктері мен маңызы туралы мағлұмат алды. Балалар ата-бабамыздан қалған асыл мұраларды көріп, ұлттық өнердің әсемдігі мен терең тарихын сезінді.
Әрбір бұйым халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, шебер қолөнершілердің таланты мен еңбегін паш етеді. Осындай танымдық саяхат жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, мәдени мұрамызды құрметтеуге тәрбиелейді.
https://www.instagram.com/reel/DVsm4jxiV1h/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Электронды платформа көмекке келеді» атты өзекті тақырыпта 5–9 сыныптардың аралас топтарында сыныптан тыс сабақ өткізілді. Бұл іс-шара «Smart Bala» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға интернет пен жасанды интеллекттің оқуында, өмірінде және қарым-қатынасында адамның көмекшісі екенін көрсету, компьютерлік технологияларға деген қызығушылық пен оң көзқарасты дамыту.
Педагог интернеттің оқу үшін беретін мүмкіндіктерін түсіндірді. Оқушылар көптеген білім беру порталдары бар екенін және олардың ақылды көмекші бола алатынын білді. Мұндай көмекшілер тарих, география, биология пәндері бойынша білімді жетілдіруге, сондай-ақ шет тілдерін үйренуге көмектеседі.
Осындай порталдардан жануарлар, ғылым мен техника, денсаулық, спорт және өмір туралы энциклопедияларды табуға болады.
Іс-шара барысында қатысушылар суреттерді жандандырып, фотолар жасап, ойындар ойнап, көптеген жағымды эмоциялар алды. Соңында олар интернет пен жасанды интеллект ойыншық емес, керісінше қажетті құрал екенін, ал компьютер өмірімізді қызықты әрі тартымды ететінін қорытындылады.
https://www.instagram.com/p/DVsnLNrCjWb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
11.03.2026ж.»Ұшқыр ой алаңы жобасы аясында “Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады”тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.Іс-шараны ұйымдастырған педагогтар: Макенбаева Н.К, Нурмагамбетова Д.А.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық ойын түрлерімен танысты. Балалар асық ату, арқан тартыс, ақсүйек, қыз қуу ойындары туралы мағлұмат алып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар қызықты ойындарға белсенді қатысып, ұлттық ойындардың ептілікке,шапшаңдыққа және бірлікке баулитынын түсінді.Іс-шара өте қызықты әрі әсерлі өтті.
https://www.instagram.com/reel/DVvEmjTiVjZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
11.03.2026 ж. «Өзгелерді ұмытпа — сен бұл әлемде жалғыз емессің» тақырыбында 3, 4 және 6-сынып оқушыларының аралас жас тобында викторина өтті. Іс-шара «Қамқор» жобасы аясында ұйымдастырылды. Викторинаны Абильдина А.И. өткізді. Іс-шара балалардың бойында мейірімділік, өзара көмек және айналасындағыларға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DVvevFUiWJM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
12.03.2026 ж. Наурызнаманың онкүндігі аясындағы «Қайырымдылық» күніне орай Русаков атындағы мектеп-интернатының ұжымы мен мектеп оқушылары игі іске атсалысып, концерттік бағдарлама ұсынып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.Бұл күні ұжым мен оқушылар қайырымдылық пен мейірімділік құндылықтарын насихаттап, қамқорлық пен жанашырлықтың маңыздылығын көрсетті. Іс-шара барысында қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, ізгі ниетпен ұйымдастырылған шара арқылы айналасына қуаныш пен шаттық сыйлады.Осындай игі бастамалар оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, қоғамға деген жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.
https://www.instagram.com/p/DVyJ4RpiuQx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
12 наурыз күні мектебімізде 5–10 сынып оқушылары арасында «Ал, қыздар!» атты спорттық іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және командалық бірлікті дамыту.
Қыздар түрлі қызықты әрі тартысты спорттық кезеңдерде өздерінің шапшаңдығын, ептілігін және белсенділігін көрсетті. Сайыс өте көңілді, әсерлі өтіп, көрермендер мен жанкүйерлер қатысушыларға ерекше қолдау көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/DVy5DrBiuSc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
13.03.2026 ж. мектеп-интернатымызда Наурыз мерекесіне орай ата-аналарға арналған мерекелік концертпен «Мейірімді жүрек» атты ашық есік күні өткізілді.Отырыс барысында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, келесі мәселелер қарастырылды.
Отырыс күн тәртібі:
1. «Корь, значение вакцинации» тақырыбындағы баяндама.
Баяндамашы: дәрігер Клюнников С.В.
2. Жасөспірім кезеңіндегі психологиялық ерекшеліктері туралы баяндама.
Баяндамашы: мектеп психологы Тұрысбек Г.Т.
3. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, буллингтің алдын алу жөніндегі шараларды қарастыру.Баяндамашы: әлеуметтік педагог Төкішева А.Т.
4. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының қызметі туралы ақпарат.
Шараға ата-аналармен қатар Қамқоршылар кеңесінің мүшелері де қатысып, мектеп ұжымының ұйымдастырған концерттік бағдарламасын тамашалады. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
https://www.instagram.com/reel/DV3bRYbimFA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі)
14 наурыз – халқымыздың қыстан аман-есен шығып, көктеммен қауышуын білдіретін, бірлік пен татулықты дәріптейтін Наурыз мейрамының бастауы.
Бұл күні адамдар ерте тұрып, ағайын-туыс, көрші-көлемен көрісіп, қол алысып, төс қағыстырып, «Бір жасыңызбен!» деп көріскен.Ынтымағымыз жарасып, ырысымыз арта берсін!
Халқымыз аман, еліміз тыныш, дастарқанымыз берекелі болсын!
https://www.instagram.com/reel/DV3clfuCqlI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Наурызнама онкүндігіне сәйкес 15 наурыз – Қайырымдылық күні 🤍
Осы мерейлі күнге орай мектебімізде мейірімділік пен жанашырлықты насихаттауға бағытталған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында көмекке мұқтаж 1 отбасыға азық-түлік және ақшалай түрде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, басқа мектеп-интернаттан арнайы келген оқушылар мерекелік концерт қойып, өз өнерлерін тарту етті. Оқушыларға тәттілер таратылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қайырымдылық – жүректен шыққан жақсылық. Осындай игі іске атсалысқан барша жандарға алғыс білдіреміз. Мейірім мен жақсылық әрдайым көбейе берсін!
https://www.instagram.com/reel/DV5E3WxioWK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
16 наурыз –Наурызнама онкүндігі аясындағы Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күні қазақ халқының өнері, тұрмыс-салт ғұрыптары дәріптеліп, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұралар кеңінен насихатталады. Осы тақырып барысында Кайшманова Алма Кожаевна шығармашылық мұғалімдер бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Жакупбекова Гульзинат Даулетовнадан «Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің тәрбиелік маңызы» жайында және кәсіби – еңбекке баулу пәнінің мұғалімі Есенгелді Жібектен «Дәстүрлі қолөнердің дүниетанымдық маңызы» тақырыбында сұқбат алынды. Мақсаты: Ұлттық ою-өрнектің жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, ұлттық болмыс пен дүниетанымды келешек ұрпақтың бойына сіңіру, еңбекке, ұқыптылыққа және шығармашылыққа баулу. Қазақ халқының рухани құндылықтары мен тарихын насихаттау.
https://www.instagram.com/reel/DV7lpMEichi/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
17.03.2026 ж.Бүгін – Шаңырақ күні .Бұл күн – отбасы құндылықтарын дәріптейтін, береке мен бірлікті насихаттайтын ерекше мереке .Шаңырақ – әрбір жанұяның жылуы мен махаббатының, сыйластығы мен татулығының белгісі. Осындай қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз .Бүгінгі күн балаларға ұлттық тәрбиенің маңызын ұғындырып, олардың бойында адамгершілік, патриоттық сезім мен еңбекқорлықты қалыптастыруға бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DV-PHDfCigH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кеңінен атап өтілді. Іс-шара аясында наурыз айында дүниеге келген туған күн иелеріне арналған ән мен би ұсынылып, қызықты ұлттық ойындар ұйымдастырылып, өз жалғасын тапты.Мереке Ақ әжеміздің шашу шашуымен басталды. Балалар тәттілерді жинап, мәз-мейрам болды. Қонаққа Қыдыр ата келіп, оқушыларға ақ батасын беріп, ізгі тілектерін арнады.
https://www.instagram.com/reel/DV-PvVRCWnD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
17.03.2026ж. мектебімізде «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында «Әрқайсымыз біргеміз» тақырыбында психологиялық сағат өтті.
Сабақ барысында оқушылар бір-бірін жақынырақ танып, достық, сыйластық, өзара қолдау көрсету сияқты маңызды құндылықтардың маңызын түсінді.
Әр бала – ерекше, әрқайсысы – маңызды.https://www.instagram.com/p/DV-xC6MCj_I/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18.03.2026 ж. Үнемді тұтыну.
Суды үнемді пайдалану — болашағымызға қосқан үлес.Сынып сағатында 9–10 сынып оқушылары су ресурстарына ұқыпты қараудың маңыздылығын талқылап, әрқайсымыз суды сақтауға қалай үлес қоса алатынымызды білді. Оқушылар әлемдегі тұщы судың тапшылығының негізгі себептерін қарастырып, өз ойларымен бөлісті және күнделікті өмірде суды үнемдеудің тиімді жолдарын ұсынды.Сонымен қатар, тіс тазалау кезінде кранды жауып қою, тұрмыста суды орынды пайдалану және су құбырларының жарамдылығын қадағалау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі осы құнды ресурсты сақтауға көмектесетіні атап өтілді.Әрбір тамшы — тіршілік көзі!
https://www.instagram.com/reel/DWBFdcFiYDM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
18.03.2026ж Эстетикалық цикл мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі «Адал азамат» бағдарламасын түрлі шығармашылық жобалар жасау арқылы жүзеге асыруда.Ағымдағы кезеңде көптеген іс-шаралар өткізілді: қазан айында оқушылар «Сүйікті ұстазға сыйлық» атты қолөнер бұйымдарын дайындады, Шоқан Уәлиханов мерейтойына орай балалардың жұмыстары «Туған өлкенің гүлденуі» атты көрмеге қойылды. «Домбыра күні» іс-шарасында интернат оқушылары шағын концертке қатысып, ал 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай балалар акт залын безендіруге белсене атсалысты.
Сонымен қатар, оқушыларымыздың үздік жұмыстары «Ұлттық мәдениет» көрмесінде де ұсынылды.
https://www.instagram.com/reel/DWBOB-2Cjfc/?utm_source=ig_web_copy_link
18.03.2026 ж.Бүгін — Ұлттық киім күні!
Ұлттық киім біздің мәдени кодымыз бен ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұрамыз. Әрбір оюдың иірімінде, әрбір нақыштың астарында ата-бабамыздың өсиеті мен терең тарихы жасырулы. Бұл күн — төл құндылықтарымызды мақтанышпен паш етіп, ұлттық рухымызды асқақтатуға арналған.Бабалар дәстүрін бірге жаңғыртып, ұлттық нақышта киінуді әдемі үрдіске айналдырайық!
https://www.instagram.com/reel/DWBcRQoipTK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
19 наурыз – Жаңару күні құтты болсын!
Бұл күн – табиғаттың ғана емес, адамның да жаңарып, жаңғыратын сәті.
Жүректерге жылу ұялап, үміттер қайта жанданып, жақсы ниеттерге жол ашылатын ерекше күн ✨
🌱 Әр күніміз жаңа мүмкіндікке толы болсын
🌱 Жаңа бастамалар сәттілік әкелсін
🌱 Жанымыз тыныштық пен қуанышқа бөленсін
Жаңару күні – өткенді саралап, болашаққа нық қадам жасауға шақыратын күн.Жаңа өмірге жаңа күшпен қадам басайық!
https://www.instagram.com/reel/DWDQz9FCXUL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
20.03.2026 ж. Бүгін – Ұлттық спорт күні!
Осы атаулы күнге орай білім ордамызда ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ халқының дәстүрлі ойындарына деген қызығушылықты арттыру болды.Жарыс барысында оқушылар Ат жарысы,Бес асық,Қыз қуу,Арқан тартыс,Теңге алу сияқты ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынасты. Қатысушылар белсенділік танытып, күш-жігері мен ептілігін көрсетті.Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұлттық спорт – ұлт мақтанышы!
https://www.instagram.com/reel/DWJcfhlivjh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бүгін – 21 наурыз, Ынтымақ күні!Бұл күн – татулық пен бірліктің, достық пен өзара құрметтің мерекесі. Ынтымақ күні адамдарды бір-біріне жақындастырып, ұлттар мен ұлыстар арасындағы сыйластықты нығайтуға үндейді.Осы атаулы күні білім ордамызда түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар бірлік пен ынтымақтың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылып, достық пен келісімнің құндылығы насихатталды.Ынтымақ бар жерде – береке бар! Бірлігіміз бекем, татулығымыз мәңгі болсын!
https://www.instagram.com/p/DWJdGQGiiro/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Наурызнаманың он күндігі аясында 22 наурыз — Ұлыстың Ұлы күні, Наурыз мейрамы — жаңа жылдың басы, көктем мерекесі құтты болсын! Бұл күн — жаңару, жаңа бастамалар мен үлкен үміттер мерекесі. Осы күні барлық қазақстандықтар үлкен тойға жиналады, бір-бірімен мерекемен құттықтап, ұлттық тағамнан дәм татады.
https://www.instagram.com/reel/DWLRbCvijpc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23 наурыз – Наурызнаманың соңғы күні Бүгін – тазалық күні.
Бұл күн тек айналамызды ғана емес, жан дүниемізді де жаңартатын ерекше сәт .
Тазалық – тәртіптің, мәдениеттің және жаңа бастаманың белгісі.
Әрбіріміз ауламызды, мектебімізді, қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғатқа қамқорлық танытайық .Жаңа жылды таза көңілмен, таза ортамен қарсы алайық!
https://www.instagram.com/reel/DWNpeDyCtk8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Өнегелі- 15 минут»
https://www.instagram.com/reel/DWf93hAiVzu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
1 «Б» және 2 «Б» сыныптарында «Жер — біздің ортақ үйіміз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар табиғатты қорғау ұғымымен танысып, қоршаған ортаны неге сақтау қажет екендігін талқылады.Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, ойын тапсырмаларын орындады, сұрақтарға жауап беріп, табиғатта өзін дұрыс ұстау туралы қорытынды жасады.Сынып сағаты барысында оқушыларда қоршаған ортаға деген ұқыпты көзқарас қалыптасып, экологиялық мәдениеті мен табиғатты қорғауға деген жауапкершілігі дамыды.Сынып сағаты қызықты, танымды және ұйымдасқан түрде өтті.
https://www.instagram.com/p/DWiugv3CuXg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде 7–10 сынып оқушыларына арналған
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында бейнеролик көрсету және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушылар:
✔ экстремизм мен терроризм ұғымдарымен танысты
✔ оның қоғамға тигізетін зиянын түсінді
✔ қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары туралы ақпарат алды
Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Басты мақсат – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/DWlij8kinME/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
03.04.2026ж.Менің Отанымның рәміздері туралы бәрін білгім келеді».
Мектебімізде білім алушылар арасында мемлекеттік рәміздерге арналған танымдық викторина өткізілді.Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Гимны туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.
Викторина өте қызықты әрі тартысты өтті. Оқушылар белсенділік танытып, Отанымыздың рәміздері туралы білімдерін ортаға салды. Соңында барлығы бірге Гимн орындап, ерекше патриоттық көңіл-күй қалыптасты.
Көп сұраққа дұрыс жауап берген оқушы «Ең білімді» номинациясын иеленіп, марапатталды. Осындай танымдық іс-шаралар арқылы оқушылардың патриоттық сезімі артып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметі нығая түседі.
https://www.instagram.com/reel/DWobp9GClsa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
03.04.2026ж.«Адал Азамат» бағдарламасы аясында 4-сынып оқушылары арасында ұлы тұлға Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған тағылымды іс-шара өтті. Бұл шарада біз тек тарих беттерін еске алып қана қойған жоқпыз. Біз қазіргі тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушылардың бірі, ел болашағы үшін аянбай еңбек еткен дара тұлға туралы ой қозғадық.Әлихан Бөкейхан – ұлттың азаттығы мен өркендеуі жолында күрескен, халқының қамын ойлаған көреген көшбасшы. Оның өмірі мен қызметі – бүгінгі жас ұрпақ үшін үлкен өнеге.«Мен тірі болсам, қазаққа қызмет етуден таймаймын» деген сөзі әрқайсымыз үшін оқуымызда да, өмірімізде де басты ұстанымға айналуы тиіс. Осындай ұлы тұлғалардың мұрасын дәріптеу – біздің азаматтық парызымыз».
https://www.instagram.com/reel/DWqOB4jCUAI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» тақырыбында 7–10 сынып оқушыларымен мектеп инспекторы Камила Жанатқызының қатысуымен кездесу өтті. Іс-шара әлеуметтік педагог Төкішева А.Т. ұйымдастыруымен өтті.Оқушыларға заң алдындағы жауапкершілік түсіндіріліп, сұрақтарына жауап берілді.
https://www.instagram.com/p/DWrbResiqtA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
04.04.2026 ж. Жексенбілік топ тәрбиеленушілерімен «Сәлем саған, Наурыз!» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар Наурыз мерекесінің мәні мен маңызы, ұлттық салт-дәстүрлер туралы білімдерін толықтырды. Түрлі қызықты тапсырмалар орындап, ойындар ойнап, өз өнерлерін көрсетті.
Бұл шара балалардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, бірлік пен достыққа тәрбиелеуге бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DWtmRJYCsT9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
06.04.2026 жылы 3 және 4 сыныптар арасында «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» тақырыбында ата-аналарға арналған шеберлік сынып сағаты өтті.Мақсаты – ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызын түсіндіру, сондай-ақ оларды күнделікті өмірде қолданудың тиімді жолдарын көрсету.
Шара барысында ұлттық тәрбиенің негіздері, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлер мен ұстанымдар, сондай-ақ балалармен қарым-қатынас жасау тәсілдері талқыланды. Ата-аналарға ұлттық құндылықтарды бала тәрбиесіне енгізудің түрлі әдістері ұсынылды.Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасу арқылы бір-бірінен жаңа білім мен дағдылар алды. Ата-аналардың белсенді қатысуы мен қызығушылығы шараның нәтижелілігін арттырды.
Осылайша, шеберлік сынып ата-аналардың ұлттық құндылықтарды түсінуі мен оларды балаларымен бірге тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді.
https://www.instagram.com/p/DWybjC7Cl-A/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
06.04.2026 жылы 2 «А» сынып оқушылары арасында «Салауатты өмір салты – менің ұстанымым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, денсаулықтарын күтіп, нығайта білуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар денсаулықтың маңызы, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы мағлұмат алды.Салауатты өмір салты – әр адамның жарқын болашағының кепілі екені ерекше атап өтілді.
https://www.instagram.com/reel/DWydRbVCelq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
08.04.2026ж «№10 арнайы мектеп-интернаты» кітапханасында 8 «А» сыныбымен «Өміріңді өзгертетін кітаптар» тақырыбында танымдық әңгіме сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында кітап көрмесі таныстырылып, оқушыларға Абай, Ыбырай, Ахмет, Міржақып, Мағжан шығармаларының бүгінгі күнге дейінгі маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ білімге құштар тұлғалар – Абай, Ломоносов, Н.Островский кейіпкерлері мен Бауыржан Момышұлының ерлігі мен қайсарлығы үлгі ретінде айтылды.
Қазіргі заманға сай «Сенің алғашқы миллионың», «Супер қыз» сияқты кітаптар арқылы адалдық, еңбекқорлық және білімге ұмтылу құндылықтары насихатталды. Іс-шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытуға ықпал етті.
https://www.instagram.com/p/DW5mGmaCnGn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
10.04.2026ж.«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 2 «Б» сыныбында «Қызықты математика әлемінде» атты танымдық әрі тартымды тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар тек есеп шығарып қана қоймай, түрлі ойындар ойнап, ребустар шешіп, логикалық тапсырмаларды орындады және қалыптан тыс ойлауға дағдыланды. Әр бала өз белсенділігін көрсетіп, қызығушылықпен қатысып отырды.
Сабақтың атмосферасы өте көңілді, белсенді және достық қарым-қатынасқа толы болды. Оқушылар бір-бірімен пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Осындай сабақтар балаларға математиканың тек сандар мен есептерден ғана тұрмайтынын, оның – қызықты тапсырмаларға, ойындарға және жаңалықтарға толы ерекше әлем екенін түсінуге мүмкіндік береді.
Нәтижесінде, бұл тәрбие сағаты балалар үшін әрі пайдалы, әрі көңілді, шынайы қызықты өтті.
https://www.instagram.com/p/DW8BNjyCuN1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Смарт бала» жобасы бойынша орта буын сыныптары арасында “QR код арқылы білім алу” тақырыбында дефектолог Жакупбекова Г.Д мен Темирбаева М.Ж — ның ұйымдастыруымен тәрбие сағаты жүргізілді. Сабақтың басты мақсаты – QR код технологиясымен таныстыру және оны білім алуда тиімді пайдалана білуге үйрету. Тәрбие сағаты барысында, оқушылар QR кодты пайдалану арқылы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін тамашалап, биыл жылқы жылы болғандықтан, қасиетті жануар жайлы QR код арқылы толық мағлұмат алды. Сонымен қатар ұлттық музыкалық аспаптардың дауысын тыңдау арқылы тәрбие сағаты қорытындыланды.
https://www.instagram.com/reel/DW8BfMlCakw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында және «Қамқор» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру шеңберінде 10 сәуір күні 0 және 4 «Б» сынып оқушыларына «Қалдықтарды табысқа айналдырайық» атты іс-шара өткізілді.Аталған шара балалардың экологиялық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Қолжетімді әрі ойын түрінде ұйымдастырылған іс-шара барысында қатысушылар қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығымен танысып, қарапайым қалдықтарға екінші өмір сыйлаудың жолдарын үйренді.
https://www.instagram.com/p/DW8f8TrCqpf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бүгін мектебімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушылар мен ұстаздар мектеп ауласын тазалап, табиғатты қорғау – әр азаматтың міндеті екенін тағы бір дәлелдеді.
Тазалық – мәдениеттің белгісі. Табиғатты аялау арқылы біз болашақ ұрпаққа таза әрі көрікті Қазақстанды қалдырамыз.
https://www.instagram.com/p/DW8hAMICjmL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
11.04.2026 ж.Мектебіміздің педагогтері Қала күніне орай қоршаған ортаны абаттандыру мен қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты. Іс-шара барысында қалалық саябақ аумағының бір бөлігін тазарту жұмыстары жүргізілді.
Мұндай бастамалар қаламызды таза әрі көрікті етіп қана қоймай, әрбір азаматтың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін арттырады.
https://www.instagram.com/reel/DW-3pnvisKr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
13 сәуір 2026 жылы «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында жоғары сынып оқушылары арасында «Мамандықтар әлемі» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Бұл шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықтарын және оқу бағдарларын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі мен оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Тәрбие сағатында әртүрлі мамандықтардың маңыздылығы, талаптары мен мүмкіндіктері жайында ақпарат берілді.
Оқушылар мамандықтар туралы қызықты мәліметтермен танысып, өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықтарды таңдауға бағыт алды. Шара барысында мамандардың өмірлік тәжірибелерімен бөлісуі, оқушылардың сұрақтарына жауап беруі ұйымдастырылды.Нәтижесінде, оқушылар мамандық таңдаудағы жауапкершілікті сезініп, болашақта өздеріне лайықты жолды таңдау үшін қажетті ақпарат алды.
https://www.instagram.com/reel/DXEc7TeiXx1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2026 жылғы 17 сәуірде Қарағанды облысы білім басқармасының «№10 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті. Аталған іс-шара арнайы және жалпы білім беретін мектептердің педагогтарына арналды.
Семинардың тақырыбы: «Қамқор — мейірімділік пен қолдаудың мекені». Іс-шараның мақсаты – «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы «Қамқор» жобасын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісу, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәрбие жұмысындағы тиімді әдістерді насихаттау.
Семинар бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұрды. Ұйымдастыру бөлімінде қатысушылар тіркеліп, «Өнерлі өрге жүзер» атты сәндік-қолданбалы шығармашылық бұйымдарының көрмесі ұсынылды.
Пленарлық мәжілісте «Қамқор» жобасының мазмұны мен маңызы, оны білім беру үдерісінде жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, «ЖИ — педагогтың көмекшісі» тақырыбында инновациялық тәжірибе ұсынылды.
Панорамалық сабақтар мен шеберлік сағаттары барысында педагогтар түрлі бағыттағы тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, волонтерлік жұмыс, арнайы мамандардың түзете-дамыту қызметі, экологиялық тәрбие, гидропоника әдісі арқылы өсімдік өсіру, табиғатты зерттеу бағытындағы жобалар таныстырылды.
Коворкинг бөлімінде қатысушылар топтық жұмыс арқылы «Мейірімділік апталығының» жоспарын құрастырып, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, заманауи тәсіл – промпт үлгісін пайдалану арқылы жобалық жұмыстар әзірленді.
Аналитикалық-рефлексиялық бөлімде «Жастар» үгіт тобының жұмысы ұсынылып, «Таланттар әлемі» концерттік бағдарламасы көрсетілді. Іс-шара соңында қатысушылар рефлексия жасап, өз пікірлерімен бөлісті.
Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар үшін тәжірибелік маңызы зор алаң болды. Педагогтар өзара тәжірибе алмасып, тәрбие жұмысын жетілдіру бағытында жаңа идеялар алды.
Бұндай тағылымды шаралар — білім мен тәрбиені ұштастырып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы ұрпақ тәрбиелеудің берік негізі болмақ.https://www.instagram.com/reel/DXVp1vjCenu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
22.04.2026ж «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы аясында «Жасыл терезе» атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін және қоршаған ортаға ұқыпты қарым-қатынасын қалыптастыру, гүл отырғызу сияқты практикалық іс-әрекет арқылы жүзеге асыру.
Жұмыс барысында балалар қамқорлық пен жауапкершілікті үйренеді, өсімдіктердің өсуін бақылайды және табиғаттың сұлулығын сақтап, аялаудың қаншалықты маңызды екенін түсіне бастайды.
https://www.instagram.com/reel/DXYc2f6CSlF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
21.04.2026 ж. 1 «Б» сыныбында «Қоғамдық мүлікті қорға!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға қоғамдық мүліктің маңызын түсіндіру, оны күтіп ұстауға, қорғауға және ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушыларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері түсіндіріліп, мектеп мүлкін, кітаптарды, ойын алаңдарын және басқа да ортақ заттарды бүлдірмеу туралы әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар түрлі сұрақ-жауап, пікір алмасу және мысалдар арқылы балалардың тақырыпты түсіну деңгейі арттырылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті, қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау керектігін түсінді.
https://www.instagram.com/reel/DXZL4joCSBV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
22.04.2026ж. «Қалаға қажетті мамандықтар» тақырыбында қызықты әрі танымдық психологиялық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мамандықтар туралы түсінігін кеңейту, олардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.
Сабақ барысында оқушылар қала өміріне қажетті түрлі мамандықтармен танысып, олардың қоғамдағы маңызы туралы мәлімет алды.
Оқушылар өз армандаған мамандықтары туралы әңгімелеп, не себепті сол мамандықты таңдағандарын түсіндірді. Әртүрлі ойындар, тренингтік жаттығулар мен сұрақ-жауап арқылы балалардың белсенділігі артып, ойлау қабілеттері дамыды.
Жалпы, психологиялық сағат мазмұнды, қызықты өтіп, оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлады және олардың болашаққа деген сенімін арттыруға ықпал етті.
https://www.instagram.com/p/DXbGnBACnxK/?utm_source=ig_web_copy_link
22.04.2026 ж. «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы «Қамқор» әлеуметтік жобасы аясында «Құстарға ұя жасау» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу және құстарға көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Шара барысында қатысушылар құстарға арналған ұялар жасап, оларды мектеп ауласына және жақын маңдағы ағаштарға орналастырды. Оқушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы мағлұмат алып, өз еңбектерінің нәтижесін көріп, ерекше қызығушылық танытты.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.
https://www.instagram.com/reel/DXbHklQiWYP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
22.04.2026ж. Жұмысшы мамандықтары – ел тірегі!
Бүгін 0–6 сынып оқушылары арасында «Жұмысшы мамандықтары» тақырыбында бейнефильм көрсетіліп, балалар түрлі мамандықтармен танысты. Бейнефильм арқылы оқушылар еңбек адамдарының маңызын түсініп, әр мамандықтың қоғамдағы рөлі туралы ой қалыптастырды.
Кішкентай бүлдіршіндер қызығушылықпен қарап, өз ойларымен бөлісті. Мұндай іс-шаралар балалардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, еңбекке деген құрметті қалыптастырады.
https://www.instagram.com/reel/DXbraIziepa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23.04.2026ж. Бүгін мектебімізде «Табиғатқа қамқорлық» акциясы аясында ерекше әрі маңызды іс-шара өтті .Мектеп түлектері туған білім ордасына деген алғыстары мен құрметін білдіріп, ағаш отырғызу шарасына белсенді қатысты. Бұл — тек табиғатты қорғау ғана емес, болашақ ұрпаққа қалдырылған жасыл мұра .Әр отырғызылған көшет – өмірге деген сүйіспеншіліктің, туған жерге деген қамқорлықтың белгісі .Осындай игі істер арқылы біз табиғатты аялауды, қоршаған ортаны қорғауды насихаттаймыз!
https://www.instagram.com/reel/DXe0J6Rim_M/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23.04.2026 ж.Мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына», «Құндылықтар – отбасы бақытының негізі» тақырыптарында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың басты мақсаты – отбасыдағы ұлттық және рухани құндылықтардың маңызын арттыру, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін күшейту болды.
Іс-шара барысында:
– отбасы құндылықтары туралы мазмұнды баяндама жасалды;
– ата-аналармен пікір алмасу ұйымдастырылды;
– тәрбиелік мәні бар жағдаяттар талқыланды;
– топтық жұмыстар мен тренинг элементтері жүргізілді.
Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, отбасы тәрбиесіндегі тәжірибелерімен алмасты. Жиналыс жылы әрі ашық форматта өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
https://www.instagram.com/reel/DXgpEgIib2k/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
24.04.2026ж.Мектеп асханасындағы тағам сапасы — қатаң бақылауда!
Бүгін біздің мектепте бракераждық комиссияның кезекті тексерісі өтті. Комиссия мүшелері оқушылардың ас мәзірі мен тағам дайындау сапасын мұқият тексерді.
Тексеріс барысында келесі талаптар қаралды:
✅ Тағамдардың бекітілген ас мәзіріне сәйкестігі;
✅ Өнімдердің балғындығы мен сақтау мерзімі;
✅ Асхананың санитарлық жағдайы мен тазалығы;
✅ Дайын асқа бракераждық баға беру (дәмі, түсі, хош иісі).
Комиссия қорытындысы бойынша: тағамдар барлық нормаларға сай, балаларға арналған мәзір құнарлы әрі дәмді. Біздің басты мақсатымыз — әрбір оқушының денсаулығы мен дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету!
https://www.instagram.com/p/DXgpVyVCg2n/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
25.04.2026ж.Бүгін сәуір және мамыр айларында дүниеге келген балалардың туған күн кеші ерекше көңіл-күймен аталып өтті. Мереке барысында балалар қызықты ойындар ойнап, ән айтып, би биледі. Туған күн иелеріне жылы лебіздер мен ақ тілектер айтылып, сыйлықтар табысталды. Балалардың жүзінен қуаныш пен шаттық көрініп, кеш көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Бұл мереке барша балаларға ұмытылмас әсер сыйлады.
https://www.instagram.com/reel/DXhPeIsCmfD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
04.05.2026 жылы 5–6 «А» сынып оқушыларымен мұражайға саяхат ұйымдастырылды. Саяхаттың мақсаты – 9 мамыр – Жеңіс күніне орай оқушыларды Ұлы Отан соғысы кезеңімен, батырлардың ерлік істерімен таныстыру, олардың тарихи танымын кеңейту және ой-өрісін дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар мұражай экспозицияларымен танысып, соғыс жылдарындағы тарихи деректер мен батырлардың ерлігі туралы құнды мәліметтер алды. Сонымен қатар, ел қорғаған қаһармандардың өмір жолы мен ерліктері жайлы әңгімелер тыңдап, өз ойларын ортаға салды.Бұл танымдық саяхат оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етті.
https://www.instagram.com/p/DX8TlFOiryP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
04.05.2026 ж. «Шабыт» жобасы аясында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, әскери тәртіпке баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту.
Фестиваль барысында саптық жиын ұйымдастырылып, оқушылар сапқа тұру, саптық жүріс, бұйрықтарды нақты әрі үйлесімді орындау дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар, қатысушылардың тәртіптілігі, ұйымшылдығы, бір-бірімен үйлесімді әрекет етуі ерекше байқалды.
Іс-шара барысында әскери-патриоттық бағыттағы түрлі тапсырмалар мен көрсетілімдер ұсынылып, оқушылар белсенділік танытты. Фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың әскери-патриоттық қызығушылығын арттырды.Ұйымдастырушы дефектолог мұғалімдері:Бакиров Е.А,Усумбеков К.А.
https://www.instagram.com/reel/DX8WT1IJ-xT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
05.05.2026 ж. Жеңіс күніне орай 1-10 оқушылары арасында суреттер байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында білім алушылар Ұлы Жеңістің тарихи маңызын бейнелейтін шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
https://www.instagram.com/reel/DX8iBREpFV2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
04.05 күні мектебімізде 5–10 сынып оқушылары арасында «Әскери сахналанған әндер» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және Ұлы Жеңіс батырларын құрметтеу.
Әр сынып соғыс жылдарындағы әндерді ерекше сахналық қойылыммен орындап, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Оқушылар әскери киім үлгілерін киіп, ән арқылы сол кезеңнің рухын сезіндіре білді.Байқау барысында патриоттық әндер шырқалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
https://www.instagram.com/reel/DYDN87YKTEl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
08.05.2026ж. күні 9 мамыр мерекесіне орай мектебімізде «Жеңіс рухы – ұрпаққа үлгі» атты саптық жиын өтті.
Іс-шара барысында оқушылар әскери тәртіп пен патриоттық рухты көрсетіп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Жиын барысында Ұлы Жеңіс батырлары еске алынып, ерлік пен елдік рухы дәріптелді.
https://www.instagram.com/reel/DYEWlBQKxZA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебіміздің тәрбиеленушілері сіздерді шын жүректен Аналар күнімен құттықтайды!
Олар жүрекжарды алғыстарын білдіріп:
«Рахмет, анашым, махаббатыңыз бен қамқорлығыңыз үшін» — дейді.
Әр бала үшін ана — ең жақын, ең қымбат жан.
Бүгін бұл сөздер ерекше жылылықпен айтылады .
Сіздер — мейірімнің, қамқорлықтың және шексіз сүйіспеншіліктің қайнар көзісіздер.
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DYIVMrCK44a/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
11.05.2026 жылы педагог Нұрмағамбетова Динара Ахатовна Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар ұлы қазақ композиторының өмірі мен шығармашылығымен танысып, ұлттық музыкаларды тыңдап, ойындар ойнап, шығармашылық тапсырмалар орындады.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балалардың Қазақстанның мәдениеті мен музыкалық мұрасына деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DYOXcIap2fq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Өнегелі-15 минут»
https://www.instagram.com/reel/DYO5BiZJ9t8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
13.05.2026 ж. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 7 «А» және 8 «А» сынып оқушыларымен «Үнемді тұтыну: су, тамақ және энергияны пайдалану» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды табиғи ресурстарды тиімді әрі үнемді пайдалануға баулу, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру және күнделікті өмірде жауапты тұтыну дағдыларын дамыту.
Шара барысында оқушыларға су, электр энергиясы және азық-түлік ресурстарының маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар артық тұтынудың қоршаған ортаға тигізетін зияны, энергияны үнемдеу жолдары, суды тиімді пайдалану және тағам қалдықтарының алдын алу туралы ақпараттар берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, үнемділікке байланысты жағдаяттарды талқылап, сұрақ-жауап және топтық тапсырмалар арқылы белсенділік танытты.
Іс-шара соңында білім алушылар табиғи байлықтарды сақтау – әр адамның азаматтық міндеті екенін түсініп, үнемді тұтынудың маңыздылығы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Тәрбие сағаты оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілік сезімін арттыруға оң әсерін тигізді.
https://www.instagram.com/reel/DYRIVDrp_L2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
15.05.2026ж. Бастауышпен қоштасу кеші .
Мектебімізде 4”А”, “В”-сынып оқушыларының бастауышпен қоштасу кеші жоғары деңгейде өтті.
Төрт жыл бойы білім нәрімен сусындаған шәкірттеріміз алғашқы ұстаздарымен қимай қоштасып, орта буынға қадам басты.
Кеш барысында оқушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздары мен ата-аналарына алғыстарын білдірді.
Бұл — әр баланың жүрегінде сақталатын ерекше әрі әсерлі сәттердің бірі болды.
https://www.instagram.com/reel/DYdrBwSq3Ul/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
19.05. күні мұғалім — дефектолог Каукербекова Ж.Ж. «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында оқушылардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігін сақтау мақсатында “Жазғы қауіпсіздік ережелері” тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға:
☀️ күн астындағы қауіпсіздік,
🌊 судағы қауіпсіздік,
🌿 табиғаттағы сақтық шаралары,
🔥 өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Мақсаты — балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Қауіпсіз жаз — бақытты демалыс кепілі!
https://www.instagram.com/p/DYgqn2ICtlE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ата-аналармен бірлескен жалпы жиналыс
19.05.2026 ж. Ата-аналармен және қамқоршылар кеңесінің бірлескен ЗУМ желісі арқылы жалпы жиналыс ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыстың мақсаты – оқу жылының қорытындысын шығару, ата-аналарды маңызды мәселелермен таныстыру және алдағы кезеңге ұсыныстар беру.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 2025–2026 оқу жылы жұмыстарының қорытындысы. Есептілік және қорытынды.
Баяндамашы: директордың м.а. О.К. Садвокасова.
Баяндама барысында оқу жылы ішінде атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалып, білім сапасы, тәрбие жұмыстары, жетістіктер мен алдағы міндеттер туралы ақпарат берілді.
2. «Жазғы демалыс қауіпсіздігі».
Баяндамашы:ДТІЖО Г.Д.Тастанбекова
Ата-аналарға жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік ережелерін сақтау, су айдындарындағы қауіпсіздік, интернет қауіпсіздігі және құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары түсіндірілді.
3. «Сүйіспеншілік – сыйластық кілті» (АПҚО).
Баяндамашы: А.М.Кенжебаева
Бұл тақырып аясында отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік, сыйластық пен мейірімді қарым-қатынастың маңызы кеңінен сөз етілді.
Жиналыс барысында ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтып, қойылған сұрақтарға жауап алды. Жалпы жиналыс мазмұнды әрі нәтижелі өтті.
https://www.instagram.com/p/DYgsFZ0Ckgq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
19.05.2026ж. «Сақтайық жасыл планетаны» челленджі.
«Қамқор» жобасы аясында бүгін табиғатты қорғауға бағытталған игі іс-шара өтті. Қатысушылар гүл отырғызып, талдарды суарып, қоршаған ортаға қамқорлық танытты.
Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі. Әрбір отырғызылған гүл – жерге деген сүйіспеншіліктің белгісі .
Бірге табиғатты аялап, жасыл әлемді көбейтейік!
https://www.instagram.com/reel/DYg6sWoJSmg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында кешкі топ оқушыларымен «Шебер қолдар» атты үйірме жұмысы өткізілді. Үйірме барысында оқушылар түрлі шығармашылық жұмыстармен айналысып, жоспарға сәйкес тапсырмаларды орындады. Балалар белсенді қатысып, өздерінің қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Іс-шара барысында оқушылар ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиеленді. Әрбір бала өз жұмысын қызығушылықпен орындап, жасаған бұйымдарын таныстырып, өзара пікір алмасты. Үйірме жұмысы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық белсенділіктерін дамытуға ықпал етті.
https://www.instagram.com/p/DYjpfhgCgXR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Педагог-логопедтер Рафикова О.Ю. мен Абильдина А.И.-нің қорытынды логопедиялық жұмысы аясында «Сиқырлы дыбыстар» атты түзете-дамыту ойын-сауық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың сөйлеу дағдыларын бекіту, фонематикалық есту қабілетін, артикуляциялық моториканы, коммуникативтік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ ойын әрекеті арқылы балалардың логопедиялық сабақтарға деген қызығушылығын арттыру болды.
https://www.instagram.com/reel/DYl6yYsJ16y/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
21.05.2026 ж. жоғары сынып оқушылары арасында армрестлинг бойынша жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың негізгі мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, күш-жігерін шыңдау және достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептіліктері мен күштерін көрсетіп, белсенділік танытты. Әр сыныптан қатысқан оқушылар жарыс ережесін сақтай отырып, әділ бақ сынасты. Ойын тартысты әрі қызықты өтті.
Іс-шара соңында үздік өнер көрсеткен оқушылар анықталып, марапатталды. Жарыс оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, спортқа деген қызығушылықтарын арттыра түсті.
https://www.instagram.com/p/DYl-OwliiJl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
25.05.2026 ж.«Соңғы қоңырау» мерекелік желісі аясында «Білімім – Отаныма!» атты салтанатты мерекелік шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – 2025–2026 оқу жылын қорытындылау, түлектерге ақ жол тілеу, оқушылардың білімге деген құрметін арттыру және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру болды.
Мерекелік шара барысында мектеп директоры, ұстаздар мен ата-аналар құттықтау сөз сөйлеп, оқу жылы бойынша жетістікке жеткен оқушылар марапатталды. Түлектер өздерінің жүрекжарды алғыстарын білдіріп, мектеппен қоштасу сәттерін әсерлі түрде жеткізді. Сонымен қатар, ән-шашу, көркем сөздер мен би биленіп, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
«Соңғы қоңырау» салтанаты оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мектеп өміріндегі ұмытылмас естелікке айналды.
https://www.instagram.com/reel/DYwGs5sp1cD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
25.05.2026 ж. сынып тәрбиешілері «Білімім – Отаныма!» атты бірыңғай сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында оқушылар білімнің адам өміріндегі маңызы, ел дамуына қосар үлесі туралы ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, танымдық сұрақ-жауаптар, тәрбиелік әңгімелер ұйымдастырылып, оқушылар Отан, білім және болашақ тақырыптарында өлеңдер оқып, шығармашылық жұмыстарын ұсынды,жазғы қауіпсіздік туралы ескертулер айтылды.
Сынып сағаты оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың білімге ұмтылысын арттырып, туған елге деген құрмет сезімін нығайтты.
https://www.instagram.com/p/DYwHw1RChQG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде білім алушылардың азаматтық ұстанымы, патриоттық сезімі, құқықтық сауаттылығы, тәртіп мәдениеті және әлеуметтік жауапкершілігі арта түсті. Оқушылардың мектепішілік, аудандық іс-шараларға қатысу белсенділігі жоғарылады. Қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау мәдениеті, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дағдылары нығая түсті.
Жалпы алғанда, 2025–2026 оқу жылындағы тәрбие жұмыстары жоспарлы түрде орындалып, қойылған мақсат-міндеттер жүзеге асырылды. Алдағы оқу жылында тәрбие жұмысы жүйелілік, сабақтастық және нәтижелілік қағидаттары негізінде жалғасын табатын болады.
Мектептің тәрбие жұмысына бойынша «SWOT» талдау
| Күшті жақтары
1. Мектептің тәрбие қызметі үш салада жүзеге асады: оқыту барысында, сабақтан тыс, мектептен тыс қызметте. 2.1 тоқсан бойынша сынып сағаттарының жүйелі болуы. 3.Қауіпсіздік сабақтарының 10 минутқа кіріктілуі. 4. Апта дәйек сөздерінің іске асырылуы. 5.Мерекелік іс-шаралардың ұйымдастырылу жұмыстары тиянақты жұмыс атқаруы. 6.Тәрбие жоспарына сәйкес іс-шаралардың өткізілуі. 7. «Балалар кітапханасы жобасы» 8. «Медиа» жобалар жұмысы 9. Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы 10. «Досболайық» жобасы
|
Әлсіз жақтары
1.Жоба жұмыстарының әлсіздігі. 2. Әлеуметтік көмек көрсетуші демеушілердің тапшылығы 3. Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы атап айтсақ — апталыққа — шебер сыныптарға — тәрбие сағаттарына — мерекелік іс-шараға
|
| Мүмкіндіктер
1.Мектебімізде өзін-өзі басқару, мектеп парламент ұйымдарының құрылып, тиянақты жұмыс атқаруы. 2.Мектебіміздегі білім алушылардың отбасы тұрақтылығы, әлеуметтік жағдайының жақсаруы. 4. Оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу, өзін-өзі таныту, дамыту үшін қолайлы жағдай. 5.Сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігінің артуы.
|
Қауіпті
1.Ғаламтор желісінен келетін қауіптер. 2.Көпшілік оқушылардың бойындағы енжарлық, ұялы телефонға тәуелділік 3.Сынып жетекші мен ата-ана тарапынан қадағалаудың жоқтығы. 4.Кибербуллинг пен буллингтің алдын алу
|
Дайындаған: ДТІЖО Тастанбекова Г.Д.